Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Сайлау заңнамасында қандай өзгеріс бар?

Сайлау заңнамасында қандай өзгеріс бар?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Кеңес отырысын ашқан ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Конституцияға енгізілген өзгерістер еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде жаңа кезеңнің басталуына негіз болғанын атап өтті.

– Конституциялық реформа аясында 1 шілдеде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған Құрылтай депутаттарын сайлау науқаны басталды. Сол күні біз Орталық сайлау комиссиясының алғашқы отырысын өткізіп, негізгі электоралдық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіттік. Орталық сайлау комиссиясы үшін басты міндет – ұйымдастырушылық іс-шаралардың ауқымды кешенін тиімді әрі уақтылы іске асыру. Өйткені олардың орындалуы жалпы сайлау үдерісінің сапасына тікелей әсер етеді, – деді төраға.

Нұрлан Әбдіров Конституция жобасын әзірлеу жұмысына Сараптамалық кеңес мүшелерінің белсенді қатысқанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ ол қазіргі таңда бірқатар кеңес мүшелері сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс топтарының және ғылыми-сараптамалық кеңестердің құрамында еңбек етіп жатқанын айтты.

Жиында Сараптамалық кеңестің мүшелері Ермек Әбдірасұлов, Исидор Борчашвили, Индира Әубәкірова, Марат Қоғамов, Снежанна Имашева сөз сөйледі. Сарапшылар жаңа конституциялық жағдайдағы сайлау құқығын дамыту мәселелерін, Құрылтай депутаттарының сайлауын өткізу ерекшеліктерін, сайлау алдындағы үгітті құқықтық реттеуді, азаматтардың сайлау құқықтарын іске асыру кепілдіктерін кеңейтуді, сондай-ақ сайлауды қаржыландыру тетіктерін жетілдіру мәселелерін қарастырды.

– Бұған дейінгі сайлау үдерісінде негізгі назар жеке үміткерге аударылып келсе, енді саяси партияның орны айқындала түседі. Өйткені осы сайлауда халық идеяларға, құндылықтарға, оны жүзеге асыра алатын командаға таңдау жасайды. Әр үміткер – партияның бет-бейнесі. Сондықтан бір депутаттың жіберген ағаттығы бүкіл партияның қатесі ретінде қабылданады. Жауапкершілік жүгі артады. Яғни партия өз командасы үшін тек сайлау өткен күні емес, өкілеттік мерзімі бойы жауап береді. Егер депутат қандай да бір себеппен мандатынан айырылса, оның орнына партиялық тізімдегі келесі үміткер келеді. Осылайша, сайлаушылардың таңдауы сақталады, – деді И.Әубәкірова.

Ал С.Имашева енгізілген өзгерістердің бір бөлігі сайлау үдерісінде кездескен тәжірибелік мәселелерді шешуге бағытталғанын жеткізді. Оның айтуынша, сот шешімімен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны анықталған азаматтардың сайлау комиссиясының мүшесі болуына жол берілмейді.

– Одан бөлек, заңнамада сайлау науқанын қаржыландыру тетіктеріне қатысты талаптар күшейтілді. Саяси партиялар мен үміткерлер үгіт-насихат жұмысын тек заңда көзделген қаржыландыру тетіктері арқылы жүргізуге тиіс. Сайлау қорынан тыс қаражатты пайдалануға жол берілмейді. Бұл сайлау үдерісінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды өзгерістердің бірі, – деді ол.

Талқылау барысында саяси ғылымдар кандидаты Ғалым Шойкин партиялар жанынан ғылыми-сараптамалық орталықтар құруды, түрлі сала мамандарын тартуды ұсынды.

– Олар сапалы бағдарламалар әзірлеп, ұйымның сараптамалық әлеуетін күшейтеді. Бастысы – қоғамның нақты сұранысына жауап беретін тиімді ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді. Одан бөлек, партия мүшелері құқықтық білім алып, заң шығару қызметінің ерекшеліктерін, қоғамдық коммуникацияны, саяси мәдениетті, халықпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруі қажет. Себебі партиялық тізімге енгізілетін әрбір үміткердің кәсіби дайындығы мен жеке қасиеттері сайлаушылардың сеніміне тікелей әсер етеді, – деді ол.

Жаңа саяси реформалардың табысты жүзеге асуы ең алдымен азаматтардың саяси-құқықтық сауаттылығына байланысты. Осы орайда М.Қоғамов халыққа мемлекеттік басқару жүйесі, сайлау рәсімдері, азаматтардың құқықтары мен міндеттері туралы тұрақты түрде түсіндіру жұмысын жүргізу қажет екенін атап өтті.

– Партиялар ұрандармен шектелмей, нақты орындалатын міндеттер мен нәтижеге бағытталған бағдарламалар ұсынуы қажет. Бұл сайлаушылардың партия қызметіне объективті баға беруіне мүмкіндік береді. Жалпы, жүргізіліп жатқан саяси және конституциялық реформалардың түпкі мақсаты – құқық үстемдігін нығайту, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыру, азаматтардың мемлекетке деген сенімін күшейту, – деді спикер.

Күн тәртібіндегі жекелеген мәселелер бойынша Орталық сайлау комиссиясының мүшелері Әсел Жанабілова, Ләззат Сүйіндік пен Михаил Бортник пікір білдірді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:116
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 09:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see141

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see139

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары