Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Алатау қаласына 2 жыл: болашақ мегаполисте қандай өзгеріс бар

Алатау қаласына 2 жыл: болашақ мегаполисте қандай өзгеріс бар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

2024 жылдың қаңтар айында Мемлекет басшысының қаулысымен Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылы облыстық маңызы бар қала санатына жатқызылып, атауы Алатау қаласы болып өзгертілді.

Ал 2025 жылдың қыркүйек айында Президент Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Alatau City аймақтағы толық цифрланған алғашқы қалаға айналуға тиіс.

Фото: Алатау әкімдігі

Алатау әкімдігінің мәліметінше, қала құрылмас бұрын 2024 жылдың 1 қаңтарында мұнда халық саны 52 086 адам болған. 2025 жылдың 1 желтоқсанындағы мәлімет бойынша тұрғындары саны артып, 54 747 адамға жеткен.

Қала халқының басым бөлігі 36-60 жас аралығындағы азаматтар — 17 143 адам. Балалар мен жасөспірімдер екінші орында, 0-17 жас аралығында 15 972 адам бар.

18-35 жас аралығындағы жастар саны — 11 908, ал 60-тан асқан адамдардың саны — 6 918.

Жаңа әлеуметтік нысандар

Қала атауын алғанымен, бұрынғы ауылдардан құралған шаһарда жаңадан ашылған әлеуметтік нысандар көп емес. Алатау әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылы Еңбек шағынауданында 600 орындық «Келешек мектебі» ашылған.

Фото: Алатау әкімдігі

Ал 2025 жылы осы шағын ауданда 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт пайдалануға берілді.

Одан бөлек Жаңа арна шағынауданында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталған.

Қазір нысанды пайдалануға беру үшін қабылдау-тапсыру актісін рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

— Биыл ақпан айында Қоянқұс шағынауданында 900 орынға арналған «Келешек мектебін» пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2026 жылы Жетіген шағынауданында мәдениет үйін, Заречныйда денешынықтыру және сауықтыру орталығын, Қоянқұс ықшамауданында спорт зал құрылысын бастау жоспарланған, — деп хабарлады әкімдіктен.

Фото: Алатау әкімдігі

Инвестициялық жобалар

Алатау қаласының басшылығы 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3 еседей өскенін мәлімдеді.

— Негізгі капиталға салынған инвестиция көрсеткіші 2024 жылы 37,1 млрд теңге болса, 2025 жылы 120 млрд теңгеге жетті. Оның 80 пайызы жеке инвестиция есебінен, — деп атап өтті әкімдіктен.

Бүгінгі күні қала аумағында жалпы құны 500 млрд теңге болатын 17 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Фото: Алатау әкімдігі

Оның бірі — инвестиция көлемі 10 млрд теңге болатын индустриялық парктің екінші кезеңін іске қосу болса, тағы бірі — 73,3 млрд теңге көлеміндегі көлік-логистика орталығын салу. Бұл туралы QAZAQ INVEST 2025 халықаралық форумында Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев айтқан еді.

Жаңа аудандардағы инженерлік желілер

Қала әкімдігі былтыр қолданыстағы елді мекендерде 43,2 км электр энергия желілері тартылып, 11 трансформаторлық қосалқы станция жаңартылғанын хабарлады. Сондай-ақ 12 км су құбыры тартылып, 16 км кәріз желілерінің апаттық бөлігі жөнделген.

43,5 км жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары, 13,5 км жолға жергілікті учаскелерді асфальттау жұмыстары жүргізілген. Дәулет ықшамауданына газ желілері тартылған.

Ал цифрлық қаланың жаңадан салынатын аудандарында инженерлік желілерді жүргізу жұмыстары әлі басталмаған. Қазір бұл жұмыс жобалау сатысында.

Фото: Алатау әкімдігі

— Қазіргі уақытта жаңадан салынатын аудандарға Алатау қаласы бойынша инженерлік-инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша жол картасы бекітілді. Қазіргі уақытта бірінші кезектегі инженерлік-инфрақұрылымдық нысандарды жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген әкімдік жауабында.

Фото: Алатау әкімдігі

Еске салайық, былтыр Алатау қаласының даму жоспары таныстырылған болатын. Ол бойынша мегаполис 4 ауданға бөлінеді:

— Gate District ауданы — қаржы-іскерлік және халықаралық сауда орталығына айналады. Ол Өтеген батыр, Покровка, Қоянқұс, Ынтымақ және Жаңалық елді мекендерінің ортасында орналасады

— Golden District ауданы — ең үздік білім беру жүйесі бар, заманауи медицинаның орталық болмақ. Аумағы 15 мың гектардан асатын бұл аудан Кіші Алматы мен Қаскелең өзендері арасындағы жолдың бойына орналасады.

— Growing District ауданы — ғылыми-өндірістік орталық және Қазақстанды Қытай мен Ресеймен байланыстыратын ірі көлік торабына айналады. Алматы — Қапшағай тасжолы мен Жетіген — Қазыбек теміржолының бойында орналасады.

— Green District ауданы — туризм, экология және демалыс ауданы. Мұнда казино орталығы, табиғи аймақтар мен белсенді демалыс инфрақұрылымы біріктіріледі. Ол Қапшағай су қоймасы мен Қаскелең өзенінің жағалауында, Қонаев қаласының жанында 31 мың гектардан астам аумақты қамтиды.

Фото: Алатау әкімдігі

Жаңа қаланың болашағы мен бүгінгі келбеті туралы толығырақ осы сілтемеден оқи аласыздар. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:288
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 08:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see134

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see134

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see132

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see128

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see128

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see128

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see126

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see125

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see124

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see124

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see122

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see122

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see121

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see121

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see120

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see119

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see119

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see119

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары