Тоқаев Моңғолия президентін Ақордада қарсы алды
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсүхті салтанатты түрде қарсы алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Салтанатты шара кезінде екі елдің басшысы алдымен бір-біріне өз делегацияларын таныстырды. Ал құрметті қарауыл сап түзегеннен кейін Моңғолия мен Қазақстан әнұрандары шырқалды.
Ақордада алдымен шағын құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда келіссөздер өтеді. Одан кейін екі елдің басшысы бірлескен мәлімдеме жасайды. Келіссөздерден кейін бірқатар құжатқа қол қойылады.
Айта кетері, Моңғолия басшысы мемлекеттік сапармен келді. Бұл – кейінгі 20 жылдағы Моңғолия басшысының Қазақстанға жасап отырған алғашқы мемлекеттік сапары. Ухнаагийн Хурэлсух Астанаға 2019 жылы келіп кеткен. Бірақ сол кезде ол Моңғолияның премьер-министрі болған.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:17
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 11:14 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















