Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда Байқоңыр метро станциясы уақытша жабылады

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қазақ оман бизнес форумында сөз сөйледі

Тоқаев қазақ оман бизнес форумында сөз сөйледі

Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Оман сұлтаны Хайсам бен Тариқ Әл Саидтың елімізге мемлекеттік сапары аясында қазақ-оман бизнес форумы өтті. Жиынға екі елдің жетекші компаниялары мен іскерлік топ өкілдері қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаев форумда сөйлеген сөзінде өзара сенім мен түсіністік сипатында өткен жоғары деңгейдегі келіссөздердің ашық, объективті әрі шын мәнінде мазмұнды болғанын айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Оман арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды ілгерілету үшін тиісті келісімшарт-құқық базасы мен институттық негіздерді күшейту қажет екенін алға тартты. Президент бұл ретте Инвестицияларды көтермелеу туралы келісімнің маңызына тоқталды. Аталған уағдаластық аясында жобаларды іске асыратын инвесторлар анағұрлым түсінікті, ашық әрі сенімді шарттармен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ екі елдің іскерлік топтары арасындағы тікелей байланыстарды дамытуға айрықша мән берілді.

"Қазақстан-Оман іскерлік кеңесі бизнес өкілдері бір-бірімен белсенді араласатын алаң болатынына сенімдімін", – деді Президент.

Мемлекет басшысының пайымдауынша, тиімді қаржылық тетіктер Қазақстан мен Оманның ортақ мақсаттарын қуаттай түседі.

"Біз "Самұрық-Қазына" АҚ мен Оман инвестициялық басқармасы арасындағы бірлескен инвестициялық құрылымды іске қосу туралы келісімге қол қойылуын құптаймыз. Бұл маңызды бастама қаржылық мүмкіндіктерді біріктіріп, қосымша инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ біз Оманның жақында құрылған Халықаралық қаржы орталығымен ынтымақтастықты жолға қоюға болады деп санаймыз. Екі ел қаржы институттарының бір-бірімен тікелей байланыс орнатуы инвестициялық мүмкіндіктерге жол ашады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың негізгі салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру тәжірибесіне егжей-тегжейлі тоқталды.

"Энергетика және тау-кен өнеркәсібіндегі көпжылдық табысты серіктестігіміз оң нәтижесін бере бастады. Біз мұны мақтан тұтамыз. Өмірлік маңызы бар осы салаларда әлеуетімізді біріктіру екі елдің игілігіне қызмет ететін бірлескен жаңа кәсіпорындардың пайда болуына септігін тигізеді", – деді Мемлекет басшысы.


Президент көлік-логистика саласында ынтымақтастық әлеуеті зор екенін айтты.

"Біз Оманды көлік-логистика саласындағы маңызды серіктес ретінде қарастырамыз. Өйткені, бұл – стратегиялық тұрғыдан ұтымды орналасқан, порт инфрақұрылымы ілгері, Таяу Шығыс пен Африка нарықтарына шығатын жолы бар ел. Ал Қазақстан – табиғи ресурсы мол, өндіріс базасы дамыған, Азия мен Еуропа арасындағы көлік бағдарларында стратегиялық рөл атқаратын әрі көлік байланысын өркендету жөнінде нақты жоспарға ие мемлекет", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға үндеді.

"Еліміздің жазиралы даласында ауыл шаруашылығымен айналысуға мол мүмкіндік бар. Сондықтан бүкіл Шығанақ аймағының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде сенімді серіктес бола аламыз", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөз соңында қазіргі уақытта саяси деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты іске ұластыру және экономикалық байланыстарды қазақ-оман серіктестігінің тірегіне айналдыру басты міндет екенін айтты.

"Қазақстан мен Оман кәсіпкерлерін серіктестік байланыс орнату, келешегі зор жобаларды пысықтау және инвестиция ауқымын кеңейту мақсатында Іскерлік кеңес мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануға шақырамын. Іскер топтар белсенді үлес қосса, экономикалық әріптестігіміз жаңа деңгейге көтерілетіні анық", – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ форумда АХҚО басқарушысы Ренат Бектұров, "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов және Oman Investment Authority президенті Абдулсалам бен Мұхаммед Әл-Муршиди сөз сөйледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:42
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қазан 2026 18:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда Байқоңыр метро станциясы уақытша жабылады

04 Қазан 2026 21:46see141

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see133

Барыс соңғы секундтарда есепті теңестіріп, Спартакты жеңді

04 Қазан 2026 22:31see133

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see132

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see131

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see131

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see131

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see129

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see128

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see122

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see122

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see120

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see117

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see117

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see117

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see116

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see116

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see115

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see114

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары