Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Тоқыма өндірісі тоқыраудан шыға бастады

Тоқыма өндірісі тоқыраудан шыға бастады

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ілгеріде мақта өндірісін дамытуға қажетті деңгейде мән берілмеуі салдарынан өңдейтін өндіріс ошақтары қалыптаспағаны, «ақ алтын» өсіретін бірден-бір өңір – Түркістан облысындағы өзекті мәселелерді сараптап, газетімізге «Тоқыма өнеркәсібі тоқыраудан қашан шығады?» тақырыбында мақала жазған едік. Сол сараптамада зауыттардың дені тек мақта талшығын өңдеп сатумен ғана айналысатыны туралы жазылған болатын.

«Egemen Qazaqstan» газетін­де жа­рық көрген мақаламыз­да жи­нал­ған мақтаны өңдеп, жіпке, ма­таға айналдырып, одан киім-кешек өндіретін деңгейге жете ал­май отыр­ғанымыз­­дың себе­бін сарап­тадық, ма­ман­дар­дың пікір-ұсыныстарын келтірдік. Көршілес Өзбекстан бұл жағынан бізден көш ілгері екенін, олардың халық­ара­лық нарыққа көп жалтақ­тамай­тынын жеткіздік. Арада біраз уақыт өткенде бұл бағытта оң өз­герістер байқала бастады. Соның бір көрінісі – жаңа өн­діріс орындарының ашылуы.

Жуырда Отырар ауданына қарасты Қарақоңыр ауылдық округінде орналасқан «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» жауапкершілігі шектеулі серіктес­тігінің заманауи мақта өңдеу зауыты пайдалануға беріліп, 279 адам тұрақты жұмыспен қамтыл­ды. Яғни тоқыма өнеркәсібі тоқы­раудан шыға бастады десек, қате­леспеспіз.

Ауыл шаруашылығы мен оны терең өңдеу – экономиканы дамытудың басты бағыттарының бірі саналатын облыста іске қосыл­ған зауыт, ірі әрі маңызды жоба. Мамандар кәсіпорын заманауи технологияларды пайдалана отырып, мақта шаруашылығын жаңа деңгейге көтеретінін айтады.

«Түркістан мақта агроөнер­кә­сіптік кешені» ЖШС былтыр Отырар ауданы мен Арыс қаласы аумағында 32 мың гектар жерге тамшылатып суару әдісімен мақта дақылын егіп, әр гектардан орта есеппен 50–60 центнерден өнім алған болатын. Жоба аясында екі бірдей мақта өңдеу зауыты салынып жатыр. Жалпы құны 21,1 млрд теңге болатын бұл өндіріс орындары жылына 180 мың тонна шитті мақтаны өңдеуге мүмкіндік береді. Бүгінде 120 мың тонна шитті мақта жиналып, оның 30 мың тоннасы таза мақта ретінде өңделді. Отырар ауданында және облыста толыққанды мақта кластерін қалыптастыру, шикізатты терең өңдеп, қосымша құны жоғары өнім шығару басты мақсат ретінде аталып отыр.

Пайдалануға берілген мақта агроөнеркәсіп кешенінде жасанды интеллект жүйесі енгізілген. Ақылды басқару орталығында жасанды интеллект арқылы басқару, бақылау, реттеу жұмыстары жүзеге асады. Егіс алқабы, зауыттар түгел бақыланып отырады. Су, мақтаның өсу барысы, жердің ылғалдылығын да қадағалау жүйе­сі енгізіліп жатыр. Сондай-ақ жұ­мыс­шыларға қолайлы жағдай жасалған. Яғни 700-ге жуық жұмысшыға арналған жатақхана, асханалары бар. Компания 280 метрден ауызсу тартып, күніне 4 мың жұмысшыға жететін су шығарылады. Зауыттың 20 мың өңделген мақта сақтайтын алып қоймасы бар. Мұнда өңделген мақта Түркістандағы зауытта жіпке, матаға айналады. Оған қоса, өңделген мақтаны Еуропа мен Қытайдағы фабрикаларға экспорттау да жоспарланған. Ал мақтаның шитінен мал шаруашылығына қажетті жем шығарылып жатыр. Яғни «Түркістан мақта агроөнеркәсіптік кешені» қалдықсыз өндіріске қол жеткізген заманауи компаниялар қатарын толықтырып отыр. Алдағы уақытта мақтаның егіс көлемін 52 мың гектарға жеткізіп, бәрін су үнемдеу технологиясымен қамту көзделген. Енді өңірдегі мақта өсірумен айналысатын аудандардағы шаруалар бүгінгі қарқынның бәсеңдемеуін тілейді.

Айта кетелік, облыста өткен жылдың желтоқсан айының өзінде 7 зауыт ашылып, 2 өндіріс орны мен 1 электр станса­сы­ның капсуласы салынды. Жал­пы, облыста 2025 жыл ірі зауыттардың ашылуымен, индустрияның өркендеуімен, терең өңдеу саласындағы көрсеткіштердің ұлғаюымен өңір тарихында қалды. Өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін дамыту мақсатында құрылған 20 индустриялық аймақта 39 млрд теңге инвестиция тартылып, 50 жоба іске қосылды. Ал «Turan» арнайы экономикалық аймағында 223 млрд теңгеге 20 ірі жоба жүзеге асырылып жатыр. Арнайы экономикалық аймақтан  42 гектар жер бөлінген, жалпы инвестициялық құны
86,2 млрд теңге болатын толық циклді тоқыма бұйымдарын өндіру бо­йынша мақта агроөнеркәсіптік кешені – ірі жобалардың бірі. Құрылыс жұмысы 2024 жылы басталып, былтыр алғашқы кезеңі іске қосылған кешенде 430 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Ал 2026 жылдың желтоқсан айы­на дейін зауыттың келесі үш кезеңі толық аяқталып, қосымша 2 мыңға жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Зауыт толық іске қосылған кезде жыл сайын 11,4 мың тонна жіп, 47,3 млн шаршы метр мата, 2 млн төсектік орын жабдықтары жиынтығы мен 4 млн көрпе өндіру жоспарланған. Сондай-ақ Түркістанда джинсі маталарын шығаратын алып кәсіпорынның капсуласы салынды. Жоба бойынша мұнда жылына 30 мың тонна мақта-мата жібі мен 10 млн метр джинсі маталары өндіріліп, мыңнан аса тұрғын жұмыспен қамтылады.

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Астанадағы бұқаралық шаңғы жарысына қалай қатысуға болады?

Елорда • Бүгін, 10:44

Түндегі тілсіз жау: СҚО-дағы бір ауданда екі адам өрттен қаза тапты

Төтенше жағдай • Бүгін, 10:42

Кофе неге қымбаттап барады?

Баға • Бүгін, 10:35

Теміртаудың тең жартысы жылусыз қалды

Аймақтар • Бүгін, 10:23

Жапониядағы кезектен тыс сайлау: Премьер-министр парламентті тарату туралы шешім қабылдады

Саясат • Бүгін, 10:17

Полиция дерегі: Алаяқтардың арбауына көбінде кімдер ілінеді?

Аймақтар • Бүгін, 10:04

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Кәсіпқой бокс • Бүгін, 10:00

Хромтауда газ жарылды: 5 адамды күйік шалды, бір адам жансақтау бөлімінде жатыр

Төтенше жағдай • Бүгін, 09:50

Болгария президенті қызметінен кететінін мәлімдеді

Саясат • Бүгін, 09:43

Жаңа салық режимі: Кәсіпкерлер нені ескеруі тиіс?

Бизнес • Бүгін, 09:34

«Манчестер Ситиде» ұзақ жылдар бойы топ деңгейдегі қорғаушы болады: Гвардиола өзбек футболшысы туралы

Футбол • Бүгін, 09:24

Термо шам

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:18

Қар жауып, бұрқасын соғады: 20 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:17

Face ID қалай пайда болды?

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:15

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 09:12

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары