Төреғали Төрәлі дәрігерлердің қызына қойған диагнозын атады
Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Әнші Баян Алагөзованың жобасында жүргізуші болған кезін еске алды. Ол мұны 2015 немесе 2016 жыл деп шамалайды.
"Қазақ аруы" деген жобаға жүргізуші болатын болдым. Астанада өтіп жатты. Соны Ерке екеуміз жүргізетін боламыз. Екеуміз сахнаның екі жағында дайындалып тұрмыз. Сол кезде телефоныма хабарлама келіп түседі. Ол кезде Кәусардың аты Томирис-тұғын. Азан шақырып қойған аты. "Томидың диагнозын қойды. ДЦП" деп жазып жіберіпті. Төбемнен біреу мұздай су құйып жібергендей болды. Жаман болдым. Ол кездегі әсерді сөзбен айтып, жеткізу мүмкін емес. Хатты оқыдым, ары қарайғысы есімде жоқ. Қалай сахнаға шықтым, оны қалай жүргіздім, білмеймін... Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық болмай қалды. Мен ойлағанбай болмады ол. Мен ойлағандай болса, өмірім басқаша болар еді. Сөйтсем Алланың өз жоспары бар екен. Уақыт өте келе, қазір осы жағдайды мен Алланың сынағы емес, Алланың маған жіберген нығметі деп қабылдаймын. Қазір ол біздің үйіміздің гүлі. Алланың маған сыйлаған бақыты, байлығы - барлығы осы қызым үшін беріліп жатыр деп ойлаймын", - дейді әнші.
Төреғали Төрәлі қызына арнап ән де шығарыпты. Ән де "Кәусар" деп аталады.
Әнші 2024 жылы шілдеде алтыншы рет әке атанған болатын.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:Дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
08 Қаңтар 2026 11:53
ДДСҰ: Дәрігерлердің қауіпсіздігі күшейтілуі тиіс
11 Қаңтар 2026 10:06
Жолда қалып қойған жолаушы құтқарылды
06 Қаңтар 2026 09:26
Соңғы демім қалғанша : әнші Бүркіт кенже қызына жүрекжарды уәде берді
15 Қаңтар 2026 16:49
Әнші Төреғали Төреәлі алғаш рет қызының сырқаты туралы айтты (видео)
22 Қараша 2025 00:13
Көрілімдер:117
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қараша 2025 23:09 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















