Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Трамп АҚШ құрамындағы үш “жаңа штат“ туралы әзілдеді

Трамп АҚШ құрамындағы үш “жаңа штат“ туралы әзілдеді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ аумағын үш жаңа "штат" - Гренландия, Канада және Венесуэла есебінен кеңейту жайында пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Washington Post-қа сілтеме жасап.

Трамп Гренландияны АҚШ-тың 51-штаты етуді ешқашан жоспарламағанын мәлімдеді. "Мен Канаданы 51-штат еткім келді", - деді ол Вашингтондағы Alfalfa Club-тың таңдаулы кешкі асында.

"Менің Гренландияны 51-штат ету ниетім ешқашан болған жоқ. Мен Канаданы 51-штат еткім келеді. Гренландия 52-штат болады. Венесуэла 53-штатқа айналуы мүмкін", - деп қосты Ақ үй басшысы.

Кейінірек Трамп мұның әзіл болғанын мойындады.

АҚШ басшысы аралды "басып алуды" жоспарламайтынын, керісінше оны сатып алуды жөн көретінін нақтылады. Басылым Трамптың сөзінде АҚШ аумағын кеңейту тақырыбы жиі көтерілетінін, алайда әзірге ол нақты қадамға ұласпай, саяси әзіл мен көпшілік алдындағы мәлімдеме деңгейінде қалып отырғанын атап өтеді.

The Washington Post мәліметінше, Трамп бұл кеште жалпы көп әзілдеген. Ол өзі Федералдық резерв жүйесінің (орталық банк) жаңа басшысы қызметіне ұсынған Кевин Уоршты нұсқап:

"Егер ол мөлшерлемені төмендетпесе, мен оны сотқа беремін", - деді де, аз ғана үзілістен кейін: "Әзілдеймін", - деп қосты.

Сондай-ақ, президент Ақ үйде бал залы салынып жатқанын және биыл футболдан әлем чемпионаты, ал 2028 жылы жазғы Олимпиада ойындары өтетінін айтып мақтанды.

Қонақтардың айтуынша, көп әзіл зал тарапынан салқын қабылданып, кейде үнсіз тыңдаған.

Анықтама: Alfalfa Club - жыл сайын қаңтардың соңғы сенбісінде Вашингтондағы (Колумбия округі) "Капитал Хилтон" қонақүйінде банкет өткізу үшін ғана жұмыс істейтін әлеуметтік клуб. Төрт сағатқа созылатын банкетте АҚШ теңіз жаяу әскерлері оркестрі музыка орындайды, сондай-ақ, саяси әзілдер айтылады. Клубта шамамен 200 мүше бар, олардың бәрі - ықпалды саясаткерлер мен бизнес басшылары.

WP дерегінше, Трамп 2017 жылы клуб банкетіне барудан бас тартқан, ал оның алдындағы президент Джо Байден өз президенттігі кезінде клуб қонақтары алдында бірде-бір рет сөз сөйлемеген.

Клуб 1913 жылы төрт дос Конфедерация армиясының генералы Роберт Эдвард Лидің 19 қаңтардағы туған күнін атап өту үшін жиналған кезде құрылған. Клуб атауы тамыры топыраққа терең бойлайтын жоңышқаға меңзейді. Клуб қара нәсілді мүшелерді 1974 жылға дейін, ал әйелдерді 1994 жылға дейін қабылдамаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 09:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары