Трамп Канадамен сауда қатынастары туралы қатаң пікір білдірді
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтон Канаданың бірқатар тауарына 50 пайыздық баж салығын енгізгеннен кейін екі ел арасындағы сауда қатынастары туралы қатаң мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Канада штат (АҚШ құрамындағы - ред.) болмаса да, штаттың артықшылықтарына ие болғысы келеді. Сондай-ақ олар көптеген жыл бойы біздің тамаша фермерлерімізден орасан зор баж салығын алып келді. Бұдан былай бұлай болмайды" - деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.
Бұл мәлімдеме екі ел арасындағы сауда қақтығысының жаңа кезеңі фонында айтылды.
АҚШ Канадаға қарсы баж салығын енгізді22 тамызға қараған түні Трамп Канададан келетін бірқатар тауарға 50 пайыздық кедендік баж салығын енгізді. Тізімге, атап айтқанда, шарап, жиһаз, сүт өнімдері, цемент, киім-кешек, қармақтар мен хоккей жабдықтары енді.
БАҚ мәліметтері бойынша, жаңа тарифтер Канаданың АҚШ-қа экспорттайтын тауарларының шамамен 5,5 пайызына әсер етеді.
Бұл шаралар екі ел өкілдері Вашингтондағы үш күндік келіссөздер қорытындысы бойынша жаңа сауда келісіміне келе алмағаннан кейін қабылданды.
Канада АҚШ-тың баж салығына жауап қайтардыКанада премьер-министрі Марк Карни Оттава Американың бірқатар тауарына жауап ретінде баж салығын енгізетінін мәлімдеді. Канадалық тарифтер 8 қыркүйекте күшіне енуі тиіс. Олар сүт өнеркәсібі, металлургия, тұрмыстық техника өндірісі, целлюлоза-қағаз өнеркәсібі және электроника сияқты бірнеше саланы қамтиды.
Карни Канада үкіметі бұл қадамға "амалсыз" барып отырғанын, өйткені жаңа шектеулер бағаның өсуіне және канадалық тұтынушылар үшін таңдау мүмкіндігінің азаюына әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:35
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Тамыз 2026 14:16 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















