Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

ЕҚЫҰ конференциясы: Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қауымдастығы дамып келеді

ЕҚЫҰ конференциясы: Қазақстанда әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби қауымдастығы дамып келеді

Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл туралы Варшавада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның Адами өлшем жөніндегі конференциясында Ұлттық кәсіби әлеуметтік қызметкерлер альянсының президенті Динара Есимова айтты.

2019 жылы қазақстандық жоғары оқу орындарының оқытушылары құрған Ұлттық альянс бүгінде мемлекетпен бірлесіп жұмыс істейтін кәсіби ұйымдардың біріне айналды. Ұйым Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау министрліктерімен, Қылмыстық-атқару жүйесі және Бала құқықтарын қорғау комитеттерімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасқан. Сонымен қатар медициналық орталықтармен және өңірлік әкімдіктермен жұмыс істейді.

Жинақталған тәжірибе негізінде қауымдастық әлеуметтік жұмыстың тұжырымдамасы мен тиісті заң жобасын өз бетінше әзірлеген.

"Бұл тәжірибе бізге жұмысты әрі қарай дамытуға мүмкіндік берді. Әлеуметтік жұмыстың тұжырымдамасы мен заң жобасын өзіміз әзірледік. Енді оны жетілдіріп, қабылдауға дейін жеткізу қажет", – деді Динара Есимова.

Оның айтуынша, құжат мемлекеттік органдар тарапынан ғана емес, әлеуметтік салада күнделікті жұмыс істейтін мамандардың тәжірибесі негізінде әзірленген. Яғни заң жобасы "төменнен жоғарыға" қағидаты бойынша қалыптастырылған.

Әлеуметтік қызметкерлердің халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы да саладағы өзгерістерге серпін берді. Альянс 2022 жылы Халықаралық әлеуметтік қызметкерлер федерациясына қосылған. Кейін мамандар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, әлеуметтік қызметкерлердің жұмыс қағидаттарына адамның өзін-өзі анықтау құқығын қоса алғанда, кәсіби этика талаптарын енгізген.

Динара Есимованың пікірінше, қазіргі әлеуметтік жұмыс ғылыми дәлелдерге негізделіп, ұзақ мерзімді жоспарлауды қажет етеді. Бұл ретте балалардың мүддесін қорғау маңызды бағыттардың бірі.

"Әрбір жаңа буын қазақстандықтардың алдыңғы буыннан жақсы өмір сүруіне жағдай жасауымыз керек", – деді альянс басшысы.

Сарапшы азаматтардың ел өміріне араласуы тек саяси үдерістермен шектелмейтінін атап өтті. Оның сөзінше, мықты кәсіби бірлестіктердің қалыптасуы да азаматтық қоғамды дамытуға ықпал етеді. Осы бағытта аталған альянс мамандарға арналған тегін вебинарлар мен конференциялар өткізіп, YouTube-тегі ресми арнасында 500-ге жуық оқу материалын жариялаған.

ЕҚЫҰ алаңы да әлеуметтік жұмыс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Атап айтқанда, адам саудасына қарсы іс-қимыл, балалардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік қызметкерлерді даярлау бағдарламаларын дамыту бағыттарында бірлескен жұмыс жүргізуге болады.

Динара Есимова халықаралық серіктестер мен ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қолдауы әлеуметтік қызметкерлерді даярлау жүйесін күшейтіп, өңірдегі адами капиталды дамытуға елеулі үлес қоса алатынын атап өтті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:63
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қазан 2026 00:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see133

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see128

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see128

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see124

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see121

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see121

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see114

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see113

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see113

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see110

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары