Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Жаһандық үндестікке бастар жол

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Туды қалай қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады министрлік түсіндірді

Туды қалай қолдануға болады және қандай жағдайда тыйым салынады министрлік түсіндірді

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Ведомствоның нақтылауынша, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мәртебесі мен оларды пайдалану тәртібі Конституциямен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы" Конституциялық заңмен және Үкіметтің өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

"Мемлекеттік рәміздерді пайдалану тәртібін жетілдіру және оларға деген құрметті нығайту мақсатында Мәдениет және ақпарат министрлігі Үкіметтің Мемлекеттік Туды, Мемлекеттік Елтаңбаны және олардың бейнелерін, сондай-ақ Мемлекеттік Гимн мәтінін пайдалану, орнату және орналастыру қағидаларын бекітетін қаулысына өзгерістер енгізді". Мәдениет және ақпарат министрлігі

Енгізілген өзгерістердің бірі терминологияны біріздендіруге бағытталған: бұдан былай нормативтік құқықтық актілерде "Гимн" атауының орнына "Әнұран" атауы қолданылады.

Сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың Мемлекеттік Туды орналастыру тәртібі нақтыланды. Енді Туды ғимараттарға, оның ішінде балкондарға да 45 градус бұрышпен ілуге болады. Бұл норма 2020 жылдан бері заңнамада болғанымен, балконға орналастыру тәртібі осы уақытқа дейін нақты айқындалмаған еді.

Қағидаларға Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысты бірқатар талаптар да енгізілді. Жеке тұрғын үйлерде Ту жерден кемінде үш метр биіктікте орнатылуы керек. Енді түнгі жарықтандыру талабы алынып тасталды. Ал егер ғимараттың сәулеттік немесе техникалық ерекшеліктеріне байланысты Туды қасбетке орналастыру мүмкін болмаса, оны үй аумағындағы жеке ту тұғырына (флагштокқа) орнатуға болады.

"Мемлекеттік Ту жерге, еденге, суға немесе өзге де заттардың бетіне тимеуі тиіс. Ту тік орналастырылған жағдайда ұлттық өрнек матаның жоғарғы жағында болуы қажет. Сондай-ақ Мемлекеттік Туды егер олар коммерциялық мақсат көздемесе, жеке және заңды тұлғалар ұйымдастыратын мәдени, спорттық, қоғамдық және өзге де іс-шараларда пайдалануға болады", – делінген хабарламада.

Ту ұлттық стандартқа толық сәйкес болуға тиіс. Өңі кеткен, жыртылған, кірлеген немесе өзге де зақымдары бар Мемлекеттік Туды пайдалануға тыйым салынады. Сондай-ақ мемлекеттік рәміздер туралы заңнама талаптары сақталған жағдайда Мемлекеттік Туды көлік салонында пайдалануға рұқсат етіледі.

"Мемлекеттік Туды әдейі бүлдіруге, жоюға, өртеуге, жыртуға, жерге тастауға, мақсатқа сай емес қолдануға және оның мемлекеттік рәміз ретіндегі қадір-қасиеті мен мәртебесіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмейді". ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қағидаларда Мемлекеттік Туды жарнамалық мақсатта пайдалануға, сондай-ақ оны киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, перде, дастарқан, төсеніш және тұрмыстық мақсаттағы өзге де бұйымдарға орналастыруға тыйым салынған. Бұл талап мемлекеттік рәміздің бейнесін күнделікті тұрмыста орынсыз пайдаланудың алдын алып, оған деген құрметті сақтауға бағытталған.

"Сонымен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес, Мемлекеттік Тудың бейнесін спортшылардың киімі мен жабдықтарында қолдануға рұқсат етілді. Бұған дейін заңнамада спорттық киімде тек Мемлекеттік Елтаңбаның бейнесін орналастыруға ғана мүмкіндік берілсе, енді бұл құқық Мемлекеттік Тудың бейнесіне де қолданылатын болды. Спорттық киім мен жабдықтарға футболкалар, спорттық костюмдер, бейсболкалар, кепкалар және спортшылар пайдаланатын өзге де киім үлгілері жатады", - делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 09 Шілде 2026 20:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see144

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see138

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see136

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see134

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see131

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see130

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see126

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see123

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see121

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see118

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see118

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see117

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see117

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see114

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see114

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары