Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Түркістан облысында ерте пісетін көкөніс егіліп жатыр

Түркістан облысында ерте пісетін көкөніс егіліп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Елдің солтүстігі мен шығысында қыс қаһарына мініп тұрса, оңтүстікте ерте пісетін көкөніс дақылдарын егу жұмыстары басталды.

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында диқандар қызылша, қырыққабат дақылдарын заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы егіп жатыр. Мамандар бұл әдіс су ресурстарын үнемдеуге, тыңайтқыштарды өсімдік түбіне дәл жеткізуге және өнімділікті арттыруға мүмкіндік беретінін айтады. 

Мақтаарал ауылының тұрғыны Шағыр Күшербаевтың 27 гектар егістік жері бар. Ауыл шаруашылығы саласында тәжірибесі мол шаруа оған жыл сайын бақша, көкөніс және мал азығы дақылдарын егеді. Жер емген диқан бүгінге дейін 8 гектар алқапқа қызылша көшетін заманауи тамшылатып суару технологиясы арқылы пленканың астына егіп үлгерген.

Шағыр Күшербаев, шаруа:

- Бұл қызылшаны 4 жылдан бері егіп жатырмыз. Бірінші жылдан бастап тамшылатып суару жүйесі арқылы суарамыз. Дәрілерін де тамшылатып береміз. Фосфор, калий, азот деген тыңайтқыштарды үлкен ыдысқа араластырамыз. Ол да оңай. Адамға істетпейміз, техника да кірмейді. Сумен келеді. Сәуірдің 15-нен бастап қымбат кезде піскендерін үзіп-үзіп аламыз. Ал кейін бағасы түсіп кеткен кезде жерді айдап екінші өнімді егеміз.

Диқан енді 10 гектарға қырыққабат көшетін екпек. Оны да тамшылатып суаратынын айтады. Биыл аудан шаруалары 60 мың гектар егістік алқапты игермек. Оның ішінде 1500 гектарына ерте пісетін көкөніс дақылдарын су үнемдеу технологиясын пайдалану арқылы егу жоспарланып отыр.

Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 919 мың гектар жерге егіледі. Оның 536 мың гектары – жаздық, 208 мың гектары – күздік дақылдар, ал 175 мың гектарға көпжылдық жоңышқа егіледі деп күтілуде.

Әлібек Плалов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Биыл мақта 162 мың гектарға орналастырылатын болады. Сондай-ақ біз жүгері дақылдарын 55 мың гектарға, одан бөлек майлы дақылдарын 85 мың гектарға егеміз. Жалпы биылғы жылы 42 мың гектарға көкөніс дақылдарын егу жоспарланса, қазіргі таңда оңтүстік аудандарда ерте пісетін көкөніс егу жұмыстары басталып кетті. Биыл 8 мың гектар алқапқа қырыққабат дақылы егілетін болады.

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту және өңір тұрғындарын сапалы отандық өніммен қамтамасыз ету мақсатында биыл облыстағы агроқұрылымдарға 35 млрд теңге жеңілдетілген несие берілмек. Бүгінге дейін жүздеген шаруа 5 млрд теңгедан астам қаражатты алып үлгерген.

Өткен жылы өңірде 59 мың гектар алқапқа су үнемдеу технологиялары  енгізіліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. Нәтижесінде 195 млн текше метр су үнемделді. Жыл сайын қосымша 50 мың гектарға жаңа технология енгізу арқылы 2030 жылға қарай 364 мың гектар жерден 622 млн текше метр су үнемдеу көзделіп отыр. Бұл – су тапшылығы жағдайында стратегиялық маңызы бар көрсеткіш, - дейді мамандар.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 15:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары