Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Түтінге тұншыққан шаһар: Мегаполистің экологиялық ахуалы қашан түзеледі?

Түтінге тұншыққан шаһар: Мегаполистің экологиялық ахуалы қашан түзеледі?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Алматы – әлемдегі ең сұлу әрі ерекше шаһарлардың бірі екені даусыз. Егер сіз осы қаланың тұрғыны болсаңыз, әрі кетсе 20 минутта тау бөктеріне жетіп, табиғат аясында тыныстай аласыз. Мегаполистің тәжі іспетті Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ шыңы, аспанмен астасқан аспалы жолдар мен әсем курорттар... Төмен түссеңіз – тарихи театрлар, мұражайлар мен гүл көмкерген саябақтар көз қуантады. Өкінішке қарай, бүгінде осы сұлулықтың барлығын қою көк түтін көлегейлеп тұр.

Суретті түсірген – Юрий БЕККЕР

Бас жоспар ахуалды өзгерте ала ма?

Анда-санда нөсерлетіп жаңбыр жауып, аспан шайдай ашылған сәтте ғана қарағай мен шыршаға малынған Іле Алатауының қол созым жерде тұрғанын байқайсыз. Әсіресе күздің жауын-шашынсыз күндерінде Алматының эко­логиялық ахуалының нашар­лағаны соншалық, ауада қалқыған түтінді қолмен ұстауға болатындай күйге жетеді. Синоптиктердің «жауын жауады, сол кезде ауа тазарады» деген болжамдары тынысы тарылған қала тұрғындарын жұбатқандай болғанымен, мәселені түбегейлі шеше алмай келеді. Өйткені ауаны тазартуға қар мен жаңбырдың дәрмені жетпейтін деңгейге жеттік. Нәтижесінде, Алматы 2025 жылы да әлемдегі ауасы ең лас қа­лалар­дың қатарында қалып отыр.

Дегенмен түтінін тарқата алмаған Алматы билігі әрекетсіз отыр деуге келмес. Қала тынысы мен тіршілігіне қатысты алқалы жиындарда экологиялық ахуа­л ұдайы назарда. Агломерация есебінен аумағы ұлғайып келе жатқан алып шаһар өзінің Бас жоспарын жиі өзгертуге мәжбүр болса, оны қайта-қайта жаңартуға жетелеп отырған негізгі себеп те – осы экологияның жайы. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, кезінде ауасы адам тұра алмайтын дәрежеге жеткен Осло (Норвегия), Цюрих (Швейцария), Мумбаи (Үндістан), Мадрид (Испания) қалалары да Бас жоспарларына өзгеріс енгізу арқылы жағдайды реттеген екен.

Алматының жуырда жаңар­тылған Бас жоспарына эколо­гиялық сипаттағы бірқатар шаралар енгізілген. Атап айтқанда, таудан соғатын самалды жаппау, тау етегін құрылыс салудан қорғау, ауа дәліздерін зерттеу, өнеркәсіп орындарын индустриялық аймақтарға көшіру, қаланың жасыл желекті экологиялық қаң­қасын қалыптастыру, қоғамдық көліктерді дамыту.

Бас жоспарды түзету жөніндегі сарапшы Мұрат Касенов мәселе заңдардың жоқтығында емес, оларды жүйелі түрде елемеу мен жүзеге асырмауда жатқанын алға тартады. Оның айтуынша, 2021 жылы Мемлекет басшысының Алматыны таза ауамен қамтамасыз ету туралы тапсырмасы әлі күнге дейін толық орындалмаған. Бас жоспарды түзету кезінде Эколо­гиялық кодекстің нормалары мен стратегиялық бағалау талаптары ескерілмеген. Қоғамдық талқылаулар көбіне формальды сипатта өтіп, нақты шешім қабылдауға әсер етпейтіні де жасырын емес. Сондықтан Алма­тының қазіргі ахуалы тек экология ауқымынан шығып, басқару ісіндегі жауапкершілік пен қабылданған міндеттемелерді орындау мәселесіне айналып отыр. 

Ластайтын нысандарға бақылау күшейтілді

Бас жоспардағы түзетулер бүгін, ертең атқарыла салатын шару­а емес. Көліктерден шығатын түтіннен бөлек, қаланың ауасын бүлдіруге қаптаған дәмханалар, ресторан, монша, кәуапханалар да барынша «атсалысып» отыр.

Алматы қалалық Эколо­гия және қоршаған орта басқар­масының мәліметінше, былтыр қала аумағында тағам дайындау мен жылытуға қатты отын пайдаланатын 509 қоғамдық тамақтану орны мен 81 коммерциялық монша анықталған. «Eco Almaty» ЖШС 2025 жылғы қарашадан бастап бақылауды күшейтіп, 182 қоғамдық тамақтану орны мен 39 монша иесіне газға көшу, сүзгілеу жүйелерін орнату қа­жеттігін түсіндірді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де қарап қалмай, түтіні будақтаған 12 кәуапхананы тексеріп, 1,8 млн теңгеден астам айыппұл салды.

Бір ғана дерек, Алматыда 500-ден астам кәуапхана, 417 монша кешені (заңды тұлғалар) мен жекеменшік секторда 12 мыңнан астам монша бар. Олардан шығатын зиянды қалдықтар қоғамдық моншаларға қарағанда екі есе көп. Қатты отын жағатын шағын ғана кәуапхана маңайдағы ауаны жүздеген метрге дейін лас­тап, тұрғындарды тұншықтырып келеді. Сондықтан шағын және орта бизнес өкілдерінің газ отынына немесе электр қуатына ауысуы бұрынғыдан да өзекті бола түсті. 

Атмосфералық ауаны қорғау ережесі енгізіледі

Алматы мәслихаты атмос­фералық ауаны қорғау жөніндегі жаңа ережені бекітті. Экологиялық кодекске сәйкес әзірленген құжат көлікке, кәсіпорындарға қойы­латын талаптарды, ауа сапасын бақылау жүйесін бір арнаға тоғыс­тырады.

Жаңа ереженің өзектілігі статистикадан-ақ көрінеді. 2024 жылы Алматы агломерациясы бойынша ауаға 225 мың тонна зиянды зат таралса, оның 189 мың тоннасы қаланың өзіне тиесілі. Автокөліктерден бөлінетін
112,7 мың тонна түтіннің 84%-ы – «Еуро-0» санатындағы ескі кө­лік­тердің еншісінде. Жаңа ереже қозғалтқышты қосып қоюды шектеу, түтін тазарту жүйесін пайдалану, тұрақты техникалық бақылау сынды коммуналдық, жеке автопарктерге міндетті талаптарды енгізеді. Автопарктерді жаңарту алдымен «Еуро-5» стандартына, кейін газ, электр көлігіне көшу арқылы кезең-кезеңімен жүр­гізіледі.

III санаттағы нысандарға – шағын өндірістер мен ауа ластауға ықпал ететін, алайда бұған дейін іс жүзінде бақылаусыз қалған нысандарға жеке талаптар енгі­зіледі. Жаңа ереже нақты шыға­рындыларды өлшеуді, тазарту қондырғыларының міндетті болуы мен көшпелі тексерулерді қарастырады. Сондай-ақ көмір мен отын пайдаланатын жабдықтардан біртіндеп бас тартып, газға көшу көзделген.

Қаланың жекелеген ауданда­рындағы ластану деңгейін тө­мендету мақсатында төмен шыға­рындылы аймақтарды (LEZ) кезең-кезеңімен енгізу жоспарланған. Мұндай аймақтарда газ жүргізілген жерде көмір, басқа да отын түр­лерін жағуға, қоқыс өртеуге, пиротехниканы пайдалануға тыйым салынады. Генераторлар мен арнайы техникалар тазарту жүйелерімен жабдықталуға тиіс.

Ауа сапасын бақылау эколо­гиялық мониторинг жасау мақсатында деректі сенсордан жинап, өзгерісті талдап, қабылданған шаралардың тиімділігін көрсететін бірыңғай цифрлық жүйе құру жоспарланған. Тұрғындар ауа жағдайы туралы ақпарат алып, келеңсіз оқиғалар туралы хабарлай алады. 

Жауапты тұлғалар мен сарапшылар не дейді?

Осылайша, Алматы елдегі атмосфералық ауаны қорғауға кешенді тәсілді алғаш болып енгізіп отырған қалаға айналды. Бұл тәжірибені келекшекте басқа өңірлер де пайдалануы мүмкін. Алайда орасан қаражат пен ұзақмерзімді қажет ететін бұл қадамдар мегаполистің эко­логиялық түйінін тарқата ала ма? Осы орайда жауапты тұлғалар мен сарапшылардың ұстанымына назар аударалық.

Алмасхан СМАТЛАЕВ,

Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

– Ең алдымен, ел арасындағы қауесетке нүкте қойғым келеді. Атмосфералық ауаны қорғау ереже­лерінде 2026 жылы қала­ға ақылы кіру тәртібін ен­гізу қарастырылған жоқ. Бү­гінгі әңгіме тек қанатқақты, ұйым­дастырушылық шаралар туралы ғана. Ақылы жүйені енгізу үшін заңнамаға өзгерістер қажет, бұл – бүгін-ертең шешілетін шаруа емес. Қаланың көлік қаңқасына арналған құжатқа сәйкес қала­ның шығыс, батыс, солтүстік бөліктерінде көлікке ауысып міну тораптарын салу қарастырылып жатыр. Осы нысандарға жаңа метро желілері мен LRT бағыттарын тартып, қосымша автобус маршрут­тарын іске қосу жоспарланып отыр. Әлемдік тәжірибеде халықтың 70%-ы қоғамдық көлікті таңдаса, Алматыда керісінше – қозғалыстың 60%-ы жеке көлікке тиесілі. Егер біз әлемдік үлгіге көшсек, қаладағы көлік саны шамамен 300 мыңға қысқарып, экология мен кептеліс мәселесі айтарлықтай шешілер еді. Дегенмен бұл біртіндеп жүзеге асатын үдеріс, жуық арада шешіле қоятын мәселе емес.

Евгений МҰХАМЕДЖАНОВ, ECO Network жобасының негізін қалаушы, эколог:

– Тіпті ең заманауи көліктің өзі – ұсақ дисперсті шаңның көзі. 10 микроннан кіші бөлшектер ауаға көтеріліп, тыныс жолдарына енеді. Қарапайым қағида: көлік аз болса – түтін де аз. Қала тұрғындарын, әсіресе орталықта тұратындарды жеке көліктен бас тартуға шақырамын. Алматының климаты жаяу жүруге немесе қоғамдық көлікті пайдалануға өте қолайлы. Жауапкершілік пен экосананы алдымен ауқатты азаматтар мен бизнес өкілдері көрсетуге тиіс. Мысалы, Лондонда жеке көлік қымбат, ал Бейжіңде қатаң шаралардың арқасында ластану деңгейі 55%-ға төмендеді. Бізге де осындай батыл қадамдар керек. 

Әсет ТАЗАБЕКОВ,

«Ренессанс плюс» компаниясының директоры:

– Жылу электр орталықтары (ЖЭО) мен жекеменшік монша­лардың зияны орасан. Күн сайын қала көшелеріне 1 миллионнан астам көлік шығады, олардың көбі ескі. Оған қоса 1-ЖЭО жылына шамамен 39 мың тонна зиянды қалдық бөледі. Егер біз көмірден толықтай газға көшсек, ауаға тарайтын уытты заттарды жиырма есеге дейін азайтуға мүмкіндік бар. 

Райдин ҚАСЫМОВ,

Қазақстан экологиялық аудиторлар палатасы оқу орталығының директоры:

– Жаңа ережелерді толық қолдаймын. Деректерге сүйенсек, шыққанына 12 жылдан асқан көліктердің уыттылығы жаңа көлікке қарағанда 84%-ға жоғары. Бір ғана ақаулы ескі көлік 6–14 есе көп зиян келтіреді. Алматыда мұндай көліктердің саны 80 мыңға жетеді. Олардың қоршаған ортаға тигізетін зардабы жарты млн жарамды көліктің түтініне тең. Шығарындылар құрамындағы азот оксидтері мен PM бөлшектері әсіресе балалардың денсаулығына өте қауіпті. Сондықтан автопаркті жаңарту мен электр көліктерін дамыту – кезек күттірмейтін шаруа. 

Елена ЕРЗАКОВИЧ,

көлік және экология саласының сарапшысы:

– Төмен шығарындылар аймағын (LEZ) енгізу – жай шектеу емес, қаланың бола­шағы туралы ойлануға берілген мүмкіндік. Бұл тұрғындардың көлікпен жүру дағдысын өзгер­туге көмектеседі. Пандемия кезіндегідей қала ішіндегі қажет­сіз қозғалысты азайту, электрмобильдер мен қоғамдық көлікті дамытуды жеделдету қажет. Бұл кешенді тәсіл уақытты талап еткенімен, бүгінгі күні баламасыз жол болып тұр.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Серік Сәпиев министрдің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды

Тағайындау • Бүгін, 12:58

Заңғар Нұрланұлы жасөспірімдер рейтингінде үздік ондыққа кірді

Спорт • Бүгін, 12:43

Қазақстан мен Вьетнам өзара тауар айналымын екі есе арттыруға ниетті

Экономика • Бүгін, 12:33

Астанада TikTok желісіндегі жалған «емшіге» сот үкімі шықты

Қоғам • Бүгін, 12:23

Мұнай қоры бойынша ТОП-15 ел: Қазақстан қатарда бар ма?

Қазақстан • Бүгін, 12:19

Трамп: Үндістан Ресей мұнайынан бас тартты

Әлем • Бүгін, 12:09

FlyArystan тегін қол жүгінің салмағын арттырады

Қоғам • Бүгін, 11:57

Жемқорлықпен күрес: Бюджетке 100 млн теңгеден астам қаржы қайтарылды

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 11:40

«Қорғас» кеден бекеті екі аптаға жабылады

Қоғам • Бүгін, 11:28

Алматыда гимнастикадан ел чемпиондары анықталды

Спорт • Бүгін, 11:17

Серік Сәпиев пен орынбасары қызметінен кетті

Қоғам • Бүгін, 11:07

Голан жоталарында Қазақстанның қанша бітімгері қызмет етеді?

Әскер • Бүгін, 10:57

Олимпиада-2026: Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарады

Қоғам • Бүгін, 10:38

ЖИ жыл құстарын зерттеудің жаңа дәуірін ашты

Технология • Бүгін, 10:28

Сенсациялық нәтиже: Бибісара Асаубаева супертурнирде үздік бестікке енді

Спорт • Бүгін, 10:17

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:101
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 13:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары