Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Үкімет жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Үкімет жолдағы қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Ішкі істер министрі Ержан Саденов, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев баяндама жасады, сондай-ақ Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров тыңдалды.

ІІМ мәліметінше, жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) 40 мыңға жуық адам жарақат алады, ал қаза тапқандар саны шамамен 2,5 мың адам. 2025 жылы еліміздің жолдарында қаза тапқандар саны 10%-ға, 2026 жылдың басынан бері 4%-ға төмендеді.

Фото: Үкімет

Ержан Саденов апаттардың негізгі себептері: көлік жүргізу тәртібінің нашарлығы, жол инфрақұрылымының жай-күйі, әсіресе қыс мезгілінде және автокөліктердің техникалық жағдайы екенін хабарлады. Орташа жылдамдықты қадағалау жүйелерімен қамтуда проблема бар: жабдықтар жеткіліксіз. ЖКО-лар үлесі әсіресе елді мекендерде жоғары болып қалуда, олар барлық апаттардың 84%-ын құрайды. Жүргізушілердің жеке тәртібі нашар — ЖКО-лардың 90%-ы солардың кінәсінен болатыны атап өтілді. Жыл басынан бері 3 млн-нан астам Жол қозғаласы ережесін (ЖҚЕ) бұзу дерегі анықталды, 5,5 мың жүргізуші мас күйде ұсталды.

Фото: Үкімет

Жол апаттарын азайту және қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында Қазақстанда цифрлық шешімдер енгізілуде. Республика жолдарында 60%-дан астам заңбұзушылықтарды тіркейтін 30 мыңға жуық камера жұмыс істеп тұр. Орташа жылдамдықты қадағалау жүйесі енгізіліп, бейнебақылау желісі кеңейтіліп жатыр. Сонымен қатар, «жасырын» патрульдеу дамуда. Оған қосымша көліктің техникалық жай-күйін және техникалық байқаудан өтуін бақылау күшейтіліп жатыр.

ІІМ газ баллон жабдығы бар көлікті тексеруге қойылатын талаптарды күшейтуді, сондай-ақ жүк және жолаушылар көлігін міндетті жарық шағылыстыратын таңбасы болмаса техникалық байқауға жіберуге тыйым салуды ұсынып отыр.

Жол инфрақұрылымын жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, олар — жолақтар, жол белгілері, жарықтандыру жабдықтары және жаяу жүргіншілер өткелдері. Қала сыртындағы трассаларда тәуліктің қараңғы уақытында және қолайсыз ауа-райы жағдайында көрінуді арттыратын лазерлік жүйелер енгізілуде, мұндай шешімдер бүгінде 11 өңірде 22 учаскеде қолданысқа берілді.

Фото: Үкімет

Ішкі істер министрі 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап электр скутерлерді пайдалануға қосымша талаптар енгізіліп жатқанын хабарлады. Онда жауапкершілікті міндетті сақтандыру және кикшеринг компанияларға қойылатын талаптарды қатаңдату қарастырылған.

Премьер-министр әкімдіктерге қысқа мерзімде электр скутерлердің тұрақ орындарын анықтауды және тиісті инфрақұрылым құруды, яғни қозғалыс үшін тыйым салынған тиісті жол белгілері бар аймақтарды белгілеуді, өңірлік жоспарларда веложолдарды дамытуды қарастыруды тапсырды.

Көлік министрлігінің ІІМ-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ЖКО-ның алдын алуға, ауыр салдарын төмендетуге және қауіпсіз жол ортасын қалыптастыруға бағытталған шаралары туралы Нұрлан Сауранбаев баяндады.

Жол желілерін жаңғырту шеңберінде соңғы 5 жылда 11 мың шақырым жол немесе еліміздегі жолдардың жалпы ұзындығының 45%-ы I және II техникалық санаттарға ауыстырылды, бұл қарама-қарсы бағыттарды бөлу және жүру бөлігін кеңейту есебінен қауіпсіздік деңгейін арттырды. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және транзиттік көліктер елді мекендерге соқпауы үшін 65 айналма жол және 38 жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды. 2030 жылға дейін тағы 2 мың шақырым жолды ауыстыру жоспарлануда, олардың кейбірі бойынша жұмыстар басталды.

Сонымен қатар, жолаушылар тасымалы нарығын реттеу бойынша да жұмыстар жүргізілуде. ІІМ-мен және такси агрегаторларымен бірлесіп тасымалдау процесінен рөлі оң жақта орналасқан 63 мыңға жуық автомобиль шығарылды. Ал бұрын рөлі оң жақта болған, яғни қайта жабдықталған автокөліктерді таксиде пайдалануға тыйым салуды, сондай-ақ тасымалдаушылар мен жүргізушілерді бақылау үшін агрегаторлардың жауапкершілігін күшейтуді көздейтін заңнамалық түзетулер әзірленуде.

Жиын барысында жазатайым оқиғалардың көбеюі тіркелген өңірлер әкімдері сөз алды.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек тәртіп бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелерінің күшейтілгенін мәлімдеді. Қазіргі таңда елордада 6,1 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр, сондай-ақ инфрақұрылымдық шешімдер жүзеге асырылуда, оның ішінде 1,3 мың шақырым жарықтандыру, 1,7 мың шақырым веложолдар және 53,6 мың шақырым жаяу жүргіншілер жолы бар.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің айтуынша, бақылау жүйесі кеңейтілуде: 131 «Сергек» кешені және 282 стационарлық кешен жұмыс істейді, сондай-ақ 24 учаскеде 48 «ақылды» камера орнатылған.

Сондай-ақ Премьер-министр Алматыда Әл-Фараби даңғылындағы үш адамның өмірін қиған көлік апатына қоғамда үлкен наразылық тудырғанын атап өтіп, қала әкімі Дархан Сатыбалдыға жол-көлік апаттарының санын азайту үшін қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Алматы қаласында жол қозғалысын автоматты түрде тіркеу жүйелері кеңейтілуде және трафикті басқарудың интеллектуалды жүйелері енгізілуде, оның ішінде бағдаршам нысандары мен реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдері бойынша жобалар жүзеге асырылуда.

Қорытындылай келе, Премьер-министр кейбір көрсеткіштердің төмендегеніне қарамастан, жолдардағы жағдай қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды талап ететінін атап өтті. Өйткені алда жазғы демалыс маусымы жақындап келеді, бұл халық қозғалысының артуына және тиісінше жол-көлік оқиғалары қаупінің жоғарылауына әкеледі.

Премьер-министр азаматтардан келіп түскен шағымдарға байланысты электрлі велосипедтер мен мопедтер жүргізуді реттеуге бақылауды күшейтуге назар аударды. ІІМ мәліметі бойынша, аталған көлік құралдарының жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жүргізуші куәлігін алуға міндеттелді.

— Көлік тәртібі пен жүргізуші мәдениетін арттыру үшін тұрақты түрде жұмыс жүргізуі. Жуырда Мемлекет басшысы ғалымдарды марапаттау рәсімінде бұл мәселеге тағы бір рет назар аударды.

Жүргізушілер ережелерді тек камералардың «бақылау аймағында» ғана емес, үнемі сақтау керектігін біржола түсінуге тиіс. Елордада «жасырын» патрульдеу тәжірибесі сәтті қолданылуда. Белгілі бір нәтиже бар. Қалған өңірлерге де бұл тәжірибені енгізу керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр тиісті министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді:

Ішкі істер, Оқу-ағарту, Мәдениет және ақпарат министрліктері, әкімдіктер жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтсін. Әсіресе, мектеп демалысы қарсаңында мектеп оқушылары мен ата-аналармен бұл жұмысты күшейту қажет.

Көлік министрлігі автокөліктерді техникалық тексеруден өткізу жүйесін, оның ішінде Ішкі істер министрі айтқан ұсыныстарды ескере отырып, өзектендіруі керек.

Орташа жылдамдықты бекіту оң нәтиже бергені атап өтілді. Бұл орайда тек ақылы республикалық трассалармен шектелудің қажеті жоқ екені баса айтылды. Көлік министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, аймақтық жолдарға тиісті камераларды орнату мәселесін шешу тапсырылды.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының шамамен 80%-ы елді мекендерде болды. Зардап шеккендердің төрттен бірі — жаяу жүргіншілер. Елді мекендерде қауіпсіз көлік инфрақұрылымын құру қажеттігіне баса назар аударылды.

Өңір әкімдіктеріне реттелетін жаяу жүргіншілер өткелдері санын арттыру, қоршаулар мен жарықтандыру орнату, сондай-ақ жол белгілерінің сапасын қамтамасыз ету тапсырылды.

Айта кетелік Бектенов «Цифрлық полицей» жобасын енгізуді жеделдетуді тапсырған еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Сәуір 2026 16:21
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары