Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстандықтардың табысы төмендей бастады

Қытайдың жаңа лазерлік жүйелері радиоэлектрондық кедергілерге төзімді дрондарды жояды

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды

Президент: Ерванд Ильинский сияқты азаматтар қоғамның тірегі, төзімділіктің жарқын үлгісі

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

27 наурыздағы сауда саттықта доллар бағамы сәл өсті

Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7% ке өсті Мишустин

27 наурыз. Жылнама

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

ЕАҮК аясында ветеринариялық бақылауды цифрлық форматқа ауыстыру ұсынылды

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

Найзағай, дауыл: Ертең елімізде дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

Ұлт үшін рухани мұраның маңызы зор

Ұлт үшін рухани мұраның маңызы зор

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жыл аяқталар тұста Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұраны қорғау жөніндегі үкіметаралық комитетінің 20-сессиясында «Киіз үйді жасау және қолдану дәстүрі» аталымын кеңейту туралы шешім қабылданды. Ал  бұл тізімге «Киіз үй тігу»  дәстүрі 2014 жылы енгізілген еді. Одан бері де  «Қазақтың дәстүрлі домбырада күй ойнауы»,  «Қазақ күресі», «Асық ату ұлттық ойыны» қатарлы біраз дүние осынау тізімге енген. Ал бұлардың барлығы ұлтпен бірге жасасып келе жатқан, мәдениетіміздің ажырамас бөлшегі  болып ғасырлардан ғасырларға жалғасқан мұралар.

Материалдық емес мәдени мұра – қоғамның мә­дени бірегейлігінің негізін құрай­тын, ұрпақтан-ұрпаққа адам жады арқылы берілетін рухани, зият­керлік, адамгершілік-этикалық құндылықтар мен тәжірибелердің жиынтығы. Материалдық емес мәдени мұраның сақталуы мен ұрпаққа жалғастық табуы, заттық мұраға қарағанда аса күрделі  болады. Мысалы, Материалдық емес мәдени мұраны сақтаушы негізгі нысан ол – адам. Егер ма­териалдық емес мәдени мұраны ұстап отырған адам, яғни оны  сақтаушы, мұрагер,  шебер өмір­ден өтсе, оның ұстанып отырған мұрасы өзімен бірге өледі. Әл­бетте, олар шәкірт, өнерін жалғас­тырушы мұрагер тәрбиелеген болса, сөз басқа. Дегенмен матер­иалдық емес мәдени мұраның тікелей адам ғұмырымен байла­нысты болатын тұсы  осында жатыр. 

Қазіргі таңда Қазақстанның елді мекендерінде рухани мәдени мұраны сақтаушы егде жастағы адамдардың қатарының кемуіне байланысты, түрлі ұлттық құнды­лықтарымызға жойылу қаупі төніп тұр. Сондықтан Қазақ­стан­ның тарихи және мәдени ескерт­кіштерінің тізімі тәрізді матер­иалдық емес мәдени мұралардың тізімі де жүйеленуі керек. Сонда ғана олардың нақты санын, қазір­гі сақталу жағдайын, материалдық емес мәдени мұраның қандай түріне жоғалу қаупі төніп тұр­ғанын анықтауға болады. 

Ұлт мұрасын сақтаушы  адам екеніне тарихта  дәл­ел жетеді. Айталық, XX ғасырдың ортасына дейін Қазақстанның ауылдық жерлері халқының көбі материалдық емес мәдени мұра­ның әртүрлі элементтерін сақ­та­ды. Мысалы, киіз басу, кілем тоқу тәрізді дәстүрлі қолөнермен шұ­ғылданды, бүгінде бұл мұралары­мызды сақтаушылар саусақпен санарлық қана қалды. Урбани­зация процесінің қарқынды жүруі­не, жастардың жаппай қала­ға ағылуына, түрлі себеппен қол­өнер бұйымдарына деген сұран­ыс­тың азаюына байланысты дәс­түрлі қолөнерді жалғастыру­шылар саны едәуір кеміді. Қолөнер бұйымдарына деген сұраныс көп жағдайда шетелдік қонақтар тарапынан туындап отыр. Өткен ғасырдың аяғында бірегей қазақ кілемдерін шетел­діктер сатып алып, кейін сыртқа әкеткен. Бұрын мұндай кілемдерді әр үйдің төрінен кездестірсек, бү­гінде оларды негізінен музейлер­ден ғана табуға болады. Қазақ­стан­ның, негізінен оңтүстік өңір­лерінде сақталған дәстүрлі кілем тоқумен айналысатын әйелдердің жасы 60-70-тен асып кеткен. Олар өз өнерін келесі буынға  үйретпесе, қазақтың  кілем тоқу  дәстүрі  тек жылнама­ларда ғана қалады деген сөз. 

Тағы бір мысал айталық. Дәстүрлі музыкалық аспаптарда ән, күй орындау қазақ халқының материалдық емес мәдени мұра­сының маңызды бір саласы сана­лады. Қазақстан аумағында бір­неше күйшілік мектептің бар екені белгілі. Ғалымдардың айту­ынша, бұрын түрлі себепке бай­ла­нысты күйшілік мектептердің жойылып кеткен жағдайлары болған. Бүгінде Қазақстанда дәстүрлі күйшілік мектептердің бірді-екілі өкілдері ғана қалған. Мысалы, Арқа күйшілік мектебі­нің өкілі Қалкен Қасымов, Маң­ғыстау күйшілік мектебінің өкілі Әзірбай Өскенбаев пен Сержан Шәкіратов және тағы басқалары. Ал мұндай тұлғалар өмірден озса ел ішіндегі күйшілік мектеп те тоқырайды деген  сөз. Рас, кон­сер­ваторияда  бұл мектеп­тердің бағыттары зерттеледі,  оқытылады, бірақ олар ел ішіндегі құймақұлақ күйшілер емес, кәсіби мамандар.  

Жалпы, материалдық емес мәдени мұраның ұрпақ тәрбие­сіндегі рөлін барынша арттыру маңызды. Қазақтың ұлт болып ұйысып, ел болып ірге кеңейтуіне бірден-бір қызмет ететін тетік, сан ғасырлар бойы бабаларымыздың жады арқылы жеткен осы мұра күнделікті өмірде  сақталып қалуы керек. Ол үшін рухани мәдени мұра элементтері мен оларды сақтаушылар туралы мәліметтерді қорғау, зерттеу, танымал ету жұмысын Халықаралық конвен­ция мен ЮНЕСКО-ның талап­тарына сай жүйелі жүргізу қажет.  

2003 жылғы 17 қазанда Па­риж­де жасалған «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» конвенцияны Қазақстан Республикасының Үкіметі 2011 жылғы 1 маусымдағы № 613 қау­лы­сымен ратификациялап, Үкі­меттің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 408 қаулысымен, 2013-2016 жыл­дарға арналған Қазақстан Респуб­ликасында материалдық емес мәдени мұраны қорғау және дамы­ту жөніндегі тұжырымдама қабылданғанымен, ол жай қағаз жүзінде қалғанын ашық айтуымыз керек.  

Шетелдік тәжірибені ес­кер­сек, Еуропада, атап айтқанда, Ұлыбританияда, Фран­цияда және Германияда матери­алдық емес мәдени мұраларды қор­ғау, ең алдымен үкіметтің басшылы­ғымен қаржылық қолдау арқылы жүзеге асады, ал АҚШ-та федер­ал­ды үкімет штаттарды, кәсіп­орындарды, мекемелерді және жалпы жұртшылықты заң­нама мен үкімет арқылы матер­и­алдық емес мәдени мұраны қор­ғауға шақырады. Қытай 2011 жыл­дан бастап материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы арнайы заң қабылдап, мемлекет халықтың мәдени мұрасын сақтау бағдар­ламасын іске асыра бастады. Көп­теген мұрагер мемлекеттің қаржы­лық қолдауы, заңнаманы жет­іл­діру және басқа да әдістер арқы­лы материалдық емес мәдени мұраны аса жоғары деңгейде сақтап отырғаны байқалады.

Материалдық емес мәдени мұра заңын қабылдаған ТМД елдері қатарына Әзербайжан, Армения, Қырғызстан, Молдова және Түрікменстан кіреді. ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық Ассамблеясы 2013 жылы «Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы» заң қабылдады.

2024 жылы Өзбекстанда «Ма­тер­иалдық емес мәдени мұраны қорғауды, ғылыми зерттеуді және насихаттауды дамыту жөніндегі қосымша шаралар туралы» президенттің жарлығы қабыл­данды. 2024 жылы материалдық емес мәдени мұраны сақтаушы­ларға ай сайын 5 миллион сом төленеді.

Халықаралық конвенцияда материалдық емес мә­дени мұра бірнеше салада көрініс тапқан. Атап айтқанда, матери­алдық емес мәдени мұраның тасы­мал­даушысы ретінде тілді қоса алғанда, пайымның дәстүр­лері мен нысандары, орындау­шылық өнер (ән, күй, жыр, жоқ­тау, сыңсу, қараөлең, жарапазан, жұмбақ-жаңылтпаштар, тақпақ, бата, бәдік-күләпсан), әдет-ғұрыптар, салт-жоралар, мей­рамдар қарастырылады. Сонымен бірге табиғат пен дүниеге қатысты білімдер мен әдет-ғұрыптарда, дәстүрлі кәсіптермен байланысты білімдер және дағдылар да ма­тери­алдық емес мәдени мұралар қатарына кіреді. 

Қазақстан – Ұлы даладағы көшпенділер өркениетінің тіке­лей мұрагері. Еліміздің өткені мен бүгіні, болашағы рухани мұра­мызбен тікелей тамырлас екені даусыз. Біз болашаққа сеніммен қадам басуымыз үшін, төл тари­хымыздың ауқымы кең екенін толық сезініп, рухани мәдени мұра­мызды сақтап, оны дәріп­теуіміз қажет. 

Қазақстанның «Материалдық емес мәдени мұра туралы» заңын қабылдау материалдық емес мә­дени мұра элементтерін сақтау, пай­далану, танымал ету және мем­ле­кеттік қорғау саласындағы қаты­нас­тарды реттеуге көмек­теседі. Сондай-ақ әрбір Қазақстан азама­тының мәдени құнды­лықтарға қол жеткізуге консти­туциялық құқы­ғын және әрқай­сысының матер­иал­дық емес мә­дени мұраны сақ­тауға қ­амқо­рлық жасау консти­ту­циялық міндетін іске асыруға, халықтар мен өзге де этникалық қауым­дастықтардың өздерінің мәдени-ұлттық ерекшеліктерін сақтауға құқықтарын іске асыруға бағыт­талған.

Соңғы жылдары бірнеше облыс материалдық емес мәдени мұраның келешек ұрпақ үшін маңызын түсініп, рухани мұра­ларды және оларды сақтаушы мұрагерлерді қорғау, қолдау мақ­сатында жемісті жұмыс істеуде. Мысалы, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары осы сала бойынша арнайы жоба жариялап, кешенді түгендеу экспедицияларын ұйымдас­тырды. 

Ақтөбе облысы әкімінің тіке­лей қолдауымен өтетін «Сыбаға» фестивалі – жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ұлттық құндылықтарды дәріптеуге ба­ғыт­талған маңызы зор мәдени іс-шара. Бұл Қазақстанның материалдық емес мәдени мұра­сының бірнеше бағытын жалпы халыққа және жас ұрпаққа наси­хаттауға бағытталған.

«Сыбаға» фестивалінің негізгі мақсаты – қазақ халқының дас­тарқан мәдениетін, қонақжай­лылық дәстүрін, ас беру мәдение­тін, ұлттық тағам түрлерін және этнографиялық мұраны кеңінен таныту. 2025 жылдың 4-6 желтоқ­саны аралығында осы «Сыбаға» фестивалі Ақтөбе қаласында өте жоғары деңгейде өтті. Матери­алдық емес мәдени мұраның «ұлт­тық тағам», «ұлттық киім», «ұлт­тық өнер», «ұлттық қолөнер» қатарлы төрт бағыты бойынша облыс көлеміндегі мұраны сақ­таушы жекелеген мұрагерлер мен қоғамдастықтарды тарта отырып, 3 күн бойы Ақтөбе жұртына атал­ған құндылықтар бойынша ше­бер­лік сыныптар дәріс түрінде өткізілді. Бұл облыс орталығын­дағы білім және мәдениет саласы қызметкерлерінің материалдық емес мәдени құндылықтарды прак­тикалық деңгейде наси­хаттауына зор мүмкіндік береді деуге болады. Фестивальдың бірінші күні – «Тағылым»; екінші күні – «Дәстүрлер жаңғырығы»; үшінші күні «Салбурын» атауы­мен белгіленген. Тағы бір маңыз­ды шара 4-6 желтоқсан күндері ауыл-аймақтарда қазақ дәстүрі бойынша соғымның сыбағасы таратылып, адамдар арасында бір-біріне деген құрмет көрсетілді. 

«Сыбаға-2025» фестивалінің «Тағылым», «Дәстүрлер жаңғы­рығы», «Салбурын» тақырыбын­дағы шаралары ұлттық өнердің кең тынысын көрсетіп, дәстүр мен жаңашылдықты үйлестірген материалдық емес мәдени мұра­ның бірнеше саласын жас ұрпаққа насихаттауда, толыққанды мә­дени іс-шара ретінде жоғары бағаланды.

Ардаби МАУЛЕТ,

Ұлттық музей Мәдени-

мұраны ғылыми-зерттеу

институты қазақтың дәстүрлі

мәдениеті бөлімінің жетекшісі

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:86
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Желтоқсан 2025 07:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстандықтардың табысы төмендей бастады

27 Наурыз 2026 00:05see113

Қытайдың жаңа лазерлік жүйелері радиоэлектрондық кедергілерге төзімді дрондарды жояды

27 Наурыз 2026 13:06see111

Астанада Халықаралық театр күніне орай 7 театрдың жетістіктері жарияланды

27 Наурыз 2026 18:31see111

Көктемгі әскерге шақыру: SARBAZ+ жобасы өтінімді онлайн қабылдайды

27 Наурыз 2026 16:28see110

Президент: Ерванд Ильинский сияқты азаматтар қоғамның тірегі, төзімділіктің жарқын үлгісі

27 Наурыз 2026 13:05see110

25 жастағы испаниялық қыздың эвтаназия таңдауы қызу талқыланып жатыр

28 Наурыз 2026 09:48see110

27 наурыздағы сауда саттықта доллар бағамы сәл өсті

27 Наурыз 2026 15:45see109

Аида Балаева Дүниежүзілік театр күнімен құттықтады

27 Наурыз 2026 12:59see109

Қазақстандықтар ауруханадағы туысының жағдайын онлайн бақылай алады пилоттық жоба іске қосылады

28 Наурыз 2026 14:20see109

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

28 Наурыз 2026 09:23see108

ЕАЭО елдерінің жалпы ішкі өнімі 1,7% ке өсті Мишустин

27 Наурыз 2026 13:48see108

27 наурыз. Жылнама

27 Наурыз 2026 07:40see107

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды

27 Наурыз 2026 11:31see107

Астаналық полицейлер бейнекамера арқылы жол ережесін бұзғандарды анықтады

27 Наурыз 2026 14:28see107

Қостанай облысында полицей талмасы ұстап, есінен танған қызды құтқарды

27 Наурыз 2026 21:44see106

ЕАҮК аясында ветеринариялық бақылауды цифрлық форматқа ауыстыру ұсынылды

27 Наурыз 2026 13:05see106

Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты видео

27 Наурыз 2026 22:03see106

Найзағай, дауыл: Ертең елімізде дабылды ескерту жарияланды

26 Наурыз 2026 23:52see106

Қазақстанға шаңды дауыл, найзағай мен жаңбыр жылжып келеді 28 наурызға арналған ауа райы болжамы

27 Наурыз 2026 18:33see105

Денсаулықты сақтаудың төрт қарапайым әдеті

28 Наурыз 2026 20:53see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары