Ұлттық банк төрағасы орынбасарына салынған айыппұлға қатысты пікір білдірді
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АСТАНА, 24 шілде – Sputnik. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов орынбасары Әлия Молдабековаға салынған айыппұлға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Былтыр Жоғары аудиторлық палатаның тексеру қорытындысы бойынша Ұлттық банктің кейбір қызметкерлеріне төленген сыйақыны қайтару туралы ұйғарым шығарылған. Алайда банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова бұл талапты белгіленген мерзімде орындамаған. Осыған байланысты сот шешімімен оған айыппұл салынған.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, 2020-2023 жылдары департамент қызметкерлерінің кейбір міндеттері тиісті құжаттарда бекітілмегенімен, олар қажетті жұмысты атқарған.
"Сол үшін 150 мың және одан сәл жоғары көлемде сыйақы алған. Бірақ лауазымдық нұсқаулықта бұл міндеттер көрсетілмегендіктен, Аудиторлық палата оны ішкі ережелерді бұзу деп бағалаған. Біз ішкі құжаттардың барлығын ретке келтірдік. Алайда ұйғарымды орындау мерзімі аяқталғанға дейін бәрін толық үлгермедік. Сондықтан заңға сәйкес айыппұл салынды", – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.
Оның айтуынша, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Шешім күшіне енгеннен кейін Әлия Молдабекова айыппұлды төлеп, мәселе жабылады.
Сүлейменов сондай-ақ сыйақы алған қызметкерлердің қаражатты біртіндеп қайтарғанын атап өтті.
"Ол ақша қайтарылды. Біз оны біртіндеп қайтарып отырдық", – деді Ұлттық банк басшысы.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:53
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Шілде 2026 19:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















