Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Ұлттық ойындар адамның ақыл ойын дамытып, шымыр болуға тәрбиелейді

Ұлттық ойындар адамның ақыл ойын дамытып, шымыр болуға тәрбиелейді

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Тарих ғылымдарының докторы, этнограф Базарбек Төтенайдың ғылыми зерттеулері мен мақалалары жинаққа еніп, «Қазақ ұлттық ойындары» кітабы жарық көрген. Оған 100-ге жуық ойын енді. Ойындармен бірге ойын өлеңдер де жинақталған.

Мәселен көпшілікке жақсы таныс ұшты-ұшты, айгөлек, ақсүйек, соқыр теке, тоғызқұмалақ, асық ату, бесасық ойындары бар.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Жинақта сирек айтылатын бұғнай ойынының ережесі де жазулы. Ойын ережесі бойынша жүргізуші ойынға қатысушыларды айналдыра отырғызып, реттік сан береді. Ойыншылар өзінің реттік саны айтылғанда ұшып тұрып, келесі біреуін шақыруы тиіс.

— Әдетте малдас құрып немесе жүресінен отырған балалар бірден орындарынан тұра алмай қалып жатады. Ал кейбірі сасқалақтап, саны аталмаса да орнынан қозғалады. Мұндайда ойыншылар айыпты саналып, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып, өнер көрсетеді, — деп жазылған жинақта.

Ал атбақыл ойынының ережесі бойынша екі адамға топай асық беріледі. Келісім бойынша бірі сақасын алысқа иіреді, екіншісі әлгі сақаны атады.

Егер қарсылас сақаға дәл тигізсе, екінші ойыншы оны арқалап сол жерге апарады. Дәл сол тұста сақаны қайта иіреді.

Ал егер бірі екіншісінің сақасына тигізе алмаса қарсылас сақасын алып, атады. Сөйтіп ойын созыла береді. Бұл ойындардың бәрі де балаларға арналған.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Жастар жағы ақсүйек ойнайды. Қазір бұл атаумен түрлі мәдени кеш ұйымдастырылады.

— Ақсүйек — шапшаңдық пен айла-тәсілді қатар пайдалана білуге, батылдық, қараңғыда жер жағдайын бағдарлауға, жүйріктікке тәрбиелейтін ойын. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Сүйікті лақтырғанда дыбыс естіліп, іздеу басталады. Ақсүйекті тапқан ойыншы тезірек көмбеге жетіп, оны иесіне қайтаруға асығады. Сүйек қолына тиген ойыншы: «Ақсүйек менде!» деп айқайлауы шарт. Ойыншыларды шатастыру үшін бірнеше адам қосарлана айқайлайды. Ұтылған топ өнер көрсетеді, — деп жазылған кітапта.

Педагогика ғылымдарының кандидаты Гүлшат Бахтиярова «Халық тағылымы — тәрбие қайнары» атты еңбегінде ұлттық ойындарды балалар ойындары, жастар ойындары және спорттық ойындар деп үшке бөлді.

Оның айтуынша, кейбір ғалымдар сөздік ойындар тобын да топтастырады. Себебі бұл дене шынықтыру, қимыл-қозғалыс қана емес, баланың тілін шығару, ақыл-ойын дамытудың құралы.

— Жастар ақсүйек, алтыбақан, көрші секілді ойындар ойнайды. Бұл балаларға арналмаған, ақсүйек халық арасында кең тараған ойын түрі. Кешкі сауықта ауыл жастары, қыз бен жігіт арасындағы сыйластықты әдемі көрсетеді. Балалар ойындарына ақсерек-көксерек, санамақ, қаламақ, соқыртеке, тоғызқұмалақ, ханталапай, асық ату ойындары кіреді. Ұлттық ойындардың жалпы мазмұнына үңіліп қарасақ, тұрмыс-тіршілік және тұрмыс-тіршілік көзінің төрт түлік малмен тығыз байланысын, табиғи сабақтастықпен өрілген керемет халықтық шығармашылықты байқаймыз. Асық, ақсүйек дегеннің өзі мал сүйектерін тануға септігін тигігетін дүниетаным құралы болып тұр. Баланың жеке тұлғалық болмысын қалыптастырушы, әлеуметтендіруші құрал. Бұл ойындардың қай-қайсысы да баланы ең алдымен тапқырлыққа, сондай-ақ ұжымдық ойындар кезіндегі дербестікке ұмтылуға, белсенділікке, шымыр болуға, ептілікке икемдейді, — деді педагогика ғылымдарының кандидаты Г.Бахтиярова. 

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Асық ату дамып, бестас ойыны бесасыққа айналды

Асық ату ойынында диаметрі 4-5 метр болатын шеңбер сызылады. Барлығы үш айналым болады. Әр айналымға 15 минум уақыт беріледі.

Сол уақытта екі ойыншы ортада қаз-қатар тұрған асықты атып, шеңберден шығарып жіберуі тиіс. Ойыншы асықты алып, ұпақ жинайды. Кейбірі бірден екі асыққа дөп тигізіп, қос асықты еншілейді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Асық ату ойының әр айналымы 15 минут болса, екі ойыншы 45 минут бойы жүгіріп жүреді. Кейбірі ұпай жинап алған кезде уақыт созуды ойлап, асықпай ойнайды. Ол кезде төреші ескерту береді. Екі рет ескерту берсе, ойынды тоқтатып, қарсылас жеңіске жетеді. Екі айналымда да бір ойыншы ұтса, ойын тоқтайды. Сонда кем дегенде спортшылар 30 минут жүгіріп жүреді. Мәні осында. Қазір ортаға тіккен асықты манай деп атайды. Ортада 15 манай тұрады. Оның 8-ін алса уақытынан бұрын жеңімпаз атанады. Кейде екі ойыншы 7 асықтан алып, ортада бір манай қалады. Оған тигізу қиын. Уақыт біткен соң қосымша бір минуттан беріледі. Ол кезде де тигізе алмаса шеңберден атады. Әрқайсысында үш мүмкіндік бар. Егер жеңімпаз ашықталмаса сақаны иіреді. Алшы түскені жеңіске жетеді. Ересектерге арнаған шеңбер диаметрі 5 метр, балаларға арналғаны 4 метр, — деді Ақтөбе облыстық ұлттық спорт мектебінің жаттықтырушысы Мұқтар Құлтасбай.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Асық ату баланы ширады. Ол 45 минут бойы жүгіріп, өз-өзін басқаруды үйренеді. Көздеп атуға машықтанады, сырғытып жіберсе, есептелмейді. Бұл көзге арналған жаттығудың бір түрі.

— Асық ойынының өзі есеп. Сосын сақаны шиіріп ату керек. Сақа ортада тұрған асыққа тисе ұшырып жібереді. Шиіру білмесе үлкен жарысқа қоспайды. Асық ойынының мәнісі — ату мен иіру. Емдік қасиеті де бар. Көзге жаттығу, массаж десек те болады. Адам өз-өзін ұстауды, жеңіліс тапса да сабыр сақтауды үйренеді. Егер ашуға берілсе, қолы қалтырап кетеді, — деді Мұқтар Құлтасбай.

Елімізде асық ату ойыны ересектер арасында да өткізіледі. Жыл өткен сайын ережесіне өзгерту енгізіліп, талаптар жаңарып отырады. Бұл - асық ату ойынын халықаралық дәріжеге жеткізудің бастамасы.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Асық ату ойыны қазір қарқынды дамып келеді. Ақтөбе облысында ересектер, жастар, жасөспірімдер арасында ел чемпиондары, жүлдегерлері бар. республикалық ғана емес, халықаралық ойындар да ұйымдастырылып, шеберліктерін шыңдап жатыр. Чехия, Индонезия, Үндістан, Истония, Ресейден де ойыншылар келіп, үйреніп, таралуына септігін тигізіп жүр. Жекелей де, командалық та ойнауға болады. Бұл бірлікке үндейді, — деді жаттықтырушы.

Қазір асық атумен қатар бесасық ойыны дамып келеді. Оны тек қыздар ойнайды.

— Бұл бұрын бестас болды, қазір бесасыққа айналды. Ата-бабамыз таспен ойнаса, қазір асыққа алмастырды. Барлығы 8 айналым бар. Бірлік, екілік, үштік, төрттік, алақан, сарт-cұрт, үндемес, қаршу, нәби деп аталады. Бесасыққа 5-6 жастан бастап келіп, үйрене береді. Алақан кішкентай болған соң асықты қағып алу қиын, — деді Мұқтар Құлтасбай.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Тоғызқұмалаққа қызығушылық артты

Елімізде ғана емес, әлемге танылған ұлттық ойынның бірі — тоғызқұмалақ. Зияткерлік ойынының төрт мың жылдық тарихы бар. 2004 жылы Қазақстан тоғызқұмалақ федерациясы құрылды.

Елде ойын ережесі жүйеленіп, республикалық және халықаралық жарыстар ұйымдастырылды. Ал 2020 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұралары тізіміне енді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Қазіргі кезде мектептерде тоғызқұмалақ үйірмесі жұмыс істеп тұр. Ақтөбе облыстық ұлттық спорт мектебінің жаттықтырушы Аманбек Өндірбаевтың айтуынша, алғашқы күні-ақ балаларға тоғызқұмалақ тарихын баяндайды.

Содан кейін ережесін түсіндіреді. Жыл өткен сайын зияткерлік ойынына қызығушылық артып келеді.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

— Бір ғана ұлттық спорт мектебіндегі үйірмеге 100-ге жуық оқушы қатысады. Балалар бірінші сыныпта оқып жүргеннен бастап қабылданады. Сонымен бірге орта мектептерде де үйірмелер бар. Балалар 3-4 жылда ережені толық меңгеріп, жарыста жақсы нәтиже көрсете алады. Ережесі бойынша барлығы 18 отау, 162 құмалақ болады. Әр ойыншыда 9 отау бар. Ойын басында әр отауға 9 құмалақтан салынады. Демек әр ойыншыда 81 құмалақтан болады. Жұп сандарды алып, өз қазанымызға саламыз. Ойыншы 82 құмалақ жинаса, жеңіске жеткені. Әр ойыншыға 2 сағат беріледі, — деді Аманбек Өндірбаев.

Айта кетейік, «Көшпенділер алгебрасын» меңгерген бала есепке жүйрік болады. Бұл ойын балалардың логикалық, есте сақтау, көбу қабілетін дамытады.

Фото: Алтынай Сағындықова / Kazinform

Тоғызқұмалақты таратқан кезде бес саусақтың бәрін уқалап шығады. Балалар бір сабақта 3-5 мың рет саусақтарының ұшын уқалайды. Ал саусақ ұшында адамның көру, ойлау, есте сақтау қабілетін арттыратын нүктелер бар екені белгілі. Қол моторикасына да пайдалы.

Осыдан екі жыл бұрын Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ішінде тастары бар тоғызқұмалақтың тақтасы алғаш рет стратосфера қабатына шығып, қайтадан жерге жеткізілді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 16:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары