Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Көмбенің көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын

Көмбенің көмескі ізі: Ұмытылып бара жатқан ұлттық ойын

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Ата-бабамыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық ойындары – тұтас бір тәрбие мектебі. Әр ойынның өз ережесі, өз мәні, өз міндеті бар. Бірі баланы ойлануға, тапқырлыққа баулыса, бірі батылдық пен күш-қайратқа шыңдайды, енді бірі ептілікке, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа үйретеді. Сондықтан ұлттық ойындар ғасырлар бойы бала мен жастың мінезін қалыптастырып, денесін шынықтырып, ақыл-ойын жетілдірген рухани-мәдени құрал қызметін атқарды.

Осы бай қазынаны жинақтап, ғылыми жүйеге түсіруге алғашқылардың бірі болып еңбек еткен тұлғаның бірі – қазақтың мәдениеті мен этнографиясына зор үлес қосқан Әбубәкір Диваев. Ол ұлттық ойындарды қағазға түсіріп қана қоймай, қатысушылардың жас ерекшелігіне қарай жіктеп, тәрбие мен даму кезеңдерімен байланыстырған. Ә.Диваевтың ұсынған жіктеуінде жеті жасқа дейінгі балалар ойыны, 7–15 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ойындар және 15–30 жасқа дейінгі ересектер ойыны деп бөлінеді. Осы теориялық негізді басшылыққа ала отырып, ол ұлттық ойындарды үш топқа топтастырған. Атап айтсақ, бірінші топ – сәбилер ойыны (баланың дүниетанымын қалыптастыратын қарапайым да әсерлі ойындар), екінші топ – бозбалалар ойыны (қағілездік пен шымырлықты, төзім мен дәлдікті жетілдіретін ойындар), үшінші топ – жігіттер ойыны (қоғамдық өмірмен тығыз байланысты, жедел қимылды, бәсекелік сипаты басым әрі спорттық маңызы бар ойындар).

Педагогикалық практикада қозғалмалы ойындар баланың денесін шынықтырып қана қоймай, тәртіпке баулитын, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыратын тиімді құрал ретінде кең қолданылады. Сабақ барысында да, сыныптан тыс уақытта да мұғалімдер ұжымдық және жеке қозғалмалы ойындарды, сондай-ақ спорттық әрекеттерге бастайтын, дайындайтын жетекші ойындарды жиі пайдаланады. Мұндай ойындар балалардың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырады, әрі спортқа біртіндеп бейімдейді.

Ұжымдық қозғалмалы ойындар – бір мезетте қатысушылардың шағын тобынан бастап, тұтас сынып, спорт секциясы, тіпті кей жағдайда ойыншылардың саны едәуір көп ортаға дейін қамтитын ойын түрлері. Бұл ойындарда балалар бір мақсатқа жұмылып әрекет етеді, яғни топпен келісу, бірін-бірі қолдау, ортақ ережені сақтау, әділ бәсеке жүргізу сияқты дағдылар қалыптасады. Ең маңыздысы – ұжымдық ойын әр баланың өз орнын табуына, жауапкершілікті сезінуіне, көшбасшылық пен ұйымшылдықты қатар дамытуына ықпал етеді.

Ал индивидуалды (жеке) қозғалмалы ойындар көбіне кіші жастағы балаларға арналған. Мұндай ойындарда әр бала өз жоспарын құрып, өзіне қызықты шарттарды белгілейді, қажет болса оны қалағанынша өзгерте алады. Яғни ойынның бағытын, қарқынын, тапсырмасын баланың өзі таңдайды. Бұл өз кезегінде баланың қиялын дамытып, дербес шешім қабылдауына, өз әрекетін жоспарлап, соған сай қимыл жасауына мүмкіндік береді. Жеке ойын – баланың ішкі еркіндігін, шығармашылығын, өзіндік қызығушылығын айқын көрсететін алаң.

Қозғалмалы ойынның мазмұны әдетте үш тірекке сүйенеді, яғни сюжеті (тақырыбы мен идеясы), ережесі және қозғалыс әрекеттері. Сюжет ойынға мағына береді, қызықтырады, мақсат қояды. Ереже тәртіпке, әділдікке, өз-өзін бақылауға үйретеді. Ал қозғалыс әрекеттері шапшаңдық, ептілік, төзімділік, дәлдік секілді дене қасиеттерін жетілдіреді. Осы мазмұнның бәрі кездейсоқ пайда болмаған. Қозғалмалы ойындар ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан өмір тәжірибесінен, халықтың тұрмыс-тіршілігі мен дүниетанымынан нәр алып, тәрбиенің табиғи тетігіне айналған.

М.Гуннер қазақтың ұлттық ойындарын мазмұны мен өту жағдайына қарай жалпы ойындар, қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар, ашық алаңқайдағы ойындар, қыс мезгіліндегі ойындар, демалыс ойындары, ат үстіндегі ойындар, аттракцион-көрініс ойындар деп бірнеше түрге жіктейді. Бұл жіктеу ұлттық ойындардың тұрмыспен, табиғатпен, мезгілмен және қоғамдық өмірмен біте қайнасқанын көрсетеді. Шын мәнінде, ұлттық ойындар адамның өмірлік қажетіне қызмет еткен, яғни баланы еңбекке, қорғанысқа, ұйымшылдыққа, ептілік пен төзімге баулыған. Алайда уақыт ағымымен, тіршілік дағдысының өзгеруімен кейбір ойындар сиреп, тіпті ұмыт бола бастағаны да рас.

Солардың бірі – қарсыласу мен күресу сипатындағы «Көмбе» ойыны. Бұл ойын бүгінгі күнде Тұран ойпатының шеткері, алыстау ауылдарында ғана сақталып келеді. Жыл өткен сайын оны ойнайтындардың қатары сиреп барады. Аймақтық атауы да әртүрлі. Арал өңірінде «Тиын», оңтүстікте «Қарауыл», ал орталықта «Көмбе» деп аталады. Атауы бөлек болғанымен, мәні бір. Бұл – екі жақтың «айқасы» секілді, жауынгерлік рухты оятатын, күш пен қайратты ғана емес, ақылды да талап ететін ойын. Қазақ халқы кең даласын қорғау үшін талай сыннан өткенін ескерсек, мұндай ойындардың тәрбиелік жүгінің ауыр болғаны түсінікті. «Көмбе» баланы батылдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, қарсыласын жеңудің амалын табатын тапқырлыққа тәрбиелейді. Ойынның мақсаты – қарсы команданың алаңын басып алып, үстемдікке жету.

Ойынның ережесі мен тәртібіне тоқтсалсақ,
сайыс екі команда арасында өтеді. Әр топта алаңның көлемі мен ойынның шартына қарай 5 немесе 7 ойыншыдан болады. Командалар бір түсті ұлттық киіммен ерекшеленеді. Екі команданың алаңы бір-біріне жанаса орналасады, әрі әр алаңның кіріп-шығатын өз жолы болады. Ойын екі кезеңнен тұрады: әр кезеңге 10 минуттан уақыт беріледі.

Ойыншылардың міндеті – өз алаңын қорғау және қарсыластың ойыншыларын әлсірету. Ол үшін қарсылас ойыншыны итеріп алаңнан шығару немесе өз алаңына тартып әкелу керек. Алаңнан толық шыққан ойыншы ойыннан шығарылады. Уақыт аяқталғанда, қарсыласының алаңын көбірек «жеңіп алған» (яғни үстемдік орнатқан, ойыншы санын азайтқан, алаңға ену мүмкіндігін көбейткен) команда жеңімпаз атанады. Осы ойынның өзінен-ақ ұлттық ойындардың жай қызық үшін емес, елдік рухты, күрескер мінезді қалыптастыру үшін өмірге келгенін аңғаруға болады.

«Көмбе» секілді ұмытылып бара жатқан ойындарды қайта тірілту – ұлттың тән тәрбиесін ғана емес, мінез тәрбиесін де күшейтеді. Батылдық, ептілік, әділдік, ұйымшылдық, қарсыласқа құрмет – осының бәрі ұлттық ойынның бойында бар. Демек, ұлттық ойынға қайта бет бұру – тамырға қайта жалғану, ұрпақ пен ұрпақтың арасын жалғайтын алтын көпірді қайта нығайту.

Бауыржан Мүсірепов,

Ақтөбе қаласындағы Благодар орта мектебінің дене шынықтыру мұғалімі       

Соңғы жаңалықтар

Ләззат Қалтаева Жаңа Конституция мәтінін инклюзивті форматтарға аударуды ұсынды

Ата заң • Бүгін, 17:01

Жаңа Конституцияны қабылдау мәселесін бүкілхалықтық референдумға шығару ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:57

Аида Балаева: Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды

Ата заң • Бүгін, 16:45

Сыр өңірінде шибөрі неге көбейді?

Аймақтар • Бүгін, 16:38

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Ата заң • Бүгін, 16:22

«Волонтерлік» ұғымын Конституцияда бекіту ұсынылды

Ата заң • Бүгін, 16:12

Бір апта ішінде 100-ге жуық адам қар құрсауынан құтқарылды

Оқиға • Бүгін, 16:01

Бақыт Нұрмұханов: Жаңа Конституцияның жобасына теңгені ұлттық валюта ретінде бекітетін норма енгізілді

Ата заң • Бүгін, 15:54

Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады  

Президент • Бүгін, 15:50

Нұрлыбек Нәлібаев: Экологиялық нормалар өңірлер үшін басты басымдық

Экология • Бүгін, 15:35

Бүгін Конституциялық комиссияның кезекті тоғызыншы отырысы өтіп жатыр

Ата заң • Бүгін, 15:03

Елдегі несие көлемі 25 трлн теңгеге жуықтады

Несие • Бүгін, 14:48

Семейде қоқыстан жаңа туған сәбидің мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 14:28

Виктор Теміров бүгін Германияда шаршы алаңға шығады

Бокс • Бүгін, 13:59

Алматыда инклюзивті спорт орталығы бой көтереді

Аймақтар • Бүгін, 13:33

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Ақпан 2026 17:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see130

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see125

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see125

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see124

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see123

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see122

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see121

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see121

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see121

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see121

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see120

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see119

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see118

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see118

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see118

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see118

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары