Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Жыл басы Наурыз: ұмытылып бара жатқан салт жоралғылар

Жыл басы Наурыз: ұмытылып бара жатқан салт жоралғылар

Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Елімізде Наурыз — мемлекеттік мереке. 2009 жылдан бастап мейрамда 3 күн демалыс беріледі. Бейресми түрде өңірлерде Наурыз бір ай бойы тойлана береді. Мыңдаған жыл тарихы бар мерекеде бұрын атқарылған, бірақ қазір ұмытылып бара жатқан салт-дәстүр элементтері жөнінде мамандардан сұрап білген едік.

Еңбек пен кеңдік мерекесі

Филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Болат Қорғанбектің айтуынша, Наурыз — адам баласымен бірге жасасып келе жатқан мейрам. Көне мереке болғандықтан, әлбетте ұмытылған дәстүрлер болады. Олардың енді атын да, затын да анықтау мүмкін емес. Дегенмен, бұрын атқарылғаны мәлім, бірақ бүгінде ешкім істемейтін жоралғылар да бар.

— Мысалы, бұрын Наурызда көне киімдер, ескі-құсқы заттар өртелген. Бұл — «Жамандықтың бәрі ескімен кетсін, жаңа жылда бәрін жаңадан бастаймыз» деген ниеттің көрінісі. Жаңарудың белгісі ретінде әйелдер жаңа киім, жаңа кілем тоқыған. Егін егу дәстүрі болғаны да белгілі. Себебі бұл — еңбек мейрамы, — дейді әдебиеттанушы.

Фото: Болат Қорғанбектің жеке мұрағатынан

Сондай-ақ бос ыдыс қалдырмай су толтыру ырымы болған.

— Қазір оны кей зерттеушілер «молшылық, тоқшылық болсын» деген ұғымнан шыққан деп түсіндіріп жүр. Бірақ меніңше, мұның мәні басқада. Ыдыстарға су толтырылған себебі — бұл кезде судың өзі тазарады, нұрланады. Міне, осы секілді көпшілікке белгілі, бірақ қазір ешкім атқара қоймайтын ырым-жоралғылар бар, — дейді Б. Қорғанбек.

Сонымен бірге, мерекенің басты ерекшеліктерінің бірі — кешіру. Араздасқандар, ренжіскендер бірін-бірі кешіріп, татуласады. Өйткені, бұл — кеңдік мейрамы.

Наурызда тек жақсы сөз, ақ тілектер айтылған. Олар өлең-жыр түрінде төгілген. Халық бұл күнді әрі кие тұтып, әрі қасиетінен қорыққан. Біреуге жаман сөз айтсам, ол орындалып, тағдырын күйретемін деп қауіптенген.

— Наурызда атқарылатын осындай ырым-жоралғыларды біз білеміз. Сондықтан оларды жоғалды деп айтуға болмайды. Дегенмен, атқаруға келгенде, немқұрайдылық танытамыз. Бұл дәстүрлердің мән-мағынасын жете түйсінбегендіктен болса керек. Сондай-ақ Наурызда тыйымдар да болған. Олардың қатарына жаман сөз айтпау, жаман іс істемеу, ұзақ жолға сапарға шықпау т. б. жатады, — деп түйіндеді ғалым.

Тарихи деректерде Наурыз туралы не жазылған

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Алпысбестің сөзінше, Наурыз — қадым замандардан тойланатын халық мерекесі.

— Ежелгі қытай деректерінде ғұндар елдің рубасы абыздарын жинап, жылына бір рет үлкен жиын өткізетіні жазылған. Бұл фактінің өзі «Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» деген сөздің мәнін ашып тұрғандай. Өйткені, мемлекеттің үлкен тойы деген мағынаны білдіріп тұр. Сондай-ақ аталған дерек Наурыздың тарихы қаншалықты терең екенін дәлелдейді. Себебі ғұндар біздің заманымызға дейінгі ғасырларда дәуір кешкен, — дейді ол.

М. Алпысбес Омар Хайям XI ғасырда «Наурызнама» деген еңбек жазғанын атап өтті. Онда мерекені түркі патшалары қалай ұйымдастырғаны қамтылған. Шығармада мейрам саяси, мемлекеттік дәстүрлермен байланысты болғандығы көрсетіледі. Мысалы, Наурыз мерекесінде патша халыққа сый берген және халықтың алдында патшаға да тарту жасалған.

Фото: Мақсат Алпысбестің жеке мұрағатынан

— Ортағасырлық түркі мемлекеті Селжүктер патшалығында ел билеушілеріне Наурызда алтын, арпа, қылыш, жүзік, садақ, жебе, жүйрік ат, лашын секілді сыйлықтар берілген. Олардың мәні ел билейтін қаған туралы ғұн-түркілік дәуірлердегі түсінікпен байланысты. Тәңірдің қалауымен, Тәңірдің құтымен таққа отырған билеушінің сипаты биік, — дейді тарихшы.

Сол себепті патшаға асыл тастың ішіндегі ең асылы — алтын, жылқының ішіндегі ең жүйрігі — тұлпар, дәнді-дақылдардың ішіндегі ең құндысы — арпа, қыран құстардың ішіндегі ең асылы — лашын, биліктің символы — жүзік, т. б. ең қымбат сыйлықтар ұсынылған.

— Билеуші де бұқараға сый-құрмет көрсетіп, тарту-таралғысын үлестіріп, жарылқаған. Бұл — билік пен халық арасындағы өзара жақын қарым-қатынастың көрінісі. Омар Хайямның «Наурызнамасында» осындай жайттар баяндалады, — деп түйіндеді М. Алпысбес.

Алтыбақан — ойын емес, ғұрып

Мәдениеттанушы Серік Ерғалидің пікірінше, Наурыз мерекесінде көрініс табатын, бірақ мән-мағынасы көпшілікке беймәлім ұлттық құндылықтар бар. Соның бірі — алтыбақан ғұрпы.

— Алтыбақанды советтік этнография ұлттық ойын деп келді. Ойын болса, онда оның ережесі болуы керек. Ал мұнда ереже жоқ. Демек, бұл ойын емес. Бұл күн мен түннің теңелуіне байланысты ғұрып. Алтыбақанның бір басында бойжеткен, екінші жағында ержеткен жігіттің тербелуі — біреуі күннің, біреуі айдың белгісі. Осыларды тербету арқылы — ғаламдық үйлесімді паш ету. Алтыбақан тек қазақтарда нақты сақталған. Қырғыз және хакас халықтарында да бар, бірақ олар ұмытқан. Бізге қарап қайта қалпына келтіріп жатыр, — дейді мәдениеттанушы.

Фото: Серік Ерғалидің парақшасынан

Бұдан бөлек зерттеу жұмыстары нәтижесінде табылған қазақ халқының ұлттық асханасына қатысты деректер де жеткілікті.

— Қазақтың дәмінен құралған 3 деңгейлік әлем бар. Осыны дәріптейтін «Науан» деген тағамдық сөрені қалпына келтірдік. 3 белдеулік әлем — ол жоғарғы, ортаңғы және төменгі әлем. Мысалы қазақта ет өнімдерін «қызыл», сүттен жасалған тағамдарды «ақ», көкөніс, жеміс-жидекті «көк» дейді. «Науанның» үш сөресіне осы аталған тағамдарды салып, дастарханға қояды. Айналасына бауырсақты шашып тастайды. Бауырсақ ешқашан қазақтың дастарханында шектеліп, ыдысқа салынбаған. Себебі бауырсақ күннің сәулесінің, жарықтың белгісі, — дейді С. Ерғали.

Бұлақтың көзін қалай ашамыз

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жәди Шәкенұлының сөзінше, Наурызда жасалатын, бірақ қазір сирек кездесетін салт-дәстүрлердің бірі — «Бұлақтың көзін аш» деп аталады.

— Аталған дәстүрдің мазмұнын тура мағынасында қабылдасақ, әрине ол бұлақтың көзін ашу, шықпай жатқан суды шығару деген мәнді білдіретіні рас. Ал дегенмен мұндағы негізгі ойдың сананың, жолдың, имандылықтың бастау көздеріне қаратылып айтылғанын көбіміз әлі толық ұғына алмай жүрміз. Бұл дәстүр Наурызда ұрпағымызға көрсететін үлгімізбен дәріптейтін даналығымызды қамтитын, философиялық мәні мол дүние, — дейді қаламгер.

Фото: Жәди Шәкенұлының парақшасынан

Ұлыстың ұлы күні ағаш отырғызу, қоршаған ортаны таза ұстау, жас ұрпаққа айтатын ақыл мен нақыл сияқты сан тараулы білімді осы бұлақтың көзін аш дәстүрі қамтиды. Бұлақтың суы көлге, теңізге, одан әрі мұхитқа барып құятыны сияқты бұл дәстүрдің негізінде алынған Наурыздың әліппелік сауатына қатысты құндылықтар келер буындарға жете береді.

Қазақ халқының жан-дүниесі ежелден табиғатпен тыныстас. Мысалы, ежелгі түркі дәуірінде де Наурыз мерекесі тойланған. Түркілер бұл мейрамды өздерінің дүниетанымына сай өткізген.

— Ең қарапайым бір мысал келтірейін: ол кезеңде өкшесі жоқ, басына ешқандай темір қағылмаған, жұмсақ былғары теріден тігілген аяқ киім киетін дәстүр болған. Ол не үшін?! Егер қатты аяқ киіммен атқа мінсең, аттың бауырын жаралайсың, жерде жүрсең жердің шөбін, көгін жаралайсың. Сондықтан шөпті қима, көпті қима деген дүниетанымға байланысты осы дәстүрді сақтаған. Бұл біздің табиғатпен егіз екеніміздің бір көрінісі, — деп түйіндеді жазушы.

Айта кетейік, бұған дейін Моңғолиядағы қазақтар Наурыз мейрамын қалай тойлайтынын жазғанбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:108
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Наурыз 2026 08:51
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see165

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see153

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see152

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see150

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see148

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see144

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see143

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see138

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see134

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see134

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see131

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see129

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see125

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see124

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see124

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see123

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары