Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

Ақтаулық педагог жусанның жұпарын сақтайтын және гүл қалдықтарынан әтір әзірлеу жобасын бастады

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жусан – тамыры қара жердің мың қатпарлы тереңінен нәр алып, шөл мен шөлейтте өсетін, қазақ даласының төлтаңбасына айналған ерекше өсімдік. Ежелден емдік қасиетімен танылған бұл шөпті халық киелі санап, тұрмыста кеңінен пайдаланған. Жусан тұнбасы түрлі ауруға қарсы қолданылып, оның шипалық мүмкіндігі ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.

Ғалымдар жусанның емдік әлеуетін әлдеқашан зерттеп, оның кейбір түрлерінің қатерлі дерттерге қарсы тиімді екенін дәлелдеген. Тіпті жусан негізіндегі зерттеулерге халықаралық деңгейде жоғары марапаттар да берілген. Соған қарамастан, Қазақстанда жусанның өндірістік деңгейде игерілуі әлі де кенже қалып отыр. Отандық ғылымда бұл бағытта ізденістер бар болғанымен, нақты өнімдер ішкі және сыртқы нарыққа кеңінен шықпаған.

Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан

Ақтаудағы Оқушылар сарайы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саясат Кемалова осы олқылықтың орнын толтыру үшін, жусаннан хош иістендіргіш диффузорлар жасауды бастаған. Оның айтуынша, Қазақстан аумағында жусанның 80-нен астам түрі кездеседі. Оның ішінде дәрмене жусан ертеден ішек ауруларын емдеуге қолданылған. Бұрынғы замандарда бұл өсімдік шетелге сауда керуендері арқылы да жіберілген. Сонымен қатар, жусанмен қоректенген малдың еті мен сорпасы да пайдалы саналған. Бұл деректер жусанның қазақ танымында қасиетті өсімдік ретінде қалыптасуына негіз болған.

Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан

– Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Өйткені табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Мен бұл жобаға тектентек бет бұрған жоқпын. Ерекше жоба арқылы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына үлес қосқым келеді. Жусанның жұпарын сіңірген, жағымды иіс шығаратын диффузорларды (хош иістендіргіш) даярлау жолдарын жастарға үйреткім келеді, - дейді Саясат Кемалова. 

Саясат Дүйсенқызы жусанның тұнбасы ғана емес, жұпары да жүз түрлі ауруға ем екенін айтады. Мәселен, жусанның иісі жүрек-қантамырлары ауруларының алдын алып, тыныс алу жолдарының жұмысын жақсартады. 

Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан

Ұлы дала төсінде көшпелі өмір сүрген қазақ халқының тұрмыс салтында емдік өсімдіктер ұғымына қатысты толайым таным мен тәжірибе қалыптасқан. Дәрілік шөптердің қасиетін терең меңгерген халық емшілері табиғи ерекшеліктерін ескеріп, түрлі тұнбаны үйлесіммен ұсынып отырған. Саясат Кемалова хош иістерді жасау жобасының тағы бір қырына тоқталды.

– Біз диффузорларды күнделікті өмірде жиі қолданамыз. Олар көбіне көршілес елдерде өндірілгенін байқаймын. Сондықтан осы жоба арқылы жергілікті өнімді өндіруге бет бұрғымыз келеді. Шикізат тасымалына шығынданбаймыз. Дала төсінен теріп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, жусанның жұпарын ұзақ сақтайтын, тың өнімді жасап шығарамыз, - дейді Саясат Кемалова. 

Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан

Саясат Кемалова қоршаған ортаны қамқорлау мен табиғат тазалығын сақтау бағытында тағы бір жобаны қолға алған. «Қалдықты кәдеге жарату» тұжырымына негізделген жобаның түпкі мақсаты – қоқыстағы гүлшоқтарын қайта қалпына келтіріп, ал кейбірінен әтір әзірлеу.

– Қазір гүлдестелерінің құны қалта қағады. Соған қарамастан жақын жандарымызға қуаныш сыйлау үшін сатып аламыз. Мерекеде гүл базары қыза түседі. Бірер күннен кейін гүл шоқтары тау-тау болып қоқыста жатады. Ал мен гүлдердің өмірін ұзартып, безендіріп, көркемдеп, әдемі де әсерлі күйін ұзақ сақтауға тырысамын. Әрі гүл шоғырларынан әтір дайындауды көздеп отырмын. «Таза Қазақстан» республикалық акциясының тағы бір мақсаты – қалдықты кәдеге жарату арқылы қоршаған ортаның тазалығын сақтау. Сондықтан осы бағытта жобаны жүзеге асырамыз, - дейді Саясат Кемалова.

Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан Фото: Саясат Кемалованың жеке мұрағатынан

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтау 2030 жылға арналған ЭЫҰ-ның туристік астанасы атағына жалғыз үміткер ретінде ұсынылды. 

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:272
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Мамыр 2026 14:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары