Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Депутат Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

Референдум: Бүгін үгіт аяқталады

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайды

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек

Үшінші рет үйленген актер Әбілмансұр Серіков өзін сынағандарға жауап берді

Ипотекамен үй алатындар үшін нотариус ақысы 3 есе арзандады

Құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады

Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

Дональд Трампты енді Нобель сыйлығы қызықтырмайды

Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылған

Үй толығымен жанып кеткен: СҚО да қызыл жалын арасынан әйелдің мәйіті табылды

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды

Қой шаруашылығындағы парадокс: мүмкіндік пен шектеу

Қазақстан Теңіздегі мұнай өндірісін арттырды, бірақ жоспардан қалып отыр

Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

Таразда алаяқтарға көмек көрсеткен күдіктілер қолға түсті

БҚО да 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған шенеунік ұсталды

Stadler Kazakhstan: жаңа вагондар жаңа еңбек нарығы

Үмітті қайта жаққан протондық терапия

Үмітті қайта жаққан протондық терапия

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, былтыр 42 мың адам «жаман ауруға» шалдыққан. Тіркелген дерттің дені – тоқішек, тікішек, өкпе, асқазан, сүт безі мен жатыр мойны ісігі. Ең қорқыныштысы, 240 мыңнан аса адам жалпы есепте тұр. Дегенмен медицинаның заманалы жетістігі күпті көңілімізді сейілтіп, өшкен үмітімізді қайта жаққандай.

Жуырда Астанадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығының базасында Протондық терапия орталығы ашылды. Бұл – елі­міз­дегі және Орталық Азиядағы жал­ғыз профильді орталық. Ма­ман­дардың айтуынша, протондық терапия химиотерапияға қара­ғанда, әлдеқайда тиімді нәтиже береді әрі ағзаға тигізер жанама әсері аз. Орталық 2025 жылы қа­раша айында жұмысын бастады, еліміз, осылайша, онкологиялық ауруларды емдеудің ең заманауи, жоғары дәлдікті технологиялары қолжетімді 25 елдің қатарына кірді. Мамандар осы уақытта бас миы, жұлын, бас және мойын ай­мағы, бауыр, өңеш және қуықасты безі обыры бар науқастарға ем жүргізген. Әлем тәжірибесіне назар салсақ, Протондық терапия орталығын іске қосуға кемі 5-10 жыл кетеді. Мысалы, Ресей Ди­митровград қаласындағы орта­лықты ашуға 10 жыл, Санкт-Пе­тербордағы Онкологиялық кли­никаның Протон­ды терапия орталығын құруға 5 жыл, Дания дәл осындай орталықты ашуға 7 жыл уақытын жұмсаған. Еліміз бұл бағытта тәжірибе жинап, орталықты халықаралық стан­дарттарға лайықтау үшін 6 жылын сарп етті.

Кейінгі бес жылдықта елімізге ем іздеп келетін шетелдіктердің саны артқан, мәселен Қазақ­стан­дық медициналық туризм қауым­дастығының дерегінше, 2022-2024 жылдары ем алған шетелдік па­циенттер саны 80 мыңға жеткен. Көршілес елдермен қатар, АҚШ, Германия, Швейцария сынды батыс елдерінен келетін меди­циналық туристердің де саны мо­лайған. «Астана даму орталы­ғының» дерегінше, елде жүрек шунттау хирургиясы АҚШ-қа қарағанда 80 есе, Сингапурға қа­рағанда 11 есе арзан. Демек, меди­циналық қызметтің өзге елдермен салыстырғанда, қалтаға қолже­тімді әрі сапалы болуы шетел­діктердің елге ағылуына әсер етіп отыр. Отандық медицинаның көш ілгері дамып келе жатқаны, әрине, қуантарлық жағдай, алайда басты орында «жаман аурумен» арпалысып жатқан отандастары­мызды қолдау өте маңызды. 

Протондық терапия мүмкіндіктері 

Қазір Протондық терапия ор­талығында 40-қа жуық пациент емін толық аяқтады, тағы 30-ға тарта адам ем алып жатыр. Ор­талықтың ашылғанына жарты жылға жетер-жетпес уақыт болды, демек орталық жұмысы алда бұ­дан да жоғары қарқында дамуына сенімдіміз. Бұл ретте білікті ма­мандардың тапшы болғаны да рас, алайда бұл мәселе де біртіндеп шешімін тауып жатыр.

– Ұлттық ғылыми онкология орталығының дәрігерлері, меди­циналық физиктері мен инже­нерлері бірнеше жыл арнайы да­йындықтан өтті. Олар АҚШ, Оңтүстік Корея және Еуропаның жетекші халықаралық орталық­тарында тағылымдамаға барып, халықаралық деңгейде тәжірибе жинады. Бүгінде орталықта толық дайындықтан өткен мультидис­циплинарлық команда жұмыс істейді. Оның құрамына сәулелік терапия дәрігерлері, медици­на­лық физиктер, инженерлер және радиациялық қауіпсіздік ма­мандары кіреді, – дейді Протон­дық терапия орталығының меңге­рушісі  Фатима Хамзатқызы.

Маманның айтуынша, про­тон­дық терапияның басты артық­шылығы – сәуленің жоғары дәл­дігі. Протон сәулесі ісік орна­лас­­­­қан нақты нүктеде тоқтап, сау тіндерге барынша аз әсер етеді. Бұл меха­низм «Брегг шыңы» деп аталатын физикалық құбылысқа негізделген. Соның арқасында ісікке қажетті дозаны дәл жеткізіп, ісік айнала­сындағы өмірлік ма­ңызды ағза­ларды қорғауға болады. Ал дәстүрлі сәулелік терапия (ра­диациялық терапия) кезінде сәуле ісік арқылы өтіп, сау тіндерге белгілі бір дең­гейде әсер етеді. Протондық те­рапия сәулелік терапияның ағзаға кері әсерін 60-70%-ға дейін азай­туға мүмкіндік береді.

– Химиотерапия мен про­тондық терапияның айырмашы­лығы олардың әсер ету меха­низмінде жатыр. Химиотерапия – дәрілік емдеу әдісі, ол бүкіл ағзаға жүйелі түрде әсер етеді және жа­на­ма әсерлері айқын сезілуі мүм­кін. Протондық терапия – сәу­ле­лік емдеудің ең заманауи түрі. Ол тек ісік орналасқан ай­мақ­қа ба­ғытталады. Сондықтан көп­теген жағдайда протондық те­рапия сау тіндерді сақтауға және асқыну­лар қаупін азайтуға мүм­кіндік бере­ді, – дейді Ф.Хамзат­қызы. 

Терапияны тегін алуға болады

Протондық терапия орталы­ғы­ның іске қосылуының өзі елдегі онкологиялық қызметтің бірегей жетістігі деп бағалар едік. Жыл сайын қаншама отандасымыз алыс-жақын шет мемлекеттерге барып ем іздеуге мәжбүр. Ендігі кезекте бұл емді өз елімізден тегін алуға мүмкіндік туды әрі жаңа бағыттағы ізденіс дәрігерлердің кәсіби дамуына, жаңа техноло­гияларды енгізуге және жалпы онкологиялық көмектің сапасын арттыруға ықпал етеді.

– Жалпы алғанда, пациент­тердің жағдайы жақсы десе бо­лады. Протондық терапия сеанс­тары ауырсынусыз өтеді, па­циенттердің көбі емді жеңіл көтереді және қосымша оңалтуды қажет етпейді. Қазір ем алып жатқан пациенттерде ісік үдерісі тұрақтанып, жағдайы жақсарып қалды. Ең бастысы, бұл ем Қа­зақстан азаматтарына кепіл­дендірілген тегін медициналық көмек көлемі аясында қолжетім­ді, – дейді Ф.Хамзатқызы. 

Біз орталықта емделіп жатқан жандармен де тілдесіп көрдік. Гүл­нара Шакенова – протондық тера­пия курсын алып жатқан пациент­тердің бірі. Оның әңгі­месін тыңдап отырып, қанша жанның кеудесінде үміт оты жанғанын, қанша жанның осы терапияға сеніммен қарай­тынын түсіне бастайсың. 

– Денің сау кезде мәселеміз бір бітпейді, алайда ауырғанда, уайымың – тек біреу. Әрбіріміздің тілегіміз – ең жақсы ем алу, ауру­ды жеңіп шығу. Бұл жерге күн са­йын жаңа үмітпен, жақсы көңіл күймен келемін және әр күнім үшін алғыс айтамын. Дәл осы орталықта ем алу – мен үшін үл­кен бақыт, – дейді ол.

Оған 27 сеанстан тұратын ем курсы тағайындалған. Бізбен сұхбаттасқан кезде оның жетеуін еңсеріп тастағанын айтты.

– Емім ауырсынусыз өтіп жатыр, өзімді жақсы сезінемін. Қуаныштысы, мемлекет бізге бұл емді тегін алуға мүмкіндік берді. Негізінен, бұл – өте қымбат, көп адамның қалтасы көтере бермей­тін терапия. Маған нейрохирур­гия­лық отаны да тегін жасады. Қа­зір ақысыз түрде ем алып жа­тырмын. Орталық жақында ғана ашылды, сол себепті де бұл жаңа­лықты халқымыз көбірек естіп-білгенін қалаймын. Қорықпай келіңіздер. Бұл ем көптеген жанға жаңа өмір сыйлайды деп сенемін. Осы мүмкіндікті сыйлаған ма­ман­дарға алғыс білдіремін. Шы­ны­мен, көзіме жас келеді, мұндай ем­ді өз елімде алып жатқаным қан­дай жақсы, – дейді Г.Шакенова.

Емді қандай жағдайда ұсынады?

Халықаралық тәжірибеге сәй­кес, бұл ем бас миы, жұлын, көру жүйкелері маңындағы ісікті ем­деуде кеңінен қолданылады, әсі­ресе, педиатриялық онкологияда жиі ұсынылады, себебі енді дамып келе жатқан ағзаға тигізер қауіпті сейілтеді. Сау тіндерге жанама әсері аз болғандықтан, ем әдетте ми, жүрек секілді маңызды орган­дарды емдеуде қолайлы. Протон­дық терапия мидың, бас пен мо­йын аймағындағы маңызды құ­ры­лымдарға жақын орналасқан ісіктерде, жоғары дәлдікті қажет ететін жағдайда жоспарлы түрде тағайындалады. Қазір Протондық терапия орталығында Орталық Азияда теңдесі жоқ «ProBeam-360» атты қондырғы орнатылған. 

Дей тұрғанмен, әдіс дамыған елдердің медициналық базасынан ғана табылады, тіпті медицинасы әлдеқайда дамыған Үндістанның өзінде протондық терапияға қа­рағанда, сәулелік терапияны қол­данады. Біріншіден, әр аймақта орталық салу едәуір қаржыны талап етеді, екіншіден, қарапайым халықтың емді ақылы негізде алуға қалтасы көтермейді.

Протондық терапия жүйелі әрі ұзақмерзімді жүруі ықтимал. Әр пациенттің жағдайы, диагнозына сай емді жеке жоспарлайды, ал бұл ауруы асқынған пациенттердің ұзақ уақыт күтуіне жарай бер­мей­ді. Сол себепті көбіне-көп дәс­түрлі сәулелік терапия жасалады немесе егде жастағы науқастар мен балаларға тиімді болу үшін протондық терапия мен хирур­гияны ұштастыра жоспарлайды, көп жағдайда рентгендік сәулелік терапия мен химиотерапияны қолданады. Протондық терапия­ның да жанама әсері бар, ғылым­дағы жаңа сала болғандықтан да, терең зерттеуді қажет етеді. 

Қатерлі ісік ауруы бүгінде әлем­де де, елімізде де өлім-жітім­нің негізгі себебінің біріне айнал­ды. Елде 245 мыңнан аса адам ди­намикалық бақылауда тұр. Нау­қастардың шамамен 60 па­йызы­на сәулелік терапия қажет. Осыған байланысты Ұлттық ғы­лыми онко­логия орталығы онко­ло­гия­лық көмекті дамыту бағы­тын­да жүйелі жұмыс жүргізіп жа­тыр. Демек, елімізде де «жаман ауруды» толық жеңуге мүмкіндік жоғары.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:45
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Наурыз 2026 17:27
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Депутат Снежанна Имашева жаңа қызметке тағайындалды

13 Наурыз 2026 14:10see115

Референдум: Бүгін үгіт аяқталады

13 Наурыз 2026 13:45see115

Билли Джин Кинг кубогы: Қазақстан мен Канада құрамаларында кімдер ойнайды

12 Наурыз 2026 23:05see114

Бас прокуратура халыққа үндеу жасады

13 Наурыз 2026 14:10see114

Елімізге көшіп келетіндер көбіне қай өңірге қоныстанады?

13 Наурыз 2026 15:02see114

Инвестиция тартуға құқықтық сенімділік керек

13 Наурыз 2026 08:47see113

Үшінші рет үйленген актер Әбілмансұр Серіков өзін сынағандарға жауап берді

12 Наурыз 2026 22:08see113

Ипотекамен үй алатындар үшін нотариус ақысы 3 есе арзандады

13 Наурыз 2026 13:09see113

Құқық қорғау органдары азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады

13 Наурыз 2026 13:12see113

Волейбол: Төртінші турдың алғашқы күні фавориттер жеңіске жетті

13 Наурыз 2026 08:12see112

Дональд Трампты енді Нобель сыйлығы қызықтырмайды

13 Наурыз 2026 23:06see112

Маңғыстауда соңғы төрт жылда 3 433 итбалық қырылған

13 Наурыз 2026 13:46see109

Үй толығымен жанып кеткен: СҚО да қызыл жалын арасынан әйелдің мәйіті табылды

13 Наурыз 2026 20:45see109

Қазақстандық пара биатлоншы Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды

13 Наурыз 2026 17:37see109

Қой шаруашылығындағы парадокс: мүмкіндік пен шектеу

13 Наурыз 2026 15:16see109

Қазақстан Теңіздегі мұнай өндірісін арттырды, бірақ жоспардан қалып отыр

13 Наурыз 2026 12:25see108

Теңіз кен орнында оқыс оқиға болды

13 Наурыз 2026 14:38see108

Таразда алаяқтарға көмек көрсеткен күдіктілер қолға түсті

14 Наурыз 2026 04:38see108

БҚО да 16 жастағы қызды зорлады деп айыпталған шенеунік ұсталды

13 Наурыз 2026 09:30see107

Stadler Kazakhstan: жаңа вагондар жаңа еңбек нарығы

13 Наурыз 2026 13:09see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары