Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

Келешегі мол кеніштер

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

Үмітті жалғаған сәт

Үмітті жалғаған сәт

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Феталдық (жатырішілік) операция жасау бір жылдары тәуекелге толы, күрделі операция саналған, ал бүгінде отандық медицинаның жетістігіне айналды. 

Мамандардың әр жыл сайынғы ізденісінің арқасында феталдық хирургия саласы қарқынды дамып жатыр. Жатырішілік операциялар қазір жоспарлы түрде жасалатын ем қатарына кіреді. Аталмыш ота түрі Астана және Алматы қалаларында жүргізіледі. 

Елде феталдық хирургия медицинаның бір саласы ретінде біртіндеп дамып келе жатқанымен, негізгі қадамдар 2024 жылдың жазынан басталған. Сол кезде халықаралық сарапшы-практиктердің қолдауымен шеберлік сабақтары басталды. Ресейлік сарапшылар, медицина ғылымдарының докторы, ультрадыбыстық және функ­ционалдық диагностика бөлімінің меңгерушісі Кирилл Костюков, медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог, академик В.Кулаков атындағы Акушерлік, гинекология және перинатология Ұлттық медициналық зерттеу орталығының жүктілік патологиясы бойынша маманы Виктория Сакало сынды мамандар шеберлік сабағын өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің және AYALA қайырымдылық қорының бастамасымен іске қосылған «Феталдық медицина» жобасының аясында 2024 жылы Алматыдағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығында 46, Астанада UMC клиникасының «Ана мен бала» орталығында 35 ота жасалды. 

Дәрігерлер алғашында отаның тек бір түрінен, яғни көпұрықты жүктілік кезінде ұрықтың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін лазерлік коагуляциядан бастады. Кейіннен тәжірибе алмасу барысында везикоамниалды шунттау, егіз балаға кіндіктің лазерлік коагуляциясы секілді феталдық операцияның бірнеше түрін меңгере түсті. Сонымен қатар шарана сұйықтығы патологиясы болған жағдайда амниоредукция және амниоинфузия жасай бастады. Бұл процедуралар ұрықтың дамуына қолайлы жағдай туғызып, асқыну қаупін сейілтіп, шарана сұйықтығының мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Кейінгі деректерге сенсек, бір жылда 118 жатырішілік операция өтсе, соның нәтижесінде 99 сәби дені сау болып дүниеге келді. Жалпы, феталдық хирургияның дені егіз құрсақты аналарға жүргізіліп жатыр, былтыр көпұрықты 79 жүкті әйел сәтті босанған.

– Кейде егіздерде жүктілік кезінде түрлі ақау анықталады. Мысалы, фето-фетальды монохорионды синдромы кездесіп жатады, яғни бір ұрық донор, ал екіншісі реципиент ретінде дами бастайды. Одан екеуі де зардап шегеді. Салдарынан екі ұрық та өліп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда біздің міндеті­міз – кіндік тамырларын лазерлік коа­гу­ляциялау, яғни шартты түрде бөлу. Осылайша, екі ұрықтың да аман қалуына көмектесіп, сәбилердің өмірін сақтап қаламыз, – дейді «Ана мен бала» орталығындағы «Ұрық медицинасы» бағдарламасының жетекшісі Гүлмира Әуезханқызы. 

Дидар Мұратова дәл осындай сырқатпен жүктілік кезінде алғашқылардың бірі болып операция жасатқан, ол Атырау қаласында тұрады. Оған жүктіліктің 20-аптасында фето-фетальды трансфузиялық синдром деген диагноз қойылып, «Ана мен бала» орталығына жіберілген көрінеді. 

– Жүктіліктің 19-аптасында ультрады­быстық диагностикадан (УДЗ) өттік, сол кезде сәбиімнің біреуі 350 грамм, ал біреуі 450 грамм болды, ұрықтың дамуы кешігіп жатыр деді. Фето-фетальды трансфузиялық синдром деген диагноз қойды. Біреуінде көп су, біреуінде аз су. Мұндағы мамандар 20-аптаға қарай «Ана мен бала» орталығына жіберуге квота дайындады, Атырауда ештеңе істей алмаймыз деп жіберді. Солай Астанаға бардық. Бірінші операция сәтті аяқталды, екеуі де тірі болған. Бір айдан кейін, 10 сәуірде екінші операция жасады. Біреуін сақтап қалдық, біреуін сақтай алмадық. Қазір 7 айлықпыз. Баламды неврапотолог­тарға апарып жүрмін. Бәрі уақытымен кезең-кезеңімен дамып жатыр, – дейді Д.Мұратова.

Отандық дәрігерлер фето-ұрықтың трансфузиялық синдромы, кері артериялық перфузия синдромы сынды көпұрықтық жүктіліктің асқынуларын емдеумен қатар, құрсақта жатқан ұрықтың плацента та­мырларына донорлық қан құя алады. «Ана мен бала» орталығында кейінгі бір жылда осындай 29 ота сәтті өткен, бұдан өзге де ақауларды емдеуде 13 феталдық хирургия жүргізілді. Бұл көрсеткіш еліміздің меди­циналық қауымдастығы үшін тағы бір толағай табыстың белгісін айқындады.

– Орталығымызда 2013 жылдан бастап құрсақтағы сәбиге донорлық қан құю операциялары жасалып келеді. Мұндай ем резус-факторы теріс пациенттерге жүргізіледі. Ондайда жүктілік кезінде жатырдағы балада анемия пайда болады. Ең қысқа мерзімді айтсақ, жүктіліктің 18-аптасында жатыр ішінде ұрыққа донорлық қан құю опера­циясын жасағанбыз. Сол арқылы сәбилерді аман алып қалдық. Бұл бағытта тәжірибеміз айтарлықтай мол, – дейді жоғары білікті акушер-гинеколог Г.Әуезханқызы. 

Бүгінде Атырау, Шымкент, Павлодар, Орал, Семей, Қызылорда сынды қалалардан, елдің түпкір-түкпірінен қаншама болашақ ана ем іздеп келеді. Осы орайда айта кетерлігі, жатырішілік операциялар квота арқылы тегін жасалады. Денсаулық сақтау министрлігі Астана мен Алматыдан өзге қалалардағы орталықтарды да заманауи жоғары технологиялық медициналық жабықтармен қамтуды, өңірлерде жасалатын оталар спектрін кеңейтуді және феталдық хирургия орталықтарының желісін құруды мақсат етіп отыр. 

– Қазір құрсақішілік диафрагмалық және жұлын жарықтарын түзету операция­ларын жоспарлап жатырмыз, бұл нәресте өлімін азайтуға, балалардың мүгедектігін болдырмауға жағдай жасайды. Кадрлар даярлауды күшейтіп, әлемнің жетекші клиникаларымен тәжірибе алмасу да жос­парымызда, – дейді Аналар денсаулығын сақтау басқармасының басшысы Шәкизат Халықова.

Бұған қоса, елімізде жүктіліктегі ақау­ларларды ерте анықтау мақсатында пери­наталдық орталықтардың базасында «Бір күндік клиника» жыл сайын жұмыс істеп келеді. 22 облыстық перинаталдық орталық базасында уақытылы маманданған меди­циналық көмек беруге арналған «Ұрықты қорғау» орталықтары құрылды. «Бір күн ішіндегі клиника» қағидаты бойынша жұмыс істейтін орталыққа барған болашақ ана алғашқы скринингтік УДЗ-дан, пре­наталдық скринингтен, психолог, акушер-гинеколог және генетик мамандардың консультация­сынан өтеді. Бұл жүкті әйелге бір күн ішінде бірінші скринингтің толық тексеруінен өтуге және ұрықтағы хромо­сомалық пат­о­логиялардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік сыйлайды. Былтыр осы қағидат аясында 100 мыңға жуық жүкті әйел арнайы тексе­рілуден өтіп, 500 мыңнан аса қызметті тегін алған. Бағдарламаны іске асыру ұрықтың туа біткен кемістіктерін анықтаудың 13%-ға өсуіне, пренаталдық скринингтермен қамтудың 8%-ға ұлғаюына, даму кемістік­терінен болатын нәресте өлімінің 15%-ға және даму кемістіктерінен бастапқы мүге­дектіктің 7,5%-ға төмендеуіне әсер етті. 

Феталдық хирургияның дамуы әр отба­сы­ның, әр ананың дені сау ұрпақ сүюге, ата-ана бақытын сезінуге мүмкіндігін арттырып келеді. «Ана мен бала» орталы­ғының маман­дары жатырішілік опера­циялардың басқа да түрін меңгеруге, шеберлігін шыңдауға, ше­т­елден тәжірибе жинақтауға арналған бағ­дарламаларды іске асырып жатыр. Мамандар келешекте туабітті диафрагмалық грыжа, зәр шығару жүйесінің туа біткен ақауларын емдейтін жаңа опе­рациялар өткізбек. 

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Ақпан 2026 05:54
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда атақты муралдың үсті бояп тасталды әкімдік себебін түсіндірді

08 Тамыз 2026 10:48see115

Түркия өз кемелеріне жасалған Украина шабуылынан кейін Қара теңізде кеме қатынасын шектеді

08 Тамыз 2026 19:00see114

​Ақшолақов Атыраудағы тұрғын үй кешендеріндегі кәріз суы мәселесін шешуді тапсырды

08 Тамыз 2026 21:25see112

17 млн еуро жалақы мен жер телімі: Салах Трабзонспордан мол пайда көрді

08 Тамыз 2026 21:21see112

Әділет партиясы сайлауалды бағдарламасын таныстырып, өңірлердегі өзекті мәселені талқылады

08 Тамыз 2026 12:02see112

​Шілдеде қазақстандықтарға 104 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылды

08 Тамыз 2026 21:26see111

Челси Миланды жеңген ойында Дастан Сәтпаев алаңға шықпады

08 Тамыз 2026 19:17see109

Қазақстанның бірқатар өңірлеріне аптап ыстық қайта оралады синоптиктер

08 Тамыз 2026 16:24see108

Келешегі мол кеніштер

08 Тамыз 2026 08:31see107

Жаңа Зеландия Ресейге қарсы 35 ші санкциялар пакетін жариялады

08 Тамыз 2026 22:23see105

​Ақтөбе облысында мемлекетке қайтарылған активтер тұрғындар игілігіне жұмсалуда

08 Тамыз 2026 21:25see105

Әділдік орнасын деп едім : Атырауда жанармай құю бекетінің кассирі полиция шақырғаны үшін жазаланғанын даулауда

08 Тамыз 2026 21:24see105

Қашағандағы жөндеу жұмыстары кейінге шегерілгеннен кейін 532 жұмысшы өтемақысын ала алмай отыр

08 Тамыз 2026 21:25see102

Украинада дрондар майдандағы сарбаздардың орнын алмастыра бастады

08 Тамыз 2026 21:21see102

Алматының сел қауіпсіздігі нысандары тексерілді

09 Тамыз 2026 19:11see101

Болашақ ойындары : аргентиндік фиджитал футбол командасы жеңімпаз атанды

09 Тамыз 2026 20:59see101

Жасыл түске боялған Есіл жұртты алаңдатып қойды: Астанада өзен қалай тазартылып жатыр

08 Тамыз 2026 09:10see100

Әділетті болашақ үшін : Шағын және орта бизнестегі кедергілер жойылады

09 Тамыз 2026 13:56see98

Астанадағы бір мектептің 65 түлегінің барлығы грант иегері атанды

09 Тамыз 2026 17:48see98

АМӨЗ бас директоры қызметінен кетуі мүмкін

08 Тамыз 2026 21:26see97
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары