Үш бала мен әкенің өмірін қиған апат: Ақтөбедегі даулы іс қайта қаралмақ
Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде резонанс тудырған жол апатына қатысты іс қайта қаралады, деп хабарлады облыстық прокуратура.
Облыстық сот жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс бойынша ақтау үкімінің және жеке қаулының күшін жойды.
"Биыл наурызда Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен сотталушы кінәсіз деп танылды. Ол 4 адамның, оның ішінде 3 баланың өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша айыпталған болатын", - дейді прокуратура.
Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 2023 жылы болған. Жол апатына түскен екінші көліктің рөлінде әйел адам болған. Ол бір күнде күйеуі мен үш баласынан айырылды. Оқиға қоғамда резонанс тудырды. Сот әйелге қатысты ақтау үкімін шығарды.
"Кейіннен айып жүк көлігінің жүргізушісіне тағылды, себебі оның кінәлі екенін оқиға куәгері айтқан. Алайда алқабилер басқа шешім қабылдады. Ақтау үкіміне прокуратура апелляциялық өтінішхат енгізіп, оны жоюды сұрады", - дейді Ақтөбе облысының прокуратурсы.
Апелляциялық саты прокуратураның уәжімен келісіп, істі қайта қарауға жолдады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:60
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Сәуір 2026 10:02 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















