Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Яссауи хикметтерінің көне қолжазбасы табылды

Яссауи хикметтерінің көне қолжазбасы табылды

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің көне қолжазбасы және басқа да құнды кітаптар табылды.

Бұл жәдігерлерді Ясауитану ғылыми орталығына ата-бабалары қари, дін ғұламасы болған саурандық Әлімжан Рамазанұлы тапсырған. Ол құнды мұраны Тоймат қари аталарынан аманаты ретінде ескі сандықтың ішінде киізге орап, мұқият сақтаған. Қолжазбалардың құндылығы неде? 

2 ғасырға жуық жеке қолда сақталған 17 құнды қолжазба мен сирек кітаптарды «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы жанынан құрылған Яссауитану ғылыми орталығы бүгін көпшілікке таныстырды. Ғалымдар бұл қолжазбалар біздің еліміз үшін ғана емес, тұтас түркі жұртының руханяиты үшін баға жетпес байлық екенін айтады. 

Күнсұлу Әсетова, Яссауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері:

- Қолымдағы қолжазба кітабы "Танбихуль ғафрин" деген еңбек. Бұл кітап парсы және арап тілінде жазылған. Шариғат үкімдері берілген бұл жерде. Бұл кітап – көне кітап. 951 жыл, біздің жыл санауымызбен 1554 жылға жатады. 

Жандос Жұмабек тілші:

- Табылған қолжазбалар арасында Қожа Ахмет Яссауи хикметтерінің көне нұсқасы, Ғаусул Ағзам Абдулқадир Жайлани рисаласы, Сүлеймен Бақырғани Хикметтері, Низами мен Мәшрәбтің өлеңдерінің де нұсқалары бар. Алғашқы ғылыми сараптама нәтижелері қолжазбаның XVI–XIX ғасыр аралығына жататынын көрсетіп отыр. Мамандар мәтіннің ішкі құрылымы, хикметтердің реттілігі мен нұсқалық айырмашылықтары Яссауи мұрасын зерттеуде жаңа ғылыми деректер ұсынатынын айтады. 

Мамандар ғылыми ортада бұрын белгісіз болып келген кейбір хикметтер мен мәтіндік нұсқалар осы қолжазба арқылы қайта анықталғанын айтады. 

Сайпулла Моллақанағатұлы, Яссауитану ғылыми орталығының басшысы: 

- Бұл жаңадан табылған хикметтер қолжазбасында 120 хикмет бар екені анықталды. Соның ішінде 40 шақты хикмет қолымызда бар хикметтермен салыстырғанда жаңа хикметтердің қатарына жататындығын көріп отырмыз. Алдағы уақытта ол терең зерттеледі. Осы күнге дейін 250 хикмет анықталған болса, ары қарай олардың қатары толыға түседі. Бұл жерде басты жаңалық сол. 

Көне жәдігердің табылуы Яссауи ілімінің түпнұсқалық нұсқаларын зерттеуге және сопылық әдебиеттің ғылыми қайта қаралуына жол ашады. Сондай-ақ қолжазбаның мәтіндік ерекшеліктері, қағаз құрылымы, каллиграфиялық белгілері оның тарихи құндылығы жоғары екендігін көрсетеді. Табылған жәдігерлердің арасында түркі тілінде жазылған қолжазбалар да бар.   

Ұлықбек Жүнісбаев, Яссауитану ғылыми орталығының ғылыми қызметкері:

- Бұл кітап Қ.А.Ясауи бабамыздың замандасы Абдулқадир Жайлани деген ұлы ғұлама өткен. Сол кісінің еңбектерін түркі тіліне, біздің Шағатай тіліне аударған еңбек. 19 ғасырдың аяғында жазылған қолжазба. Өте жақсы жеткен. Бұл еңбектің түркі тіліне аударылғанын, әлі зерттемедік бар-жоғын. Бірақ бірінші рет қолға түсіп отырғаны осы. Бірақ арап, парсы тілінде бар еңбек. 

Алдағы уақытта бұл құнды қолжазбалар терең зерттеледі. Одан кейін залалсыздандырып, қалпына келтірілу үшін Алматыдағы ұлттық кітапхананың зертханасына жіберілмек.  

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:136
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Желтоқсан 2025 16:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары