Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Жазушы қолжазбасы цифрланды

Жазушы қолжазбасы цифрланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сол қолжазбаларды алдағы заманға аман жеткеру үшін былтыр қазан айында Шерағаның жәдігерлері ұлттық архивке табысталды. Бұл – аманат жүгін арқалаған тарихи шешім және маңызды қадам болды. Енді сол аманат толық жүйеленіп, зақымданған жазбалар қалпына қайта келтірілді. Соған орай және баспасөз күнінің аясында Ұлттық архив ұжымы «Шерхан Мұртазаның қаламгерлік қазынасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиын ұжымы «Қазақ газеттері» серіктестігімен селбесе ұйымдастырылды. Әуелгі құттықтау сөз Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаевадан жетті.

«Шерхан Мұртазаның кісілік келбеті мен қарымды қаламгерлігі әрбір ұлтжанды азаматқа үлгі болуға тиіс. Келелі кеңес абыройлы өтіп, ұлттық баспасөз күні құтты болсын», – деген рәуіштегі хабарламаны аталған министрліктің құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рустам Әли оқып берді.

Шерхан Мұртазаның Egemen Qazaqstan газетін басқарған кезеңі – басылымның алтын дәуірі саналады. Келесі сөз кезегі сол жылдары Шерағаның «шекпенінде» тәлім алған, бүгінде аға буын журналистердің өкілі, мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абдрахмановқа берілді. Ол бас редактордың қайтпас қайсарлығына тоқталды. Жас журналистерге жігер беріп, ештеңеден тайсалмайтын мінез тәрбиелеген шеберлігін сөз етті.

Ел газетінің ардагер тілшісі Жанат Елшібек сол кездегі «Социалистік Қазақстан» газетінің табалдырығын аттаған жастық шағын еске алды. Бас редактор Шерхан Мұртазаның ұжымында істегеніне өте бақытты екенін жеткізді.

«Ол тәртіптің адамы еді. Өте жаспын ғой. Редакцияның ішкі талабын білмесем керек, еркін киініп келдім. Сол кезде Шерхан Мұртаза мұнымды қатты сынға алды. Әрдайым галстукпен жүруімді талап қылды. Аға сөзінің қуаты – сол, әлі күнге дейін газет табалдырығын галстуксыз аттамаймын», – деді ақсақал журналист.

«Шерхан  аға – шын мәніндегі реформатор еді. Тағайындалғанына бір ай болмастан, газетке өзгерістерді батыл енгізді. Соның бірі – ай аттары. Ол кезде олардың бәрі орыс тілінде жазылатын. Шерхан Мұртаза келісімен біз «желтоқсан», «ақпан», «наурыз» деп жаза бастадық. Бізге арқа тіреп бірнеше газет ай аттарын қазақшалады. Артынша «Социалистік Қазақстан» атауын «Егеменді Қазақстан» деп бір-ақ ауыстырды. Бұл – үлкен ерлік. Ағамыздың қатқыл мінезінен, турашылдығынан ыққан біршама замандастарым «Шерағаның азуында шайналып кетпей қалай аман жүрсің?» дейтін. Бірақ редакторымыз сыртқа солай көрінгенімен, жүрегі сондай жылы, жұмсақ-тұғын», – деді Жанат Елшібек.

Egemen Qazaqstan газетінің бас редакторының орынбасары Талғат Батырхан Шерхан Мұртазаның реформаторлық қабілетін аса жоғары бағалап: «Газет шығаратын редакторлар болады, газетті жасайтын адамдар болады. Шерағам газетті жасаған жан еді», – деп тебіренді.

Жиын соңында Ұлттық архивтің директоры Сағила Нұрланова қатысушылардың барлығына алғыс айтып, Шерхан мұрасының архивке толық өткенін, бірқатар қолжазбаның цифрланғанын және ең бастысы өте қауіпсіз жерде сақталып тұрғанын жеткізді.

Айта кетейік, құжаттар әуелі дестеленіп, зертхананың ауа температурасына үйретіледі. Артынша азот толтырылған арнаулы вакуумде сақталады. Оның ішінде қағаз бетіндегі көзге көрінбейтін зиянкестер өледі. Одан алып шығып арнаулы мамандар құжатты қалыпқа келтірумен айналысады. Бір парақты өңдеуге бір күн кетеді. Осылайша, «сырқаттанып» келген қолжазбаларды «емдеп» шығады. Тұп-тура адам емі сияқты. Шерхан Мұртазаның Egemen Qazaqstan газетінен келіп түскен қағаздар саны 6 мың дананы құрады. Мамандар әрқайсысын өңдеп, түгелдей цифрландырды.

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 05:15
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары