Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

Тынысты тарылтқан тозған кәріз

Түні бойы босатпай отыр: Берлинде қарулы ер адам әйелді кепілге алған

Бірнеше сағат ішінде үш төрт литр су ішу денсаулыққа қауіпті: гипонатриемия қаупі

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

ЮНЕСКО тізіміне енуге дайындалып жатқан 5 жерасты мешіті жайлы не білеміз

ЮНЕСКО тізіміне енуге дайындалып жатқан 5 жерасты мешіті жайлы не білеміз

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қорық маманы Қамар Бимағанбетованың айтуынша, бұл ескерткіштердің тарихы тереңде, жергілікті халық ерекше құрметтейтін қасиетті орындар. Мәселен, Қараман ата қорымы және жерасты мешіті - Маңғыстау ауданы, Шетпе селосынан 35 шақырым оңтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорымның ішінде орта ғасыр дәуіріне жататын құлпытастар, тас қоршаулар, XIX ғасырдың II жартысы XX ғасырдың басында Адай шеберлерінің қолымен тұрғызылған күмбезтамдар және көптеген сағанатамдар бар. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Қорымның батыс бөлігінде Қараман ата жерасты мешіті орналасқан. Мешіт тау жынысынан тұратын онша үлкен емес төбенің баурайынан қазылған. Оны салушы құрылысшылар кезінде сол жердегі табиғи үңгірді өз пайдасына жаратып, лайықтап өңдеген болуы мүмкін. Жерасты мешіті үш бөлмеден тұрады: кіреберіс бөлме, оған жалғасқан намаз оқитын зал және атаның сүйегі жерленген дөңгелек бөлме. Кірер бөлім діни жоралғылар өтетін негізгі галереяға алып келеді. Ішкі бетінде төбенің төмен түсіп кетпеуі үшін тау жынысының өзінен және арнайы қолдан қаланған үш колона орнатылған. Қазылып алынған мергельді тау жынысының қалың болмауына байланысты ескерткіш бөлмелер аласа болып келеді. Жерасты мешітінің сыртқы жағынан ішке жарық түсуі үшін екі ойық жасалған, - дейді маман.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Қараман ата қорымы - маңғыстаудағы ең ескі және үлкен қорымдардың бірі. Маңғыстаулық қазақтар тарихында “Қараман – атадағы анттасу” деген оқиғамен белгілі. Бұл жер бағзы заманнан бері ант берісіп, ақ қараны айыратын, адасқанды тура жолға бастайтын, жастарды қолдайтын қасиетті орын болған делінеді. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Қараман ата қорымында Бекет-ата төрелік еткен қазақтар мен түрікпендер арасында дау шешілген. Қараман ата туралы ел арасында түрлі аңыздар бар. Оның бірінде Қараман ата Шопан ата әулиенің інісі екені айтылады. Екінші бір аңыз Қараман ата мен Есен аталар Шопан атаның баласы делінеді. Есен ата мешіті мен Қараман ата жер асты мешіті арасында да жол болған деседі. Қараман ата осы жерасты жолымен келіп, мешіттен 6-7 шақырым жердегі Ақсай тұйығынан су алып тұрғандығы жайында айтылады, - дейді Қамар Бимағанбетова.

Ал, Сұлтан үпі жерасты мешіті - Түпқараған ауданы Таушық селосынан 30 шақырым солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Қорым 1982 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Зиярат орны және Сұлтан-үпі кесенесі - тік қойылған ағаш сырықты шеңберлі қоршау түріндегі әулие. Жерасты мешіті, зираттан біршама қашықтықта солтүстік-шығысқа қарай орналасқан. Сұлтан-үпі мешіті жердің тастақ қабатынан ойылып салынған. Жерасты мешіті бірнеше камералық бөліктерден - 9 бөлмеден тұрады. Мешітке түсер баспалдақ өңделмеген әртүрлі өлшемдегі тастармен тіке қаланған. Баспалдақ арқылы биік күмбезді залға түседі. Қабырға құрылысы тастан қаланған. Бөлме ішінде біршама көтеріліп шығатындай баспалдақ жасалған. Зал тікбұрышты, қабырғалары горизонтальды қалауымен биіктігі 3 метрге дейін жетеді. Залдың солтүстік қабырғасында да ойығы бар, тар бөлмеге апарады, - дейді қорық өкілі.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Сұлтан-үпі сайы - Түпқараған түбегінің солтүстік жағалауында Сарытас бұғазына жақын жерде ұзындығы 5 шақырымға теңізге дейін созылған. Бұл жердің көріктілігі мен әсемдігі көрген адамды өзіне еріксіз тартады.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Сайдың түбімен жылғалар ағады. Өлкенің басқа жерінде көп кездесе бермейтін өсімдіктердің бірнеше түрлері ұшырасады. Сұлтан-үпі сайы 1993 жылы жергілікті дәрежеде мемлекет қамқорлығына алынған. Сұлтан үпі жерасты мешітінің жанында құдық бар. Оның суы жардан 6 метр жерден ойып салынған жартыаралдағы ең тұщы, ең дәмді, ішуге жарамды таза су. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Шақпақ ата қорымы және жерасты мешіті (XIV–XIX ғасырлар) - Түпқараған ауданы, Таушық ауылынан 30 шақырым солтүстік-батыс бағытта орналасқан. Шақпақ ата мешiтi - Арал-Каспий өңіріндегі қабырғалары жазулармен және суреттермен шимайланған жалғыз ескерткiш.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Жартастағы мешіті геолог А.Медоевтің айтуы бойынша «Өте күрделі архитектуралық ескерткіш, Қазақстанның сирек кездесетiн жартасты сәулетшілік өнерінің тамаша көрінісі» болып табылады. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Мешіттің солтүстiк-батыс бағытында Шақпақ ата қорымы орналасқан. Қорым кешенді екі бөліктен: түркімен руларына қатысты ежелгі және қазақ тұрғындарымен байланысты жаңа кезеңді қабірлеу құрылыстарынан тұрады. Археологиялық зерттеулерге сәйкес мешіт жанындағы алғашқы жерлеу кешендері 14 ғасырда қалыптаса бастаған. Шақпақ атаның өмір сүрген уақыты белгісіз, зерттеушілердің айтуы бойынша, шамамен орта ғасыр болуы керек. Ел аузында сақталған мәліметтерге қарағанда, Шақпақ ата мұсылманшылықты терең меңгерген, шәкірт тәрбиелеп, бала оқытқан, діндарлығымен қатар қалмақтармен соғыста атағы шыққан батыр болған, - дейді Қамар Бимағанбетова.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енген келесі ескерткіш - Шопан ата қорымы және жерасты мешіті. Ол Қарақия ауданы, Сенек селосынан 20 шақырым солтүстік-батыс бағытта, бағзы Хорезм керуен жолы бойында орналасқан. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде қорымнан 1640 ескерткіш есепке алынған. Бұл ескерткіштер - негізінен ортағасырлық түрікмен көне қоршаулары, сандықтас, қойтас, құлпытас тәрізді тас белгілер. Сонымен қатар, қорымның шығыс бөлігінде қазақтардың (адайлардың) ескерткіштері орналасқан, - дейді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы ескерткіштерді есепке алу және қорғау бөлімінің маманы Қамар Бимағанбетова. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Мешіт бір-біріне қосылған 12 шағын бөлмеден тұрады, бөлмелердің әр қайсысы арнайы мағыналы, бірі діни рәсімдер өткізуге, бірі балаларды оқытуға, бірі тұрмыстық қажеттілікке арналған. Шопан-ата жерленген орын жартасқа тереңдетіліп қазылған. Төрден сай үстіне шығып кететін есік бар. Есіктің сыртқа шығар аузы алдында беті шымылдықпен перделенген қабірхана бар.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Аңыз бойынша оған Шопан-Атаның қызы жерленген. Орталық залдың оңтүстік және батыс жарынан зиярат етушілерге арналған екі кең бөлме ойылып жасалған. Мешіттің төменгі жағында құдық қазылған. Негізгі мешіттен шығысқа қарай кейініректе екінші мешіт ойылып жасалған. Оған бөлек кіреді. Мешіттің ауласында биік тұт ағашы өсіп тұр. Одан шығысқа қарай жардан ойылып жасалған бірнеше бөлмеде адамдар жерленген. Шопан ата әйгілі Қожа Ахмет Яссауидің шәкірті болған делінеді. Шопан ата халық арасында тәңіршілдік пен мұсылмандық дінді байланыстырған рухани нәр беруші адам ретінде және шаруашылықтың символы ретінде танымал.

Ал, Оғыланды жеріндегі Бекет ата жерасты мешіті (XVIII-XIX ғғ.) - Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 95 шақырымда солтүстік – шығыс бағытта орналасқан. 

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

- Мешіт табиғаты көркем Оғыланды жеріндегі ақ-бор тасты тау шатқалының терең орта қабатынан ойып жасалған. Мешіт төрт бөлмеден тұрады, төргі бөлмеде қасиетті сырық ағашы бар. Мешітке кіретін аласа тар есік бар. Бірінші бөлме жоғарғы ортасынан жарық түсетін күмбез тәрізді бөлме ауыз үй. Оның батыс жағында михрабы оңтүстікке қаратылған намаз оқитын, ал оңтүстік-шығысында екі бөлме, оның біреуінде Бекет атаның өзі жерленген. Ата пайғамбар жасына келіп (63 жасында) қайтыс болған. Түпкі бөлмеде Бекет атаның көзі тірісінде жан дертіне шипа іздеп келген адамдарға дұға етіп, дем салған ағашы тұр. Бөлмелердің бәрі де дөңгелек пішіндес. Олардың биіктігі 2,7-ден 3,5 метрге дейін. Қабырғаларында шырағданға арналған ойықтар орналасқан, - дейді қорық өкілі.

Фото: Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану қорығы

Бекет Мырзағұлұлы (1750-1813 жж.) – қазіргі Атырау облысының Жылой ауданындағы Ақмешіт елді мекенінде туған. Маңғыстау, Үстірт, Атырауды мекендеген Адай тегінен шыққан қазақ халқының данасы, тарихи тұлға. Бекет – ел тәуелсіздігі үшін сыртқы жауларға қарсы қол бастап, ерлік көрсетке батыр. Ғылым мен білім жолын қуып, Маңғыстау, Атырау, Үстірт өңірлерінде ұстаз болған, медресе мен мешітке қолайлы болатын, бала оқытатын жерасты мешітін қашап жасаған сәулетші-шебер. Бойына табиғаттың тылсым күшін игерген, ауруды жазған, жатқанды аяққа тұрғызған емші. Жас кезінде қолына қару алып, көршілес қалмақ, түрікмен тайпаларымен шайқасып, халқының тәуелсіздігін қорғаған Бекет ел аузында Ер-Бекет атанған. 

Бұған дейін, 2026 жылы ЮНЕСКО Маңғыстау мешіттерін Бүкіләлемдік мұра тізіміне қосу мәселесін қарайтыны туралы жазған болатынбыз.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:93
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Қаңтар 2026 13:16
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Трампқа жасалған қастандықтардан кейін Ақ үй қауіпсіздік шараларын күшейтті

11 Шілде 2026 10:51see116

Қазақша сөйлейтін цифрлық әлем

11 Шілде 2026 08:42see113

Бишімбаев ісінен кейін танымал болған Айжан Аймағанова прокуратурадан кетті

11 Шілде 2026 18:07see113

Соңғы алты айда Херсон облысында 545 тұрғын қаза тапты Мирошник

11 Шілде 2026 08:59see112

BaiQymyz 2026 фестивалінде робот ит, Тәртіпбек пен Тазабек қонақтарға түсіндіру жұмысын жүргізді

11 Шілде 2026 15:38see111

Алматыда күмәнді әрекет нашақорды полицияға ұстап берді

12 Шілде 2026 16:58see109

Байқоңырда Союз МС 29 ғарыш кемесін тасымалдайтын зымыран ұшыру алаңына орнатылды

11 Шілде 2026 12:26see109

Вьетнамда туристік катердің апатқа ұшырауынан 15 адам көз жұмды

11 Шілде 2026 21:31see109

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейді: АҚШ пен Иран өзара соққы алмасты

12 Шілде 2026 12:47see109

Бірінші сыныпқа қабылдау: ата аналар нені білуі керек?

11 Шілде 2026 17:44see109

Patriot зымырандарын Украинада өндіру екіталай БАҚ

11 Шілде 2026 12:27see108

Президент Қасым Жомарт Тоқаев Сириус Роза Хутор фестиваліне қатысушыларды құттықтады

12 Шілде 2026 12:41see108

Тынысты тарылтқан тозған кәріз

11 Шілде 2026 05:52see108

Түні бойы босатпай отыр: Берлинде қарулы ер адам әйелді кепілге алған

11 Шілде 2026 13:24see105

Бірнеше сағат ішінде үш төрт литр су ішу денсаулыққа қауіпті: гипонатриемия қаупі

11 Шілде 2026 09:35see105

Аптаның ең әсерлі фотосуреттері: Reuters ұсынған 6 үздік кадр

12 Шілде 2026 22:09see104

Air Astana Дубайға рейстерді уақытша тоқтатады

12 Шілде 2026 20:32see104

Altai Fest: полицейлер Қатонқарағайда 50 мыңнан астам адам жиналған фестивальден үйге аман есен қайтудың тәртібін түсіндірді

12 Шілде 2026 17:59see103

Көкшетауда қазақ әнін үйде тыңдаңдар деп шаштаразда ұрыс шығарған әйел жауапқа тартылды

12 Шілде 2026 09:41see101

АҚШ пен Иран бір бірінің нысандарына соққы бере бастады

12 Шілде 2026 10:05see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары