Заңсыз алтын өндіру: ШҚО да табиғатқа келтірілген залал 82 млн теңгеден асты
Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Видеодан алынған стоп-кадрҚМА Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті ҰҚКД бірлесіп, Самар ауданы аумағындағы «Кенкарын» учаскесінде жер қойнауын өз бетінше пайдалану және бағалы металдарды заңсыз өндіру дерегін әшкереледі.
Тергеу мәліметі бойынша, күдіктілер жер қойнауын пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, екі жыл бойы тиісті лицензиясыз заңсыз алтын өндіріп, «Құлынжон» өзенінің арнасын өз бетінше өзгерткен. Заңсыз әрекеттің салдарынан табиғатқа келтірілген залал көлемі 82 млн теңгеден асты.
Тексеру барысында ауыр арнайы техника (жүктиегіш, самосвал, экскаватор) және өнеркәсіптік жабдық тәркіленді. Ұйымдастырушы 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Бүгін, 11:23
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:103
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:35 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















