Жамбыл облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жедел басқару орталығының қызметкерлері мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жалған Range Rover автокөлігін анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Көлікті тоқтатпақ болған патрульдік полиция қызметкерлерінің заңды талабына жүргізуші бағынбай, жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, қашып кетуге әрекет жасаған.
Көлік тізгінінде Тараз қаласының 38 жастағы тұрғыны болған. Ол сот отырысына бірнеше рет келмегендіктен, мәжбүрлі түрде жеткізілді.
Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды.
Полиция азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады. Полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған және жауапкершіліктен жалтарған азаматтар заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:36
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2026 14:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















