Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

Жаңа Конституцияның жобасы республикалық референдумға шығарылды

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

2026 жылғы 11 ақпанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция қабылдау мәселесі бойынша 2026 жылғы 15 наурызға республикалық референдум тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл бастама 2025 жылғы 8 қыркүйекте жарияланған Президент Жолдауындағы бір палаталы Парламент құру туралы ұсынысқа негізделді. Реформаның мақсаты – саяси жүйені жаңғыртып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін беру.

2025 жылғы 8 қазанда парламенттік реформаны әзірлеу үшін арнайы жұмыс тобы құрылды. Оның құрамына заңгерлер, сарапшылар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері кірді. Азаматтар да e-Otinish және eGov порталдары арқылы өз ұсыныстарын жолдады. Нәтижесінде екі мыңнан астам ұсыныс қарастырылды.

2026 жылғы қаңтарда Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент реформаның негізгі тұжырымдамасын ұсынды. Ал 21 қаңтарда жаңа Конституция жобасын әзірлеу үшін 130 мүшеден тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Оның құрамына Ұлттық құрылтай мүшелері, құқықтанушылар, мемлекеттік орган өкілдері, БАҚ басшылары, мәслихат төрағалары мен сарапшылар енді. Комиссияны Конституциялық сот төрағасы Эльвира Азимова басқарды.

Комиссия жұмысы ашық форматта өтті. Отырыстар интернет арқылы тікелей көрсетіліп, қоғам кеңінен қатыса алды. Қоғамдық талқылау барысында азаматтардан шамамен 10 мың ұсыныс түсті. Олардың бір бөлігі жаңа Конституция мәтінінде ескерілді.

Жаңа Конституция жобасы адам құқықтарына басымдық беруге бағытталған. Онда бірлік, татулық және этносаралық келісім мемлекеттіліктің негізі ретінде айқындалған. Сондай-ақ Қазақстанның егемендігі, тәуелсіздігі, унитарлығы мен аумақтық тұтастығы негізгі құндылықтар ретінде бекітіледі.

Құжатта цифрлық ортадағы азаматтардың құқықтарын қорғау, адвокатура қызметін күшейту, білім мен ғылымды дамыту сияқты нормалар қарастырылған. Неке ерікті әрі тең құқықты ер мен әйелдің одағы ретінде белгіленеді. Сонымен бірге ұлттық мәдениетті қолдау мен тарихи мұраны сақтау мәселесіне ерекше мән берілген.

Конституция жобасына сәйкес 145 депутаттан тұратын бір палаталы Парламент – Құрылтай құрылады. Депутаттар пропорционалды сайлау жүйесі бойынша 5 жыл мерзімге сайланады. Сондай-ақ Вице-Президент институтын енгізу және Қазақстан Халық Кеңесін құру ұсынылған.

Жалпы алғанда, жаңа Конституция мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртып, елдің ұзақ мерзімді дамуына құқықтық негіз қалыптастыруды көздейді. Жаңа Ата заңды қабылдау мәселесі 2026 жылғы 15 наурызда өтетін республикалық референдумда шешіледі.

Қазақстан Республикасының Конституциясымен осы сілтемеден таныса аласыздар.
 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 13:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары