Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Жаңа мектептер ашылды

Жаңа мектептер ашылды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Республика күнінде еліміздің бірқатар өңірлерінде жаңа білім беру нысандары ашылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жаңа ғимараттар Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Ақмола, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласында пайдалануға берілді.

Тарқатып айтсақ, Алматы қаласында бірден төрт жаңа форматтағы мектеп есігін айқара ашты. Солардың бірі Медеу ауданындағы 2 мың оқушы орнына арналған №220 мектеп. Жаңа ғимарат өз микроауданы бойынша оқушы орны тапшылығын толық жойды. Мектепте 83 оқу кабинеті, 4 спорт залы, кітапхана, асхана және коворкинг аймақтары бар.

Жамбыл облысында Қарасу және Қаракемер ауылдарында екі жаңа мектеп өз есігін айқара ашты. Солардың бірінде 28 оқу кабинеті, конференц-зал, STEM-зертханалар, робототехника кабинеті, коворкинг орталығы, сондай-ақ 3 шеберхана мен 3 ғылыми зертхана қарастырылған.

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 900 орындық 11-ші мектеп ашылды. Онда 45 оқу кабинеті заманауи интерактивті тақталармен жабдықталған.

Сондай-ақ Түркістан облысының Сауран ауданында мереке қарсаңында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы шеңберінде №5 мектеп пайдалануға берілді. Мектепте жаңа үлгідегі кабинеттер, STEM-зертханалар, 3 шеберхана, коворкинг аймақтары, демалыс және ойын алаңдары, спорттық залдар, асхана, кітапхана және акт залы бар. Қазіргі таңда өңірде алты мектептің құрылысы жүріп жатыр.

Батыс Қазақстан облысының Достық ауылында 1200 оқушыға арналған жаңа форматтағы мектеп ашылды. Нысанның пайдалануға берілуімен апатты мектеп мәселесі шешілді. Айта кетейік, бұл – өңірде ұлттық жоба аясында салынған бесінші мектеп.

Ақмола облысының Көкшетау қаласында апатты ғимараттың орнына салынған №10 жаңа мектептің техникалық ашылуы өтті. Мұнда жайлы білім алу үшін барлық жағдай жасалған: кең сыныптар, зертханалар, робототехника кабинеттері, заманауи спорт және конференц-залдар бар.

Қарағанды облысының Жарық ауылында ұлттық жоба аясында жаңа мектеп ашылды. Мұнда STEM-зертхана, жаратылыстану-математика бағытындағы заманауи жабдықтармен және әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген кабинеттер, робототехника және графикалық дизайн сыныптары бар. Мектепте жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған 22 интерактивті тақта орнатылған.

Осыған қоса Шығыс Қазақстан облысының Игілік ауылында жергілікті бюджет есебінен салынған жаңа мектеп пайдалануға берілді.

Айта кетейік, 2025–2026 оқу жылында елімізде жалпы 232 білім беру ұйымы салынады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қазан 2025 11:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see167

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see163

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see159

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see143

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see140

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see130

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see124

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see123

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see120

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see118

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see117

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see108

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see107

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see105

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see104

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see104

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see104

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары