Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Жаңа мектептер есігін айқара ашты

Жаңа мектептер есігін айқара ашты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Бұл білім ордаларында 4200 оқушы білім алады. Сондай-ақ тозығы жеткен тағы 10 білім ордасы күрделі жөндеуден өтіп, бүгін пайдалануға берілді. Биыл өңірде 36 мыңға жуық бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттады. Осылайша, жаңа оқу жылында облыстағы 502 жалпы білім беретін мектепте 384 мыңнан астам оқушы тәрбиеленеді.

Алматы облысында үш ауысымды оқытуды жойып, сапалы білім беру мақсатында кейінгі төрт жылда 75 жаңа мектеп ашылып, 6 қосымша жапсаржай салынды. Оның 26-сы «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында бой көтерді. Нәтижесінде, үш ауысымды білім беру ұйымдарының саны 52-ден 23-ке азайып, шалғай елді мекендердегі 6 мыңға жуық оқушының тасымал мәселесі шешілді. Соны­мен қатар алдағы уақытта EPC+F тетігі арқылы немесе мемле­кеттік-жекеменшік серіктестік ая­сында 10 мектептің құрылысы жоспар­ланып отыр.

Бүгінде  пайдалануға берілген мектептер Алатау қаласы, Іле, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан. Мұнда заманауи пән кабинеттері, физика, химия және биология зертханалары, информатика, STEM және робототехника каби­неттері, кітапхана, оқу залы, спорт- зал, асхана, медициналық пункт, мәжіліс залы, шығармашылық және коворкинг аймақтар қарастырылған. Бұған қоса, мектептер цифрлық оқыту технологияларымен, жоғары жылдамдықты интернетпен, бейне­бақылау және қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған. Ерекше қажеттілігі бар балалар үшін де барлық қолайлы жағдай жасалған. Бұл оқушылардың терең білім алуына, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуына жол ашады. Өңірде инфрақұрылымды жаңарту жұмысы мұнымен шектелмейді. Кешенді жоспарға сәйкес, 2025-2027 жылдар аралығында облыстағы 91 мектепке күрделі жөндеу жүргізу көзделген.

Алғашқы қоңырау күмбірі Іле ауданы Н.Тілендиев ауылындағы су жаңа «Келешек мектебінде» де естілді. Жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын нысан 900 орынды және ғимаратта 44 сынып бар. Жобаның жалпы құны – 7,5 млрд теңге. Бүгін мұнда 100-ге жуық оқушы мектеп табалдырығын алғаш рет аттап, барлығы 1 230 бала қабылданды.

Салтанатты іс-шараға Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, оқушылар мен ұстаздарды, ата-аналарды білім күнімен құт­тықтады.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «Біз Қазақстандағы барлық баланың бақытты болашағын қамтамасыз етуіміз керек» деп атап өткендей, өскелең ұрпаққа сапалы білім беріп, олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау – мемлекетіміздің маңызды міндеттерінің бірі, – деді аймақ басшысы. Сонымен қатар білім саласын қолдау мақсатында өңірде атқарылған ауқымды жұмыстар мен оқушылардың жетістіктеріне тоқталды. Айтуынша, өткен оқу жылында облыс оқушылары жаратылыстану-матем­атикалық бағыт бойынша респуб­ликалық олимпиадада үздік үштікке енді, ауыл мектептері арасында командалық І орынды жеңіп алып, чемпион атанды. Қос бірдей жас дарын Ұлттық бірыңғай тестілеудің ең жоғары көрсеткіші – 140 балды жинап, рекорд жасады. Сонымен қатар 1 831 мектеп бітіруші «Алтын белгіні» еншілесе, 1 675 түлек «Үздік аттестат» алды. 7 мыңнан астам оқушы мемлекеттік білім беру грантын иеленді.

Жаңа мектептің ашылу салтанат­ында өңір басшысы үздік ұстаздарды мемлекеттік наградалармен, Алғыс хаттармен марапаттады. Сонымен қатар үлкен өмірдің босағасында тұрған түлектермен жүздесіп, олардың сынып сағатына қатысты. Оқушы­лармен Ата заңның қасиеті, «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» тұжы­рым­дамаларының мәні жайлы ашық әңгіме өрбітті.

Ауыл тұрғындары да жаңа нысанның бой көтергеніне дән риза. Солардың бірі – Қорғасбек Қожахметолла.

– Н.Тілендиев ауылында жаңа мектеп ашылғанына өте қуаныш­тымыз. Сол үшін Мемлекет басшы­сына, облыс әкімдігіне алғыс айтамын. Бұл білім ордасынан ел-жұртына қызмет ететін, ой-өрісі кең азаматтар өсіп шығады деп сенемін. Енді осы мектепте менің төрт немерем білім алады. Мектеп көңілімізден шықты, – деді тұрғын.

Су жаңа нысанға аяқ басқан оқушылардың да қуанышында шек жоқ. – Өзім биология пәнін жақсы көремін әрі болашақта дәрігер болғым келеді. Бұл арманыма осы мектепте оқу арқылы біртабан жақындаймын деген үміттемін. Себебі мұнда арнайы сыныптарда түрлі тәжірибе жасап, білімімді жетілдіре аламын. Жаңа мектеп бізге қатты ұнады», – дейді 11-сынып оқушысы Кәусар Қуанбай.

Жаңадан бой көтерген  мектептер ел болашағына қызмет ете бермек.

Айна ХАСАН

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:76
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қыркүйек 2026 17:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары