Сарыағаш вокзалы қайта жаңғыртылып, жолаушыларға есігін ашты
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Түркістан облысындағы Сарыағаш станциясының теміржол вокзалын қайта жаңарту жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жаңғыртылған нысанның ашылу салтанатына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Елжас Отыншиев пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.
Вокзал Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылып жатқан теміржол вокзалдарын жаңарту бағдарламасы аясында қайта жаңғыртылды.
Жөндеу барысында жолаушылар және қызметтік үй-жайлар, инженерлік коммуникациялар, шатыр мен вокзалға іргелес аумақ толық жаңартылды. Ғимарат қасбетіне ұзақ мерзімді фиброцемент тақталары орнатылып, жертөле қазақстандық гранит плиткаларымен қапталды. Сондай-ақ энергия үнемдейтін екі қабатты терезелері бар алюминий витраждар орнатылды.
Вокзал ішінде тозуға төзімді әрі жанбайтын материалдар қолданылып, еден, төбе және инженерлік желілер жаңартылды. Заманауи жылу оқшаулағышы бар шатыр да толығымен ауыстырылды.
Қайта жаңғыртудан кейін вокзал заманауи жайлылық, қауіпсіздік және энергия тиімділігі талаптарына сай келетін болды.
Сарыағаш вокзалы арқылы тәулігіне шамамен 255 жолаушы өтеді. Станциядан Алматы, Шу, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе және Қандыағаш қалаларына, сондай-ақ Ресей мен Өзбекстан бағыттарына қатынайтын 10 жолаушылар пойызы өтеді.
Жоба Үкімет, Көлік министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ және Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның өз қаражаты есебінен іске асырылды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:89
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қыркүйек 2026 19:33 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















