Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

45 жыл күткен жаңғыру: Көкшетау вокзалы жолаушыларға есігін айқара ашты

45 жыл күткен жаңғыру: Көкшетау вокзалы жолаушыларға есігін айқара ашты

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Енді мұнда эскалатор, лифт, көтергіш, ана мен балаға арналған бөлме және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға арналған арнайы жағдайы бар вокзал ел игілігіне пайдалануға берілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Көкшетау теміржол вокзалы – қалаға келген жолаушыны қарсы алатын алғашқы нысандардың бірі. Биыл оның келбеті де, ішкі инфрақұрылымы да өзгерді. 1981 жылы пайдалануға берілген ғимаратқа бұған дейін 2003 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген. Ал биыл вокзал толық жаңғыртудан өтті.

Нысанның техникалық ашылу салтанатына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қатысты.

– Бұл – Президенттің тікелей тапсырмасы аясында жолаушыларға жайлы жағдай жасауға бағытталған жұмыс. Ақмола облысы – туристік аймақ. Мұнда жолаушылар тасымалы мен жүк ағыны да жоғары. Сондықтан вокзалдардың маңызы зор», – дейді өңір басшысы.

Ақмола облысында 16 вокзал жаңғыртылды

Елімізде теміржол вокзалдарын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр. Бүгінде республика бойынша 124 вокзал жаңғыртылып, пайдалануға берілген. Оның 16-сы – Ақмола облысында. Өңірдегі бұл жұмыс көлемі Қазақстан облыстары арасында ең ауқымды көрсеткіштердің біріне жатады. 16 нысанның тоғызы жаңадан салынса, жетеуі күрделі жөндеуден өткен.

Жаңғырту барысында вокзалдардың инженерлік инфрақұрылымы да жаңартылды. Су және жылу жүйелері ауыстырылып, терезелер мен әйнек конструкциялары жаңадан орнатылды.

Көкшетаудағы вокзал да осы жаңғырту жұмыстарының қорытынды нысаны болды.

Тәулігіне 1 800 жолаушы қызмет алады

Көкшетау вокзалы арқылы тәулігіне 32 пойыз өтеді. Оның үшеуі халықаралық бағытта болса, төртеуі – электр пойызы.

Нысанның орташа тәуліктік жолаушылар ағыны 1 800 адамға жуық. Вокзал басшысы Роза Арыстанқызының айтуынша, нысан былтыр Үкімет қаулысына сәйкес, Қазақстан бойынша жаңғыртылатын 124 вокзалдың қатарына енгізілген.

– Қазір жолаушыларға ыңғайлы болу үшін екі эскалатор орнатылды. Конкорс өткелінде тағы төртеуі болады. Мүгедектігі бар азаматтарға арналған екі көтергіш пен төрт лифт орнатылды. Бұған дейін мұндай жағдайлар болмаған», – деді вокзал басшысы.

Оның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар азаматтарға санитарлық бөлмесі бар арнайы орын жабдықталған. Билет кассасы мен анықтама бөлімі де осы санаттағы жолаушыларға бейімделген.

Жаңғыртылған вокзалда жолаушылардың жайлылығына да басымдық берілген. Ғимаратта ана мен балаға арналған арнайы бөлме жасалды. Ал жолаушылар қозғалысын жеңілдету үшін эскалаторлар мен лифтілер орнатылды. Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін екі көтергіш қарастырылған. Осылайша, вокзалдың жаңаруы ғимараттың сыртқы келбетін өзгертумен ғана шектелмей, оның ішкі инфрақұрылымын заманауи талаптарға бейімдеуді қамтыды.

Жаңарған вокзалға теміржол саласының ардагері Мәжит Қалимжанов та барды. Ол теміржол саласында 51 жыл еңбек еткен. Ал Қалимжановтар әулетінің теміржолдағы еңбек өтілі 5 ғасырдан асады. Ардагер Көкшетау вокзалының тарихына тоқталды.

– Алғашқы вокзалдардың бірі барак үлгісінде болған еді. Кейін 1961 жылы вокзал салынды. Одан кейін 80-жылдары осы вокзал бой көтерді. Ғимарат жөндеуден өткен сайын жақсы әсер қалдырады. Бұл жерде үлкен жауапкершілікпен жұмыс істелгені көрініп тұр. Қалаға кім келсе де, онымен мақтана аламыз. Өйткені вокзал – қаланың қақпасы, – дейді Мәжит Қалимжанов.

Жаңғырту жұмыстары ғимараттың өзімен аяқталған жоқ. Вокзал маңындағы аумақ та абаттандырылып, вокзал алдындағы алаң жаңартылды.

Енді Көкшетауға теміржол арқылы келетін жолаушыларды жаңарған нысан қарсы алады. Қала үшін маңызды көлік инфрақұрылымы заманауи талаптарға бейімделіп, жолаушыларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасалды. 45 жылдан кейін қайта жаңарған Көкшетау вокзалы осылайша жаңа кезеңге қадам басты.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:148
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қазан 2026 12:01
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары