Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Қырық жыл күткен қуаныш

Қырық жыл күткен қуаныш

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Сыр өңірі экономиканың күретамыры саналатын отандық жол инфрақұрылымын жетілдіруде тағы бір жетістікке қол жеткізді. Еліміздің оңтүстігін орталықпен байланыстырып тұрған «Қызылорда – Жезқазған» жолы пайдалануға беріліп, Сыр мен Арқа арасы жақындай түсті.

Аймақтың бұрынғысы мен бүгінгісін білетіндер сонау 80-жылдары Қызылорда мен Жезді өңірдің арасын жалғайтын көне сораптың 127 шақырымына Маңғыстау өңірінен әкелінген битум төселгенін айтады. Сол төсеніш­тің тамтығы ғана қалса да III категорияға жатқызылып, кешеге дейін кәдеге жарап келді. 2000 жылдар басында жергілікті компаниялар жолдың 30 шақырымын салып, көптің көкейін­де үміт оянып еді. Бірақ сол кездегі экономи­калық жағдайға байланысты жақсы бастама орта жол­дан үзіліп қалды. Мәселеге Мемлекет басшы­сы назар аударғаннан кейін ғана күре жол құ­ры­лысы басталып, 2023 жылы алғашқы асфаль­ті төселе бастады. Екі жыл ішінде 424 шақы­рым­ның облыс аумағындағы бөлігі салынып бітті.

Салтанатты рәсімге облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, депутаттар мен ардагерлер қатысты. Аймақ басшысы бұл жолдың өңір экономикасына, өндірістің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатының артуына тигізетін оң ықпалы мен ерекше маңызын атап өтті.

«Ұзақ жылдан бері ел арман­дап келген автожолды салу­ға қолдау көрсеткен Мем­ле­кет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа барша Сыр жұрт­­шы­лығының атынан зор риза­шы­лы­ғымызды, шынайы алғы­сымызды білдіреміз. Респуб­ли­ка­­л­ық маңызы бар авто­мобиль жолы туралы мәсе­­­ле тәуелсіздік алған ке­зең­­­­­нен бері бірнеше мәрте көте­рілгенін білеміз. Бүгін облыс аумағындағы бөлігі толық қайта жаңғыртудан өтіп, тиісті жұмыс аяқталды. Жобаны жү­зе­­ге асыруға 84 млрд теңге жұмсалды», – деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Құрылыс жұмысына бес бірдей мердігер, 400 техника жұ­мыл­дырылыпты. Жолдың қалған бөлігі келер жылы пай­да­лануға берілмек. Сол кезде оңтүстік өңірлерді елдің орталығымен байланыстыратын күре жолмен тәулігіне 10 мыңға дейін көлік қатынай алады. Жүк және жолаушылар тасымалы ұлғаяды.

«Былтыр тамыз айынан бері Ұлытау облысы аумағындағы жұ­мысқа кірістік. Осы күні ал­­ғаш­­қы 50 шақырымына асфальт-бетон қоспасы төселіп жатыр. Келісімшартта екі ара­лық­тағы жолдың салынып бітуі 2027 жылдың аяғына жос­пар­лан­ғанымен де келер жылдың соңына дейін 208 шақырым құрылысты бітіреміз деген ойдамыз. Жезқазған – Қарағанды бағытындағы жұмыс та көп күттірмейді. Ұлытау өңірінде 4 мердігер 8 нысан бойынша құры­­­лыс жүргізеді», дейді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев.

«Жол активтері сапасының Ұлттық орталығы» РМК мамандары жыл ішінде Қызылорда бөлігін 87 рет тексеріп, 598 сынама алыпты. Аспаптық тексеру барысында анықталған ақаулардың да қалыпқа кел­тірілуі бақылауда тұр.

Салтанатты рәсімде ауқымды жобаның жүзеге асуына үлес қосқан құрылысшылар мен инженерлерге, жол саласының мамандарына «Қызылорда облысының дамуына қосқан үлесі үшін», «Еңбек ардагері», «Құрметті жолшы» медальдары табысталды. Бірқатар азамат Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Жолшылар еңбегі арқасында Шу бағытына қарағанда, Қызылорда мен Астана арасы 800 шақырымға жақындай түсті. Бұрын сапарға шыққандар екі ара­лықта 20 сағат жол жүрсе енді 16 сағатта діттеген жеріне барады. Ұлытау облысының аумағында басталған құрылыс жұмысы аяқ­та­лып, жаңа жол пайдалануға бе­ріл­генде, Аста­на­ға бағыт алған көлік 12 сағатта жетеді.

Бүгінде облыста «Қызылорда – Жезқазған» жолын «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто­дәлізіне қоса­тын 25 шақы­рым­дық айналма жол салатын мер­дігер мекеме анық­­­­талып жа­тыр. Келер жылы басталатын «Қызылорда – Сексеуіл» бағы­тындағы 462 ша­қы­рымдық 4 жолақты жол құры­­­лысы Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы мен Арал аудан­дарының аумағын қамтиды. Қызылорда мен Ақтөбені жалғап жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізінің екі жолақты бөлі­гін кеңейтудің бұл бастамасы аталған аудандар тіршілігіне жан бітіріп, көрші облыстармен алыс-беріс пен барыс-келіс арта түседі.

 

Қызылорда

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:172
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 10:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see132

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see131

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see130

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see120

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see120

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see117

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see113

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары