Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Бес жыл күткен ғасырлық той

Бес жыл күткен ғасырлық той

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Солтүстік Қазақстан облыстық газеті 1920 жылы ашылған. Алдымен «Кедей сөзі», одан «Бостандық туы», кейін «Ленин туы» аталып, тәуелсіздік жылдарынан бері «Солтүстік Қазақстан» газеті аталған басылымның тарихы өте бай. Кезінде қазіргі Қарағанды, Ақмола, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан облыстарына таралған газет. Осы облыс­тар «Қарағанды облысы» аталып, орталығы Қызылжар қаласы болғанда газет жарты Қазақстанға жайылған. Мұнда Алаш арыстары қызмет істеген. Соның ішінде алғашқы редакторларының бірі – Мағжан Жұмабаев.

ХХ ғасыр әдебиетінің клас­сигі Сәбит Мұқа­нов, Алаш арыстары Смағұл Сәдуақасұлы, Қошке Кемең­герұлы, Әбдірахман Айсарин, ақын-жазушылар Дихан Әбі­лев, Жақан Сыздықов, Шахмет Құсайынов, Ғалым Малдыбаев, Сафуан Шаймерденов сияқты марғас­қа­лар­дың да қолтаңбасы қалған. 

Ғасырлық мерейтой бұдан бес жыл бұрын аталмақ еді, бірақ сол жылдардағы халықты бір уыс қылған індет той жасауға мүм­кіндік бермеді. Одан әрі төрт жылда үш әкім ауысып, әйтеуір атап өту кейінге қала берген. Енді, міне, 105 жыл толғанда сүйікті газетіміздің ғасырлық тойын рес­публикалық деңгейдегі «Мағ­жан­нан басталған жол» атты ғылыми-практикалық конференция түрінде аталып өтті.

Есесіне, бұл тойда Прези­денттің, Сенат пен Мәжілістің атынан құт­тық­таулар келді. Пре­зиденттің кеңес­шісі Мәлік Отарбаев Мемлекет басшысының құттықтауын оқып, газеттің қазіргі басшысы Ербақыт Амантайдың иығына шапан жапты. Ал басы­лымның байырғы қызметкері Зарап Құсайынов пен бас редактор Нұргүл Оқашеваға «Құрмет» орденін тапсырды. Жауапты хатшы Жадыра Қанафина «Ерен еңбегі үшін» ме­да­лімен, ал газеттің көпжылдық редак­торы Жарасбай Сүлейменов Алғысхатпен марапатталды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбе­тов­тің сыйлығы да аз болған жоқ. Экономикасы қарыштап, дамып келе жатқан облыс рухани-мәдени салаға деген қамқорлығын аямауға тиісті дей келіп әкім газет редакция­сына су жаңа автокөліктің кілтін табыстады. 18 жыл бойы жөндеу көрмеген газет ғимара­тын күрделі жөндеуге қаражат бөлінетінін айтты. Сонымен бірге ол облыс әкімінің Құрмет грамотасымен газеттің байырғы қызметкерлері Нұрсайын Шәріп пен Өмір Есқалиді марапаттап, иықтарына шапан жапты. Басқа да бірнеше қызметкерге Алғысхат тапсырды.   

«Мағжаннан басталған жол» ғылыми-практикалық кон­фе­рен­­циясында Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ профес­соры Сағымбай Жұмағұл «Алаш баспа­сөзі және «Бостандық туы» газе­тін­де жарияланған Мағжан шы­ғар­малары» , «Мағжан орталығының» директоры Жарасбай Сүлейменов «Мағжан және ұлттық басылым», экс-сенатор Жабал Ерғалиев «Аймақтық газеттер: кеше, бүгін, ертең», Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры Қайырбек Кемеңгер «Қошке Кемеңгерұлының қызыл­жарлық кезеңі», М.Қозыбаев атындағы СҚУ профессоры Жанар Таласпаева «Солтүстік Қазақстан» газетінің қазіргі келбеті: дәстүр мен жаңашылдық сабақтастығы» деген тақырыптарда баяндама жасады. «Қазақ газеттері» ЖШС басшысы Д.Қамзабекұлының атынан «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторы Сәбит Малдыбаев, «Бас редакторлар клубы» мен Журналистер академия­сы­ның атынан құттық­тауды Ержан Қалымбайұлы жеткізді. 

«Өңіріміздің шынайы шежіресі болып табылатын газетімізді алғаш жарық көрген күннен бастап ұлт­тық рухымызды асқақтатып отырған, бағы жанған, бақытты қара шаңырақ деп санаймыз. Се­бебі газет тарихын сөз еткенде, осы басылымда еңбек еткен көрнекті тұлғаларды айрықша атап өткен жөн», деді өзінің баяндамасында Жанар Таласпаева.    

«Солтүстік Қазақстан» газе­тін ұзақ жылдар басқарған редак­тор­­лардың арасында Уәп Рахым­жа­новтың, Бақыт Мұста­фин­нің, Кәрібай Мұсыр­ман­ның, Жарасбай Сүлейменовтің есімдері халықтың жадында. Әрі экономикалық дағ­дарыс, әрі демократиялық жаңғыру жылдарында газет тізгінін ұстаған Бақыт Мұстафиннің ерлігі ұмы­тылмайды. Осы жылдарда газет­тің шығармашылық келбетін ай­қын­дап, әдеби-рухани ортасының қалыптасуына Болат Қожахметов, Мәлік Мұқанов, Тоқтар Зікірин, Әскер Әбілқайыров, Зейнолла Әкімжанов, Нұрсайын Шәріп, Мұрат Нұрмұқанов, Шашубай Малдыбаев, Зарап Құсайынов, Құрман Рамазанов,  Өмір Есқали, Қошан Қали сынды қаламгерлер елеулі үлес қосты. Олардың әр­қай­сысының қолтаңбасы газетте ерек­ше көрініп, оқырмандар талқылап жататын еді. Аға буын қалып­тастырған өнегелі жолды Нұргүл Оқашева, Арайлым Бейсенбаева, Диас Аяған, Самрат Құскенов, Жадыра Қанафина, Ақмарал Есдаулетова секілді ал­ғыр да ізденімпаз жас журналис­тер лайықты жалғастырып, басы­лым­ның беделі мен мазмұн­дық деңгейін жаңа белеске көте­ріп отыр. Газеттің қазіргі дамуы оның редакторы, журналист Ербақыт Амантайдың есімімен тығыз байланысты. Ол редакция жұмы­сы­на тың серпін беріп, басылым мазмұнын жаңғыртуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеретін сарап­тамалық публицистиканы дамы­ту­ға айрықша көңіл бөліп келеді.

Бір жылдары суырылған шешен, қарасөзден қаймақ айыратын Жабал Ерғалиев ағамыз үл­кен мінберлердің бірінен: «Қазір қазақша газеттерді ешкім оқымайды, сондықтан ол таралмайды» делінетін сөздерге ел газеті «Егемен» қақырата соққы беріп, тиражын 200 мың данаға жеткізіп, ұлттық намысты қорғап қалды», деген еді.  Сол сөздерді бүгін «Солтүстік Қазақстан» газетіне қарата айтуға болады. Басылым кейінгі бірнеше жылдан бері облыстық газеттер арасында таралымын түсірмей, 9 мың дананың төңірегінде ұстап келеді. Бұл, әрине, газет сапасының жоғарылығы, сонымен бірге ұтымды ұйымдастырушылықтың арқасы.

Облыс шежіресінің алдағы ғасыр­ларда өмірлі болып, ел­мен бірге мәңгілік жасағанын тілейміз.

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жүйелі жұмыс: заңсыз алынған жер қайтарылды

Аймақтар • Бүгін, 09:20

«Digital Qazaqstan 2026»: Жаңашылдық пен ықпалдастық алаңы

Форум • Бүгін, 09:15

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10

Тауар айналымын талдаудың цифрлық құралы таныстырылды

Форум • Бүгін, 09:05

Қостанайда жасалған қуатты комбайн

Өндіріс • Бүгін, 09:00

Мүлікті қорғаудың тиімді тетігі

Құқық • Бүгін, 08:55

Бес жыл күткен ғасырлық той

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуеті артқан шаһар

Экономика • Бүгін, 08:45

Жылылық

Руханият • Бүгін, 08:40

Түйенің құмалағы

Таным • Бүгін, 08:35

Қайырымдылық – баршаны біріктіретін құндылық

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Зейнеткерлердің де мүмкіндігі мол

Қоғам • Бүгін, 08:25

Гүл өсіріп табысын еселеген студент

Еңбек • Бүгін, 08:20

Олимпиада жеңімпазы

Қоғам • Бүгін, 08:15

Жүз күй білетін жауынгер

Өнер • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Наурыз 2026 09:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see147

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see144

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see144

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see142

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see141

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see137

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see137

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see137

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see136

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see135

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see135

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see134

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see134

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see134

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see134

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see132

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see132
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары