Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Ғасырлық кезеңді түгендеген қазына

Ғасырлық кезеңді түгендеген қазына

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Оның кейінгі ізбасарлары «Алға», «Социалистік жол», «Коммунизм жолы», қазіргі «Ақтөбе» газеттері өткен кезеңдер ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының баспасөздің бүкіл функциясын айқындап берген «Газет – халықтың көзі, құлағы һəм тілі» деген ұлағатты ұстанымынан ешбір айныған емес.

Ғасырлық биігінен асқан газеттің алғашқы атауынан байқалып тұрғандай, ол бірінші күннен кедей-шаруаның, яғни қарапайым еңбек адамының мұң-мұқтажын жоқтады, соның тіршілігін көбірек жазды, жалпы ұлттың қажетін іздеді. Халықтың сауатын ашуға, мәдениетке үйретуге, жаңа заманның бағыт-бағдарын жұртшылық санасына сіңіруге ұмтылды.

Алайда басқа да өңірлік баспасөз секілді «Ақтөбе» газетінің ғасырлық ғұмырының да тарқатылмаған түйіні, айтылмаған ақиқаты аз емес еді. Сондықтан мәселені бұрынғыдай саясат сахнасында сараламай, байырғы жазбагер-журналистердің есімін жаңғырта отырып, басылым тарихын біртұтас ұлттық қазынамыз ретінде қарастыруды уақыттың өзі талап еткенін, оған тәуелсіздік дәуірі мүмкіндік туғызғанын айқындап айтқан жөн. Өйткені басылымның қалыптасу кезеңіндегі ахуалды ұғыну, аға буын газетшілердің танымнан тыс қалып келген өмірі мен шығармашылығын зерделеу арқылы ұлттық журналистиканың тарихи сабақтастық рухында жаңарып-жетілгеніне көз жеткізе аламыз. 

Заман мен қоғамның алуан құбылысын бойына сіңірген 100 жылдық шежіренің шешуші деректері осы кезге дейін жалпы жамағатқа жетпей жатты. Міне, енді газеттің бірінші биографы деп құрметпен атауға лайық, журналистік қызметін облыстық «Ақтөбе» газетінде бастаған белгілі қаламгер, филология ғылымдарының докторы, Қазақстанның құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика академиясының академигі Серікқали Байменшенің «Уақыт уәжі» кітабы жарық көрді, сол олқылықтың орнын толтырды. 

Кітапта газет тарихы туралы, әсіресе оның ұзақ уақыт бойы зерттелмеген бастапқы қалыптасу кезеңі, басылымның бастауында тұратын қайраткер қаламгерлер жайында бірінші рет байыпты да байымды зерттеу жасалған. Алғашқы буындағы ардагер журналистердің, редакцияда еңбек еткен, жалпы жұртшылық көп біле бермейтін, бұған дейін аты-жөні белгісіз болып келген газетшілердің үлкен бір тобының есімі жаңғыртылып, олардың ғұмыр деректері, шығармалары айналымға енгізілген. Өз заманының уәжін, келелі кезеңдерде уақыттың уағдасын қаттаған газет шежіресі, газетте еңбек еткен, газет тәрбиелеп шығарған, бүгінде елге танымал болған журналистердің шығармашылық зертханасының зерделенуі, сондай-ақ автордың өзінің осы газетте жарияланған елеулі шығармаларының жинақталып берілуі ұрпақтар байланысының жадымызда ұстап, ұмытпай жүретін өнегесін ұқтырады деп пайымдаймыз. 

Газет ардагерінің баспасөзде жарияланған көркем-публицистикалық очерктерімен танысу әсіресе жас әріптестеріміз үшін әсерлі болатыны сөзсіз. Кітаптың тағылымды мазмұны, онда түзілген деректі мәліметтер жалпы баспасөз тарихын зерттеу ісінде, оны оқып үйрену кезінде елеулі сүйеніш бола алады. Жас зерттеушілердің болашақ тақырыптық ізденістеріне де осында баяндалған жайлардың тигізетін жақсы әсер-ықпалы аз емес. Кітаптағы журналистік зертхананың ерекшеліктерін баяндайтын жазбалар, жекелеген туындылар газетшілер үшін кәсіби тұрғыда тартымды болатыны сөзсіз.   

«Уақыт уәжі» кітабының авторы – «Ақтөбе» газетінің өзі өсірген, осы газеттен түлеп ұшқан қаламгер. Еңбек жолын осында бастап, редакцияда бірқатар жауапты қызмет атқарды. Сондай-ақ республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Қазақстанның батыс өңірлеріндегі меншікті тілшісі қызметін де абыроймен істеп, шығармашылық биікке көтерілгені көпшілікке мәлім. 

Өзі еңбек жолын бастаған газеттің ғасырлық тарихы Серікқали Байменшенің ғылыми зерттеулерінің елеулі бір саласы болып қалыптасқаны – біз үшін аса сүйінішті. Ол газеттің алғашқы редакторларының бірі, белгілі жазушы-журналист Жиенғали Тілепбергеновтің өмірі мен шығармашы­лығын елге кеңінен таныту жолында елеулі еңбек етіп, алғаш рет «Елін сүйген ерек жан» деген зерттеу кітабын жазды. Бұдан кейін Жиенғали шығармашылығына арналған «Жігер» атты монографиясы Мәскеу қаласында басылып шықты. 

Сондай-ақ «Кедей» газетінің редакторы, Алаш қозғалысы қайраткерлерінің бірі, белгілі ақын, «халық жауы» ретінде қуғын-сүргінге ұшыраған  Кенжеғали Абдуллиннің көпшілікке белгісіз өмірі мен шығармашы­лығын зерттеп, айтулы Алаш азаматы хақында республикада бірінші болып «Ғайып қалам» деген монография жазып, жеке кітап етіп шығарды. 

Осынау жылдар ішінде оның облыстық газеттің тарихына, ақтөбелік баспасөз қызметкерлерінің өмірі мен шығармашы­лығына байланысты көптеген ғылыми-танымдық дерегі мол, маңызды зерттеу мақалалары жарық көрді. Бұлардың бәрі де «Уақыт уәжі» кітабына жүйеленіп енгізілген.

Мысалы, Ақтөбенің ертедегі «Алға» газетінің, «Социалистік жол» газетінің алғашқы ресми редакторы, маңғыстаулық Тумыш Сарғожаевтың бұған дейін мүлде белгісіз болып келген өмір деректері осы кітапта алғаш рет оқырманға байыпты баяндалып жеткізілді. 

Редакторлық тағдыршешті жолы Ақтөбе жерінен басталған, бұдан кейін Қарағанды облыстық «Ленин туы», Қарқаралы округтік «Еңбек майданы» газеттерін басқарып, 1936 жылы жаңадан ашылған Қостанай облысының «Большевиктік жол» газетінің бірінші жауапты редакторы болып тағайындалған, 30-жылдардағы қуғын-сүргіннің жазықсыз құрбаны Тумыштың тұңғыштық тұлғасы, есімі мен ісі жайында бүгінгі оқырман осы кітаптан тереңірек оқып біле алады. 

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде майдан даласында қаза тапқан, облыстық «Социалистік жол» газетінің алғашқы журналистерінің бірі Қонысбай Ерғарин жайындағы жаңа эссе де мол мәліметті, тың деректі сипатымен бөлекше жазылған дүние. Автор газет редакторының орынбасары Қонысбай Ерғараұлының осы басылыммен бірге қалыптасқан шығарма­шылық қолтаңбасы мен журналистік өмірбаяны туралы бірінші рет толық мәнді зерттеу жасаған. 30 жасында өмірден өткен, көпшілікке беймәлім майдангер журналистің есімі мен ісін жаңғыртқан аталмыш жазба 100 жасаған газеттің шежіресіне елеулі үлес болып қосылды. 

1932 жылы ашылған жаңа Ақтөбе облысы 1936 жылға дейін бүгінгі Қостанай өңірінің көп ауданын өзіне қамтығаны белгілі. Жетіқара, Меңдіқара, Батпаққара, Торғай, Жетікөл, Обаған, Қарабалық секілді тарихи  танымал өңірлер, сол сияқты бүгінде Орыстандағы Орынборға тиесілі Ақбұлақ, Адамау аудандары, кейін Қызылордаға берілген Арал ауданы әуел баста Ақтөбенің ауқымды құшағында болғаны алыс қалған өткен заманның шежіресінде қатталған. 

Соған орай, жаңа облыстың кадрлар құрамында ақтөбеліктермен бірге, қостанайлық, торғайлық, қызылордалық, семейлік, оралдық, орынборлық  көп азамат тізе қоса еңбек етті. Әсіресе, баспасөз саласына қостанайлық қызметкерлер көп келді. Олар кейіннен облыстық, аудандық газеттердің редакторы, редактордың орынбасары, жауапты хатшысы, меншікті тілшісі секілді лауазымдарды атқарды. 

Бұларды көбі біле де бермес. Ал «Уақыт уәжі» кітабындағы Сәбитбек Елеуов, Мұхамеджан Құлмағамбетов, Омар Байқанов, Ақбас Дүйсенбаев, Шотбай Ембергенов, Жақып Исабаев, Меңетай Жақсылықов, Ақбас Дүйсенбаев, Шотбай Ембергенов, Ахмет Омарханов, Сыздық Омарханов, Кәрім Ержанов секілді  «ақтөбелік қоста­найлықтар» жайындағы байыпты баяндау сол жетпестіктің орнын толтыратыны сөзсіз. 

Ғасырлық ғұмырға жеткен газет тари­хының беймәлім әрі тағылымды деректерімен танысу кітапсүйер қауымды, әсіресе жас оқырманды жаңа әсерге бөлейді деп ойлаймыз. Уақыттың пәтуалы сөзін айтқан басылым тарихының өнегелі мағлұматы, 100 жастағы басылымның бейтаныс қызметкерлерінің алғаш рет сөз болатын тағдыр-талайы, газетпен бірге өскен танымал журналистер тобының шығармашылық портреті көзі қарақты жанды бейтарап қалдырмайтыны анық. 

Қорыта айтқанда, белгілі қаламгер Серікқали Байменшенің бұл бағыттағы ізденістері алдағы уақытта да жаңалықты нәтижелерге жеткізіп, баспасөз тарихының танылмай жатқан парақтары айқынырақ ашыла түсетініне сенеміз. Бұған ол жазған «Уақыт уәжі» сынды өнегелі еңбек айғақ бола алады.

Орынбек ЖОЛДЫБАЙ,

журналист

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қараша 2025 05:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see139

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see135

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see135

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see135

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see134

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see133

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see133

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see131

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see127

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see127

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары