Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Жаңа Салық кодексіндегі нормаларды түсіндіріп, осыған қатыс­ты туын­даған мәселелерді шешуге көмектесетін «Халық бухгалтері» акциясы жүріп жатыр. Халыққа арналған жоба­ның қаншалықты тиімді екеніне көз жеткізу мақсатында елор­дадағы Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына бардық.

Суреттерді түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Салықты үш жыл артық төлеген

Таңғы сағат – 10.00. Кеңсе ішінде кісі қарасы қалың екен. Бірі қағаздарын қобыра­тып, енді бірі телефонға телмі­ріп, электронды жүйе­нің тілін таппай әлек. Елорда тұрғыны, зейнеткер Айгүл Орынбаймен аз-кем тілдестік. 2011 жылдан бері тігін ісі­мен айналысып келе жатқан кейіпкеріміз киім-кешекті реставрация жасайды. Табысы тұрақты емес, айына шамамен – 200 мың теңге. Жеке кәсіпкерлікті жауып, өзін-өзі жұмыспен қамтушы ретін­де тіркелу мақсатында «Халық бухгалтері» акциясына жүгінбек ниетте. Акция аясында кәсіпкерлерге тегін кеңес беретін бухгалтер Асхат Асылханұлы құжаттарды қарап отырып сәйкессіздікті байқаған. Бухгалтердің айтуынша, кәсіпкер ұзақ жыл бойы патентпен жұмыс істеген. 2023 жылы салық режімін ауыстырған. Бірақ дәл сол кезде жүйеде маңызды белгі дұрыс қойылмай, салық жоғары мөлшерлемемен есептелген. Ол үш жыл бойы салықты 3 пайызбен төлеп келген. Негізі 1 пайызбен ғана төлеуге тиіс еді.

«Көп жағдайда салық режімін ауыстырғанда жүйеде бір белгі дұрыс қойылмай қалады. Кәсіпкер оны байқамайды. Нәтижесінде, есеп басқа мөлшерлемемен кетеді. Адамдар не төлеп жүргенін толық түсінбейді. Кейін бірнеше жыл өткен соң ғана мәселе шығады. Айгүл апамыздың барлық 910-есебі қайта қаралады. Олар кері қай­тарылып, түзету арқылы жаңадан рәсімделеді. Себебі ол кезде салық заңнамасы дұрыс қолданылмаған. Сондықтан артық 2 пайызы кәсіпкерге қайтарылуы керек. Одан кейін 911-есепті қайта тапсырамыз. Алайда бұл үдеріс оңай емес. Өйткені есеп тапсыру мерзімі өтіп кеткен. Қазір электронды түрде өткізу мүмкін болмай отыр. Барлық құжат қағаз жүзінде, салық органдарының мамандары арқылы рәсімделуге тиіс. Содан кейін ғана ар­тық төленген 2 пайызды қайтаруға өтініш береміз», дейді бухгалтер.

Акцияға келгендердің арасында жеке кәсіпкерлігін жаба алмай жүрген азаматтар да аз емес. Солардың бірі – кірпіш зауытында жұмыс істейтін Айдын Солотов. Ол бірнеше айдан бері баяғыда ашқан жеке кәсібін ресми түрде жаба алмай жүр. Себебі кезінде қызметін тоқтатқанымен, жүйеде арнайы белгі дұрыс қойылмаған. Соның салдарынан қағаз жүзінде жабылғандай көрінгенімен, деректер базасында әлі де белсенді күйде қалып қойған. Заң бойынша арнайы өтініш беріп, кәсібін жабу керектігін білмеген.

Құжаттарды тексеру барысында оның деректері бірнеше базада әртүрлі тіркелгені анықталған. Бір жүйеде «жоқ» деп көрсетілсе, екіншісінде «бар» болып шығады. Кей деректері басқа өңірдің базасынан табылған. Айдынның айтуынша, негізгі қиындықтың бірі – электронды порталдағы өтініш жүйесі.

«Бір өтініш жібергеннен кейін, оның қаралуын ұзақ күтуге тура келеді. Кейде қабылданбайды, кейде техникалық себеппен кері қайтарылады. Ал алдыңғы өтініш толық өңделмейінше, жаңасын жіберу мүмкін емес. Сосын өті­нішті кері қайтарып, басқа нұсқаға ауыстырғым келді. Бірақ жүйе оған мүмкіндік бермейді. Бұрын бір жерде қате кеткен. Сол өшпей тұр. Қанша рет жіберсем де бәрібір жүйеден «шешілмеді» деген хабарлама келіп тұрады. Арасында портал істемей қалады», дейді кәсіпкер.

Осы қиындықтың салдарынан Айдын бірнеше рет әртүрлі маманға жүгінуге мәжбүр бол­ған. Бір бухгалтерге барса, ол басқа мекемеге жібереді, екін­шісіне барса, қайтадан осында жолдайды. Екі ортада жүріп, әбден тауы шағылған. Бухгалтер А.Асылханұлы мәселенің ұшы – жүйеде екенін айтып, шешілетінін жеткізді.

Кәсіпкерлер де кеңеске зәру

Қарап отырсақ, бұл орталыққа зейнеткерлер жиі келеді екен. Көпшілігінің бұрын жеке кәсібі болған. Қазір жаңа жүйеге көшіп, өзін-өзі жұмыспен қамтушы мәртебесіне өтуі қажет. Бірақ оны өздері жасай алмайды. Көбі бухгалтерге жүгінбейді, қымбатсынады. Ал өз бетінше порталға кіре алмайды. Осының бәрін бізбен бірге бақылап отырған бухгалтер А.Асылханұлының айтуынша, «Халық бухгалтері» акциясы басталған кезде негізгі мақсат – халыққа кеңес беру, түсіндіру, бағыт көрсету болған. Алғашында жұмыс тек кеңес беру бағытында жүргізілген. Қандай салық режімі бар, қалай тіркелу керек, қалай өзін-өзі жұмыспен қамтыған деген мәртебеге өтуге болады, қандай есеп тапсыру қажет – осының бәрі ауызша түсіндірілетін.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

«Біз бастапқыда тек ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргіземіз деп ойладық. Бірақ адамдарға теория керек емес екен. Оларға салыққа, кәсіпкерлікке байланысты бетпе-бет келген мәселелерін шешіп беру керек. Сондықтан біз практикалық көмекке көштік. Қазір акция барысында адамдарға тек кеңес берілмейді, оларға тікелей көмек көрсетеміз. Телефонға қалай тіркелу керек, порталға қалай кіру керек, есепті қалай жіберу керек, банк арқылы қалай шот ашу керек, QR қабылдау қалай жұмыс істейді – бәрі нақты іс жүзінде үйретіледі. Кейбір адамдар телефон арқылы тіркелудің өзін білмейді. Біз отырып, бәрін басынан бастап көрсетеміз. Қай жерге кіру керек, қай батырманы басу қажет, қалай есеп ашу керек – бәрін бірге жасаймыз», дейді ол.

Халық арасында жүріп, оны қатты таңғалдырған мәселе – халықтың жауапкершілік туралы білмеуі.

«Көбі жеке кәсіп аштым, бірақ жұмыс істемедім, ештеңе болмайды деп ойлайды. Бұл – қате пікір. Кәсіп ашылғаннан кейін міндетті түрде медициналық сақтандыру, есеп, әлеуметтік төлемдер жүреді. Жұмыс істемесе де. Кейбір адамдар бес-алты жыл бойы есеп тапсырмаған болып шығады. Сосын мәселе ушыққан соң, «тезі­рек жабу керек» деп келеді. Қарасақ, 25 есеп тұр. Соның бәрін жасау керек. Бұл – сауатсыздықтан емес, дұрыс ақпарат болмағаннан. Мысалы, жолаушы тасымалдайтын азаматтар статистикалық есеп тапсыруы керек екенін көбі білмейді. Соның салдарынан ай сайын 40-50 мың теңге айыппұл келеді», дейді ол.

Жағдайды көзбен көріп, әбден қанық болғасын, мұндай жағдайдың алдын алуға қатысты бухгалтерден кеңес сұрадық. Асхат Асылханұлы адамдарға бір ғана кеңес береді:

«Біреудің сөзіне сеніп, соған еріп кетуге болмайды. Ақпаратты міндетті түрде тексеру керек. Ашық дереккөздер бар. eGov, e-Salyq, Uchet.kz, Paragraf бар. Солардан қарау керек. Сосын маман таңдайтын кезде арзан бухгалтер де, қымбат бухгалтер де мәселе емес. Ең бастысы – сапа. Баға емес, нәтиже маңызды. Кәсіпкер тыныш жұмыс істеуі керек. Ал кейбірі үстірт түсіндіреді, тереңіне бармайды. Ол адам өзі де дұрыс білмеуі мүмкін. Сондықтан әр адам өзіне, кәсібіне қатысты заң­дық нормалармен, ережелермен таныса жүргені дұрыс», дейді ол.

«Халық бухгалтері» акциясы жұмысын бақылағаннан кейін бұл бастаманың жай ғана «ақпарат тарату» емес, нақты көмек көрсететін құралға айналғанын аңғардық. Қабылдауға күн сайын 70-80 адам келіп кетеді. Осы жұмыстың басы-қасында жүрген, үдеріске жауапты тұлға ретінде Сарайшық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқарма басшысының орынбасары Дархан Молдажанның айтуынша, бұл акцияның басты миссиясы – халыққа барынша түсінікті етіп жеткізу.

«Акция 5 қаңтардан басталып, 30 маусымға дейін жалғасады. Қазір осы жобаға жұмылған бухгалтерлер бастапқы келісім бойын­ша маусымға дейін тұрақты жұмыс істеп отыр. Егер қандай да бір себеппен мамандар ауысса, біз басқа білікті мамандарды шақырамыз. Бірақ жұмыс тоқтамайды. Себебі «Халық бухгалтеріне» деген халықтың сұранысы жоғары, бұл жерден адам арылмайды, күнде келіп жатыр. Біз бухгалтерлерді таңдағанда біліктілігін алдын ала тексердік, сұхбат жүргіздік. Қазір отырған мамандардың деңгейіне өзіміз де таңғалып отырмыз, жұмысы өте сауатты», деді Д.Молдажан.

Республикалық акция қазір облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы мен Шымкент қалаларында, мемлекеттік кірістер басқармаларының базасында офлайн форматта тегін өткізіледі. Жоба аясында мемлекеттік кірістер органдарының қызмет­керлері мен 120-дан астам аккредиттелген кәсіби бухгалтер халыққа қызмет көрсетеді. Осы уақытқа дейін 17,5 мыңнан астам салық төлеуші кеңес алып, 160-тан аса кездесу өткен.

Ресми дерекке сүйенсек, бетпе-бет форматтағы жұмыс тиімділігін көрсеткен. Қатысушылар бухгал­терлік есеп, салық есептілігі, элек­тронды жүйелермен жұмыс, арнайы салық режімдері, ҚҚС мәселелері, өзін-өзі жұмыспен қам­тыған азаматтардың қызмет түрлері, электронды шот-фак­туралар және салық міндеттеме­лерін орындау тәртібі бойынша нақты практикалық кеңес алған.

Біздің бір аңғарғанымыз, қарапайым халық, құжатқа, есеп-қисапқа ықтият бола бермейді. Көбіне құқығы мен міндетінен де бейхабар. Ал салық тәртібі жүре тыңдап, енжар қарайтын мәселе емесі анық. Сондықтан халық пен салықтың есебін түгендеген осындай акция өте-мөте қажет екені айтпаса да түсінікті.

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Саясат • Бүгін, 08:53

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады

Саясат • Бүгін, 08:48

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Референдум • Бүгін, 08:43

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Экология • Бүгін, 08:40

Референдум өткізу жоспары бекітілді

Референдум • Бүгін, 08:38

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Digital • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:164
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары