Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Қызылорда қаласында өткен V Ұлттық құрылтай отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлт ұпайын түгендеуге бағытталған бастамаларды күн тәртібіне қойып, шешімін күткен түйткілді мәселелерге тоқталды. Соның бірі – күннен-күнге құбылып, ойын ережесі өзгерген халықаралық геосаяси жағдайлар. Дегенмен осы тұрғыда өзгермейтін белгілі қағидаттар бар. Яғни еліміздің көпвекторлы саясаты мен мәмілегерлік, бітімгерлік болмысы алға шығып отыр.

Осы орайда Мемлекет бас­шы­сы­ның АҚШ-қа барған сапарында Ибраһим келісіміне қол қоюы  еліміз үшін өте маңызды қадам болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл туралы Құрылтай отырысында сөйлеген сөзінде де айтып өтті. Біріншіден, Ибраһим пайғамбар – әлемдегі жетекші үш діннің атасы. Қазақтың ұлы тұлғалары – Ибраһим Құнанбайұлы мен Ыбырай Алтынсарин да осы есімді ие­ленген. Яғни аталған келі­сім­­нің атауы қазаққа да жат емес.

Екіншіден, бұл келісімге қол қоюға еліміздің толық құқы­ғы бар. Өйткені бұған дейін Сирия келісімі де біздің елдің бітім­гер­лік мәмілесімен іске асқаны белгілі. Таяу Шығыстағы жағ­дайды тұрақтандыруға маңыз­­ды араағайындық жасадық. Мем­ле­кет басшысы Палестина жағ­дайына байланысты да өз ұста­ны­мын білдіріп келеді. Сон­дық­тан Ибраһим келісімі Қазақ елінің әлемдік аренадағы орнын одан әрі нығайта түседі деген сенім бар. Бұл – саяси жағынан ғана емес, экономикалық, логистикалық, технологиялық, адамгершілік қағидаттары көрініс тапқан үлкен келісім.

Айта кету керек, біздің еліміз ТМД мен түркі мемлекеттері ішінде бұған бірінші болып қосылып отыр. Сол үшін АҚШ президенті Дональд Трамп Қасым-Жомарт Тоқаевтың ние­тін жоғары бағалағаны бар­­шаға мәлім. Бұл еліміздің сыртқы сая­сат­тағы ұстанымы мен халық­ара­лық беделін арттыра түс­кені айдан анық.

Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Давос­тағы Бейбітшілік кеңесінің отырысына шақырылып, Бейбіт­ші­лік келісіміне қосылуы да – айтуға тұрарлық айрықша оқиға. Сарапшылар бұл кеңес болашақта Біріккен Ұлттар Ұйымына балама болады деген болжам айтады. Ал бүгінде әлемнің саяси картасы мен келбеті өзгеріп жатыр. Осы орайда еліміз әлемдегі геосаяси ахуалдың ойын ережесін қалыптастыратын елдердің қатарында «орта держава» дәрежесіне сай әрекет етіп, өз үнін білдіріп отырғаны да дұрыс қадам.

Бүгінде айналамыздағы көр­ші­леріміздің, алыс-жақын мем­лекеттердің бәрімен, әсі­ре­се Қауіпсіздік Кеңесінің мүше­ле­рімен өте жақсы мәміле­деміз. Олардың кейбірінің өз араларында келіспеушіліктер мен қақтығыстар орын алып жатқаны белгілі. Алайда бәрі де Қазақ елінің шақыруына құлақ асады. Мәселен, былтыр Иран-Израиль қақтығысынан кейін елімізде өткен Әлемдік және дәстүрлі дін­дер көшбас­шыларының съезіне осы екі елдің де өкілдері қаты­сып, пі­кір­лерін ортаға салды. Осы­лайша, біздің еліміздің беделі мен Президентіміздің ұстанымы әлем­дік келіссөздердің үлкен алаңына, әлем құлақ асатын биік мінберге айналды.

Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы сыртқы саясатпен қоса, ішкі реформалар туралы да нақты бастамалар көтерді. Соның ең маңыздысы – конституциялық реформалар. Бұл 2019 жылы басталып, 2022 жылы жаңа деңгейге шыққан бетбұрыстық өзгерістер десек, артық емес. Сондай-ақ оның бәрін тәуелсіздіктің 35 жылдығы қарсаңындағы «қайта жүктеу» деп бағаласақ та болады. Бұл реформа аясында Конституциямыз алғашқы преамбуласынан бас­тап түбегейлі өзгермек. Қолға алынған осы жұмыстың бәрі – Мемлекет басшысы ұсынған Әділетті Қазақстан ұғымының конституциялық тұрғыда көрініс табуы.

Конституциялық реформадан кейін шақырылатын жаңа Парламент Құрылтай деп аталатын болды. Бұл Парламентіміздің жаңа деңгейге көтерілгенін біл­діреді және оған сайланатын болашақ депутаттардың жауап­кер­шілігін арттырмақ. Ұлттық құрылтай отырыстары да мүлдем жоғалып кеткен жоқ, ол енді Халық кеңесі деп аталатын болды. Бұл да оның дәрежесі жоғарылағанын білдірсе керек. Президенттің өзі  парламенттік реформа Сенаттың жойылуы емес, Парламенттің түбегейлі өзгеруі деп айтқан болатын. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясы да жойылып кеткен жоқ. Ол да Халық кеңесі құрамында өз қызметін жаңа деңгейде жалғастыра бермек. Сонымен қатар еліміздің өзіндік бренді – Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің Халық кеңесіне берілуі оның функциясы мен құзыретін арттырары сөзсіз.

Бұл айтылған бастамалардың бәрі Қызылордада өткен бесінші отырыстың ел өмірі мен келешегі үшін аса маңызды басқосу бол­ғанын дәлелдейді. Бір қызығы, осыдан тура 100 жыл бұрын Қызылордада өткен Құрылтай да бесінші болған екен. Сол кезде республикамызға «Қазақ» атауы қайтарылды, Қызылорда ел астанасы болып бекіді. Күні кеше өткен бесінші басқосуда қабылданған тағдырлы шешім­дер де еліміздің келешек дамуы мен жетілуіне, әлемдік аренадан өз орнын нықтап алуына негіз боларына толық сенеміз.

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

Сенат депутаты 

Соңғы жаңалықтар

Шекара маңындағы ауылдар қайта өркендеу кезеңіне аяқ басты

Ауыл • Бүгін, 09:40

Цифрлық трансформацияның жаңа кезеңі

Пікір • Бүгін, 09:38

Суперкомпьютердің мүмкіндігі мол

Технология • Бүгін, 09:35

Қателіктің алдын алады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:30

Басқа басылымдардан: Қазақстан мен Өзбекстан Бейбітшілік кеңесінің Жарғысына қол қойды

Басылым • Бүгін, 09:28

Жоғары білімге ЖИ-ді енгізу нені өзгертеді?

Білім • Бүгін, 09:25

Соғыста да адамзаттық қағидаттар сақталуы шарт

Әлем • Бүгін, 09:23

Кітап қорын толықтыруда нені ескеру керек?

Мәдениет • Бүгін, 09:20

Елімізде «Oxford Hub» ашылады

Білім • Бүгін, 09:15

Мәдени құндылықты сақтау жайы байыпталды

Саясат • Бүгін, 09:12

Мемлекеттілік тарихының бедерлі белестері

Пікір • Бүгін, 09:10

Бизнес және жайлы іскерлік орта

Саясат • Бүгін, 09:07

Ұлт ұпайын түгендеген басқосу

Пікір • Бүгін, 09:05

Қазына қаржысы мақсатсыз жұмсалмауға тиіс

Қаржы • Бүгін, 09:02

«Қыз алып қашу» – ауыр қылмыс

Қоғам • Бүгін, 08:57

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:177
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Қаңтар 2026 10:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары