Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Вашингтондағы басқосу: Орталық Азияның озық дәстүрі

Вашингтондағы басқосу: Орталық Азияның озық дәстүрі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Вашингтонда өтетін басқосу саяси аренада жақсы таныла бастаған «Орталық Азия + АҚШ» форматында өткізілгелі отыр. Мемлекеттер басшыларының мұхит асып арнайы шақырылып отырғанына қарағанда, бұл жиын әлем назарын аудартып, Орталық Азияның беделін одан әрі айқындай түсері хақ.

Бұл саммитке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыртуымен қатысқалы отыр. Өз кезегінде Қазақстан Президенті шақыртуды қабыл алып, аталған бастаманы дер кезінде көтеріліп отыр деп санайтынын жеткізген болатын. Вашингтонда тараптар энергетика, аса маңызды минералдар, цифрландыру, көлік және логистика саласындағы серіктестіктің әлеуетін қарастырмақ.

Саяси форматтағы тың серпіліс

Әуелі «Орталық Азия +» форматы жөнінде сөз етсек. Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжістан және Түрікменстан қосылып, белгілі бір сыртқы серіктес мемлекетпен өткізетін жиыны қазір жаһандық саясатта өте танымал форматқа айналды. Негізі осы басқосу түрінің бастау алуында да АҚШ-тың ықпалы бар болғанын ескерген абзал. 

2015 жылы бұл форматты АҚШ Мем­лекеттік департаменті аймақтық қауіпсіздік, экономикалық даму және экологиялық тұрақтылық бағытында ынтымақтастық орнату мақсатында бастаған еді. Жиын бірнеше бағытты қамтиды, оның ішінде: Терроризм мен экстремизмге қарсы күрес; Трансшекаралық сауда мен көлік байланысын дамыту; Энергетика және экологиялық тұрақтылық; Аймақаралық экономикалық интеграцияны арттыру; АҚШ пен Орталық Азия елдері арасындағы саяси диалогты тұрақты ету бар. Содан бері осы формат аясында мемлекеттер басшылары мен үкімет өкілдері жыл сайын кездесіп отырды.

Көп ұзамай «Орталық Азия +» фор­матының маңызы артты, құрлықтың беделі мен ықпалы күшейе бастады. Қазір мұндай жиын Еуропалық одақпен, кәрі құрлықтың дамыған елдерімен жекелей, Жапония, Қытай және Ресеймен өткізіліп тұрады. Осы арқылы бес мемлекет өз мүддесін өз­гелермен ашық талқылап отыр.

Қазақстан – АҚШ-тың аймақтағы ең ірі сауда серіктесі

Қазақстан мен АҚШ-тың саяси бай­ланыстары көпшілікке мәлім, ең алғаш­қылардың бірі болып елімізбен дипло­матиялық қарым-қатынас орнатқан да мұхиттың арғы бетіндегі осы алпауыт бо­ла­тын. Содан бері Қазақстан сауда серіктестерін әртараптандыру саясатынан айныған жоқ, ең ірі сауда-экономикалық нарықтарға кедергісіз экспорт жасап келеді. 

Мысалы, Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2024 жылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд долларды құраған, ал 2023 жылғы көрсеткіш 4,1 млрд доллар болған еді.

Былтыр еліміз АҚШ-қа экспортын 30,6 пайызға арттырып, 2 млрд долларға жеткізді. Өз кезегінде АҚШ-тан келетін импорт 2,2 млрд доллар болды. Әдеттегідей АҚШ нарығына көбіне мұнай экспорт­таймыз. 2024 жылдың қорытындысы бо­йынша оның үлесі Америкаға жет­кізі­летін жалпы экспорт көлемінің 56 пайызын құрады. Маңызды экспорттық шикі­заттардың қата­рында уран да бар, оның үлесі шамамен 16 пайыз. Бұдан кейін кү­міс (12%) пен фер­роқорытпалар (9,5%) тұр. 

Елімізде бірнеше танымал америкалық компаниялар жұмыс істейді. Оның ішінде Chevron Corporation бар, Теңіз кен орнының серіктесі 50 пайыз үлесін алады. Бұл қатарда 25 пайызбен үлеспен ExxonMobil Corporation-ды да атай аламыз. Ал The Boeing компаниясы авиация саласында Қазақстанмен ынтымақтастық орнатса, The Coca&Cola компаниясы бірнеше қалада кәсіпорын­дарының жұмысын дөңгелетуге көшті. Бұл аталғандар ел экономикасына қосымша инвестиция құйып, жұмыс орындарының ашылуына септесіп отыр. Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап 2025 жылға дейін АҚШ Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған.

Ал биыл алғашқы жартыжылдықта Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара сауда көлемі 1,6 млрд доллар болды. Бұл өт­кен жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 22 пайызға төмен. Былтыр осы аралықта сауда 2 млрд долларға жеткен еді. Әйтсе де, бұл теріс көрсеткіш екенін біл­дірмейді, жыл соңына қарай тауар айна­лымының біршама өсетіні болжанған.

Осы тұста Қазақстан – АҚШ-тың Орталық Азиядағы ең ірі сауда серіктесі екенін айта кеткен абзал. 2024 жылдың қорытындысында АҚШ-пен тауар айналымы бойынша Орталық Азия елдерінің ішінде Қазақстан айқын көш бастап тұр. Ал екінші орында тұрған Өзбекстан мен Американың алыс-берісі 882 млн доллармен шектелген.

Әлемдік архитектурадағы маңызды аймақ

Сонымен алдағы уақытта Вашингтонда өтетін басқосуда қандай жайттар сөз бо­луы мүмкін. Сауда-экономиканы дамытуға не­гізделген энергетика, минералдар, көлік және логистика, Қазақстан ерекше зер салатын цифрландыру саласы бойынша келісімдер болатыны даусыз. Әйтсе де, кей сарапшылар мұндай маңызды жүздесуде саяси мәселелер де ескерусіз қалмайтынын болжайды. Саясаттанушы Қазбек Бей­себаевтың айтуынша, Орталық Азия әлемдік архитектурада, соның ішінде АҚШ секілді алпауыт мемлекеттер үшін маңызды аймақ болып отыр. Сондықтан геосаяси жағдайлар айтусыз қалмайды. 

– Менің ойымша, АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Орталық Азия басшыларының кездесуінде экономикадан гөрі саяси байланыстарға негізделген екі басым тақырып талқыланады. Біріншісі, Орталық Азия мен Ресей ахуалы. Себебі Америка үшін Орталық Азия мемлекеттері арқылы геосаяси шиеленістерді реттеудің тетігі болуы керек. Бұған дейін Дональд Трамп өзін бейбітшілік үшін күрес жолында жүрген тұлға ретінде көрсетіп келгенін білеміз. Екіншіден, Орталық Азияның Қытаймен қарым-қатынасы да АҚШ-тың назарын аудартады. Өйткені жаһандық экономикада бұл екі алпауыт бәсекелес екені мәлім. Яғни, Америка Орталық Азия­дағы өз мүддесін қорғауға, кей салалардағы ықпалын сақтауға тырысады, – дейді Қ.Бейсебаев.

Сарапшының сөзінше, Орталық Азия бұдан кейінгі уақыттарда да жаһандық аренадағы маңызын арттыра береді. Бұл тұрғыда бес мемлекеттің өзара ынтымақ­тастығы, белгілі бір мәселелерде ұстанымын жеткізе алуы үлкен рөл ойнайды.

Қорыта айтқанда, Вашингтондағы басқосуға әлемдік қауымдастық ерекше назар аударатыны даусыз. Ондағы келіс­сөздер тек екі құрлыққа емес, жаһандық мәселелерге әсер ететіні аңғарылып отыр.   

Мадияр ТӨЛЕУ

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:241
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 03:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары