Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Қырық секундтың қадірі

Қырық секундтың қадірі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Фото: istockphoto.com

Бұл – төменгі қабаттағы тұр­ғындардың ғимараттан шығуына, ал жоғарғы қабат­тағы­лардың қауіпсіз орынға жасырынуына мүмкіндік беретін уақыт. Сон­дықтан сейсмикалық қаупі жоғары Алматы үшін жер сілкінісін ерте анықтау ғана емес, сол ақпа­рат­ты халыққа санаулы секунд ішінде жеткізу де аса маңызды. Оңтүстік өңірлер үшін жер сілкінісі тақырыбы ешқашан өзектілігін жойған емес. Табиғи апаттың алдын алу, оның зардабын азайту, халыққа қауіп туралы дер кезінде ескерту мәселесі жыл сайын күн тәртібіне қайта оралады. Бұған кейінгі жылдардағы оқиғалардың өзі жеткілікті дәлел.

2023 жылы Түркия мен Сириядағы жойқын жер сілкінісі бүкіл әлемді дүр сілкіндірді. Арада көп уақыт өтпей, Алматы тұрғындары да жердің қатты тербелісін сезінді. Сол жылдың қаңтарында болған дүмпу қалада үлкен дүр­белең туғызса, наурыздағы жер сілкінісі кезінде халықты жедел хабардар ету жүйесінің тиімділігі тағы да сынға түсті. Кейінгі жылдары да Алматы маңында жер дүмпулері тір­ке­ліп, тұрғындардың «дабыл неге дер кезін­де қосылмады?» деген сауалы қайта-қайта көтерілді.

Жуырда Жапонияда болған жойқын зілзала да табиғи апаттың адамзат үшін әлі де үлкен қауіпті екенін тағы бір еске салды. Ал күні кеше – 29 шілдеде Астана уақытымен сағат 11:09-да Төтенше жағдайлар министрлігі Сейсмологиялық зерттеу және ақпарат ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі Алматыда жер сілкінісін тіркеді. Мұның бәрі сейсмикалық қауіпке бейжай қарауға болмайтынын көрсетеді.

Алматыда жер сілкінісін ерте анықтау жүйе­сін жетілдіру жұмысы бірнеше жылдан бері жүр­гізіліп келеді. Бүгінде қала аумағында жер сіл­кінісінің ошағынан ерте белгі беретін жаңа сейс­микалық стансалар салынып жатыр. Жоспар бойын­ша 40 нысанның орналасу орны айқындалып, оның 35-інде станса құрылысы аяқталған.

Мамандар стансалардың орналасатын орындарын кездейсоқ таңдамаған. Олардың орналасуы аумақтың геологиялық, геофизикалық және сейсмикалық ерек­шеліктері ескеріле отырып белгіленген. Қазір нысандарды тұрақты жер пайдалану құқығымен орналастыру мақсатында тиісті жер учаскелерін рәсімдеу жұмысы да жүргізіліп жатыр.

Жаңа стансалар қолданыстағы сейсми­калық бақылау желісіне қосылғаннан кейін бақылау аумағы кеңейіп, күшті сейсмикалық оқиғалар тура­лы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік артады.

Алматы қаласының Жұмылдыру дайын­дығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының мәліметінше, 2025 жылдан бері жер сілкінісін ерте анықтауға арналған 70 автоматтандырылған стансаны орнату жұмыс­тары жүргізіліп келеді. Оның 65-і Алматыны қоршай орналасқан Алматы облысының аума­ғында салынып қойған. Қалған бес станса­ның құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Кейін бұл стансалардың барлығы қолда­ныстағы ерте автоматты ескерту жүйесінің 28 стансасымен біріктіріледі. Яғни бұрыннан бар жүйенің мүмкіндігі кеңейіп, сейсмика­лық қауіп туралы ақпаратты жинау мен өңдеу жеделдей түспек.

Бұл жерде мәселенің мәні бір ғана станса салумен шектелмейді. Ең маңыздысы – жер сілкінісін алғашқы секундтарда анықтайтын жүйеден бастап, сол ақпаратты халыққа жеткізуге дейінгі тізбектің үздіксіз жұмыс істеуі.

2023 жылғы Алматыдағы жер сілкіністері осы мәселенің  қаншалықты  маңызды екенін көрсетті. Әсіресе қаңтардағы дүмпу кезінде халық арасында үлкен дүрбелең болды. Тұрғындардың бір бөлігі үйлерінен шығып, қауіпсіз жер іздеді. Ауруханалар­дағы науқастардың өзі сыртқа шығарылды. Осындай сәтте жұртшылықты алаңдатқан негізгі сұрақ­тың бірі – дабыл жүйесінің неге іске қосыл­мағаны еді.

Кейін бұл мәселе қоғамда кеңінен талқы­ланды. Төтенше жағдайлар қызметі сирена-дыбыстық қондырғылар мен Mass Alert жүйесі белгілі бір магнитудадан жоғары сейсмикалық сигнал түскен кезде автоматты түрде іске қосылатынын түсіндірді.

Алайда мәселенің техникалық жағы ғана емес, халықтың қауіпсіздігіне қатысты шешім қабылдау алгоритмі де маңызды екені анықталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыға жұмыс сапары кезінде дабылдың қосылмауы жағ­дайында қалада жаппай дүрбелең туындауы мүмкін екенін айтып, халықты құлақтандыру жүйесін нақты қауіп-қатерге бейімдеу қажеттігіне назар аударды.

Демек, төтенше жағдай кезіндегі басты міндет – халықты жай ғана хабардар ету емес, дұрыс уақытта нақты әрі түсінікті ақпарат жеткізу. Мұнда әрбір секундтың мәні бар.

2023 жылғы наурыздағы жер сілкінісі кезінде де дабыл жүйесінің жұмысына қатысты сұрақтар туындады. Кей деректерге қарағанда, дабыл жер сілкінісі тоқтағаннан кейін іске қосылған. Бұл оқиға ерте ескерту жүйесінің жекелеген буындары жұмыс істегенімен, олардың арасындағы өзара байланыстың толық жолға қойылмағанын көрсетті.

Сол кезде Алматы маңында жерасты тербелістерін бақылайтын 28 станса болған. Техникалық тұрғыдан алғанда, олар жер қозғалысы туралы ақпаратты қабылдап, арнайы серверге жіберуі тиіс. Одан кейін сигнал автоматты түрде тиісті жүйелер арқылы халыққа жетуі керек.

Егер бұл тізбек мінсіз жұмыс істесе, жер сілкінісінің алғашқы толқыны жеткенге дейін шамамен 35–40 секунд уақыт ұтуға болады. Бұл – төменгі қабаттағы тұрғындардың ғимараттан шығуына, ал жоғарғы қабаттағылардың қауіпсіз орынға жасырынуына мүмкіндік беретін аса қымбат уақыт.

Алайда бұрынғы жүйенің негізгі мәселесі де осында болды. Сейсмикалық стансалар дүмпуді ерте анықтағанымен, алынған ақпа­раттың халыққа жедел жету тізбегі толық қа­лыптаспаған. Жүйе ұялы байланыс опера­торларымен қажетті деңгейде интеграциялан­бағандықтан, ақпарат жолдың бір тұсында тоқтап қалған.

Басқаша айтқанда, жер сілкінісін ерте анықтайтын механизм болғанымен, оның соңғы әрі ең маңызды буыны – халықты жедел хабардар ету тетігі толыққанды жұмыс істемеген.

Бүгінде бұл бағытта жаңа жұмыстар қол­ға алынған. Алматыда халықты жедел хабар­дар етуге арналған Mass Alert жүйесін енгі­зу жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа сейсмика­лық стансалар қолданыстағы желімен біріктіріл­геннен кейін ерте ескерту жүйесінің ауқымы да кеңейе түспек.

Сондай-ақ Алматы агломерациясының сейсмогеодинамикалық жағдайын зерттеу­ге арналған үш жылдық жоба жүзеге асырылып келеді. Жоба аясында тектоникалық жары­лымдардың цифрлық картасы мен сейсми­калық моделі, геодинамикалық белсенді аймақтардың картасы әзірленіп, жер бетінің ығысуы мен деформациясына бағалау жүргізіліп жатыр.

Тағы бір маңызды бағыт – ғимараттардың сейсмикалық төзімділігін арттыру. 2023–2024 жылдары жүргізілген ғимараттарды құжат­тау нәтижесінде Алматыдағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың сейсмикалық тұрақ­тылығын күшейтуге арналған 2026–2035 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді.

Мұның бәрі жүйелі жұмыстың қажеттігін көрсетеді. Себебі жер сілкінісінің алдын алу тек сейсмикалық стансалар санын көбейтумен немесе сирена орнатумен шектелмейді. Бұл – ғылыми зерттеуден бастап құрылыс сапасына, ғимараттардың төзімділігіне, ерте ескертуге және халықтың төтенше жағдайға дайындығына дейінгі тұтас кешен.

Жер сілкінісіне қатысты тағы бір мәселе – қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздік. Кейінгі уақытта әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, интернет-ресурстарда елімізде, соның ішінде Алматыда жақын арада жойқын жер сілкінісі болады деген мазмұндағы ақпараттар тарайды.

Мамандар мұндай болжамдардың шын­дыққа жанаспайтынын айтып келеді. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Алматыда күшті жер сілкінісінің жақында­ғанын білдіретін сейсмикалық режімдегі ерекше құбылыстар тіркелмеген.

Ғылым қанша дамығанымен, қазіргі таңда жер сілкінісінің нақты қай күні, қай уақытта, қай жерде және қандай күшпен болатынын дәл болжау мүмкін емес. Сондықтан негізсіз қауесет тарату да, оған сену де қауіпсіздікке қызмет етпейді.

Оның орнына әр адам қарапайым сақтық шараларын алдын ала ойластырғаны жөн. Мамандар төтенше жағдайға арналған сөмке әзірлеуді, үйдегі қауіпсіз орындарды анықтауды және отбасы мүшелерімен жер сілкінісі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігін алдын ала келісіп алуды ұсынады.

Өйткені төтенше жағдайға дайындық тек мемлекеттің міндеті емес. Құтқару қызметтері мен сейсмологтер қанша жерден заманауи жүйе қалыптастырғанымен, оның тиімділігі халықтың өз қауіпсіздігіне қаншалықты жауап­кершілікпен қарайтынына да байланысты.

Алматы – сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан қала. Сондықтан жер сілкінісі туралы әңгімені кезекті дүмпуден кейін ғана еске тү­сіріп, артынан ұмытып кетуге болмайды. Бұған дейінгі оқиғалардан ең басты сабақ – төтенше жағдайға алдын ала дайын болу қажеттігі.

Жаңа сейсмикалық стансалардың басты мақсаты да осында. Жер сілкінісін ондаған секунд бұрын сезіну – сырт көзге аз уақыт болып көрінуі мүмкін. Бірақ апат жағдайында 40 секундтың өзі адам өмірін сақтап қалуға жететін қымбат мүмкіндік.

Сондықтан ерте ескерту жүйесінің әрбір буыны үздіксіз әрі мінсіз жұмыс істеуге тиіс. Өйт­кені жер сілкінісін тоқтату мүмкін емес. Бірақ оның зардабын азайтуға болады. Ал ол үшін кейде небәрі қырық секундтың өзі жеткілікті.

АЛМАТЫ 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see154

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see146

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see144

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see143

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see142

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see142

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see140

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see136

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see133

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see130

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see126

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see126

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see120

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see118

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see118

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see117

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see117

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see116

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары