Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Қағаз газеттің қадірі

Қағаз газеттің қадірі

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Әсіресе мұғалімдер отбасында газет-журналдың ескі нөмір­лері үйіліп тұрады, қай басы­лым­ды іздесең, соны табасың. Құдды бір мұға­лімнің үйі кітапхана сынды. Жалпы, сол заманда газет – кез келген үйдің ажырамас бір бөлшегіндей санада жатталып еді. Ал қазір ше?..

Газет оқитын адам – ескіліктің жұрна­ғындай елестейді. Алда-жалда газеттің құлаш-құлаш айқарма бетін аша қалып, бір кесе кофені ұрттап қойып, көшедегі кез келген орындыққа отыра қалсаңыз, сізді «тас дәуірінен» келген адамдай көреді. Батыстық мәдениеттегі осы отырысыңызға таңғалып, сыртыңыздан суретке түсіріп, әлеуметтік желідегі парақшасына «Әлі де газет оқитын адам бар екен...» немесе «Газет әлі де шығады екен» деп, түгел жұртқа сүйіншілеп хабар береді. Өз ойын жасыра алмайтын кей адамдар бағаңызды асырып, сізді бір аристократ, өзін қара жаяу деп ашық айтады. Сонда өзіңді қоғамнан, халықтан бір сәт жырақ сезінесің. Ал шын мәнінде сауатты қоғам үшін газет оқу қалыпты құбылыс болуы керек-ті. Тіпті қазір газетті телефонмен де оқуға болады. Барлық газеттің электронды нұсқасы бар – цифрлы дәуір.

Бұрынғыдай әр үйде кемінде 3–4 газет-журнал жататын уақытта, әрине, баспасөздің де беделі бар еді. Әр шаңырақтың төрінде «Егеменнен» бастап, республикалық, облыстық газеттер тізіліп тұратын. Газетке жаппай жазылу науқаны да қарқынды жүретін. Үлкен газеттердің жүз мыңнан аса таралыммен шыққанын әлі күнге аңыз қылып айтамыз. Әкімдер де бас газеттің ықпалынан ығатын. Ал қазіргі газетке жазылу мәселесі суы тартылған аралдың күйін кешіп отыр. Бір ғана мысал, миллионнан астам халқы бар облыстар бар-жоғы 4–5 мың дана газетке жазылады. Салыстырмалы түрде алсақ, мұның өзі 500 данаға қарағанда «тым жақсы» көрсеткіш. Күлеміз бе, жылаймыз ба?..

Қарапайым адамдарды былай қойған­да, қазір мұғалімдерді де газетке жаздыру қиын екен. Байқасақ, бүгінгі ұстаздардың  ішінде газет оқитыны сирек. Тіпті қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері де қолына газет алғысы келмейтін көрінеді. Осындайда кітап-газет оқыту идеологиясында ұйымдастыру мәселесі әлсіз бе деп қаласың. Әйтпесе басқа-басқа, мұғалімдер неге газет оқудан қашады?  Газет оқымаған мұғалімдер шәкіттеріне қалай тәрбие береді?

Қағаз газеттің ғұмырына төнген қауіп біздің елде ғана дейсіз бе? Жо-жоқ, қазір әлемде де осы күй, осы уайым (әри­не, салыстырмалы түрде, қазақ қоға­мында газет оқымау деңгейі мүлдем төмен). Сарап­шылардың пікірінше, бұл – ақпарат тұтыну мәдениетінің өзгеруінен туындаған жаһандық үрдіс. Reuters Institute жүргізетін халықаралық зерттеулер көптеген елде оқырманның жаңалықты негізінен интернет-сайттар, мобильді қосымшалар және әлеуметтік желілер арқылы алатынын көрсетеді. Сонда да газеттің маңызы жоғалмаған елдер бар. Мәселен, Жапонияда газет оқу мәдениеті әлі де жақсы сақталған. Дегенмен, цифрлық медианың дамуына байланысты елдегі күнделікті газеттердің жалпы таралымы 2004 жылғы 53 мил­лион данадан 2025 жылы шамамен 24 мил­лион данаға дейін азайған. Германия мен Финляндия, Норвегия сияқты Солтүстік Еуропа елдерінде де өңірлік және ұлттық газет­тер қоғам өмірінде басты рөл атқар­ғанымен, басым бөлігі цифрлық жазылым жүйесіне көшіп, оқырманын онлайн платформалар арқылы сақтауға күш салып отыр.

Қоғам қанша алға жылжып, технология қанша аспандап қарыштаса да газетті қолға ұстап, парақтап оқудың ләззаты бөлек емес пе? Шынында газеттің цифрлы нұсқасы қағаз-басылымдарға ықпал етпеуі керек-ті. Телефондағы газет, тек қосымша құрал сынды жанама нұсқа болуға тиіс. Бірақ жалпы бірдеңе оқу әдеті ұмытылған, тіпті ұстаздардың үйіне газет келмейтін қоғамда мерзімді басылымдардың электронды нұсқасын ешкім таласа-тармаса іздеп жатпағаны тағы белгілі.

Газет оқымаған қоғамда сауатсыздық белең ала бастағаны байқалады. Телефонға телміргендер сөздің жазылуын бүлдіріп жатыр. Газеттің қадірі осыдан-ақ білінеді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:115
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Шілде 2026 20:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары