Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Бюджетке түскен батпан

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Қарттыққа жиналған қаржының қадірі кетпей ме?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Экономистердің пікірінше, бұл мәселені тек әлеуметтік тұр­ғыдан емес, экономикалық тиім­ділік тұрғысынан да бағалау қажет. Өйткені сөз жеке азаматтардың жинағы ғана емес, мемлекеттік қаржының тұрақтылығы, инфля­цияны басқару және зейнетақы жүйесінің ұзақмерзімді тұрақты­лығы туралы болып отыр.

Зейнетақы жинақтарын ин­дексациялау қаншалықты қажет? Мемлекет мұндай кепілдікті сақ­тауға тиіс пе, әлде халықаралық тәжірибеге сүйеніп, жаңа тәсіл­дерге көшуі дұрыс па? Бұл өзгеріс болашақ зейнеткерлердің әл-ауқатына қалай әсер етуі мүмкін? Осы және өзге де сауалдарға ма­қала барысында сарапшылар­дың пікіріне сүйене отырып жа­уап іздейміз.

2027 жылғы 1 қаңтардан бас­тап Қазақстанда міндетті зейнет­ақы жинақтарының инфляцияға бай­ланысты мемлекеттік кепілдігі тоқ­татылады. Бұл мемлекет зей­нет­­ақы жинақтарына мүлде к­е­піл­дік бермейді дегенді білдір­мейді. Міндетті және міндетті кә­сіптік зейнетақы жарнала­ры­ның негізгі (номиналды) сома­сы­на кепілдік бұрынғыдай сақтал­а­ды. Өзгеріс тек инфляция салда­рынан жи­нақтың сатып алу қа­білеті тө­мендеген жағдайда төле­нетін мемлекеттік өтемақыға қатысты.

Бұған дейін азамат зейнетке шыққанда оның барлық міндетті жарналары инфляция деңгейіне сай қайта есептелетін. Егер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы нақты жинақ осы сомадан аз болса, айырмашылық республикалық бюджет есебінен өтелетін. 2027 жылдан бастап дәл осы өтемақы тетігі күшін жояды.

Qazaq Expert Club сарапшысы, қаржыгер Венера Жаналинаның айтуынша, қоғамда кеңінен тал­қыланып жатқан өзгерістің мәнін дұрыс түсіну маңызды. 

– Қолданыстағы модель мем­лекетке ұзақмерзімді міндеттеме­лер жүктейді. Оның нақты көле­мін алдын ала есептеу қиын, өйт­кені ол бір мезгілде бірнеше фак­торға тәуелді. Болашақ шы­ғын­дар инфляция деңгейіне, зей­нетақы активтерінің инвести­циялық табыстылығына және өте­мақы алуға құқығы бар аза­маттардың санына қарай өзгеріп отырады. Сондықтан мұндай ке­пілдіктің бюджетке қанша салмақ түсіретінін нақты болжау әрдайым мүмкін емес. Ашық ресми де­рек­көздерде бұл төлемдер бойынша толық әрі жүйелі статистика да жарияланып отырған жоқ. Қазір расталған соңғы мәліметтер 2016 жыл мен 2017 жылдың алғашқы тоқсанына қатысты ғана қол­жетімді, – дейді ол.

Сарапшы келтірген деректер де бұл мәселенің ауқымын көрсе­теді. Бірыңғай жинақтаушы зей­нетақы қорының мәліметіне сәйкес, Қаржы министрлігінің ста­тистикалық бюллетені негі­зінде 2016 жылы мемлекеттік ке­пілдік бойынша төленген өтемақы көлемі 11,615 млрд теңгені құра­ған. Ал 2017 жылдың қаңтар-нау­рыз айларында бұл көрсеткіш 2,589 млрд теңгеге жеткен. 2016 жылғы төлемдердің өзі респуб­ликалық бюджет шығыстары­ның шамамен 0,14 пайызына тең болған.

Зейнетақы жинақтарын индексациялау: не өзгереді?

Экономист Бауыржан Ысқа­қовтың пікірінше, ендігі жағдайда азаматтар зейнетақы жинақ­та­рына бұрынғыдан өзгеше көзқа­распен қарауға мәжбүр болады.

– Көптеген азамат зейнетақы жинақтарының сақталуына ғана емес, олардың нақты құнының ин­фляция жағдайында қалай қор­ға­латынына да ерекше мән береді. Сондықтан енді жинақтарды ба­ғалауда тек есепшоттағы қаражат көлеміне емес, оның сатып алу қа­­білетінің сақталуына және ин­фля­­ция деңгейіне де назар аудару қа­жет болады. Бұл өзгерісті бір­жақ­ты бағалауға болмайды. Бір жағы­нан, мемлекет үшін инфля­цияға толық кепілдік беру айтар­лықтай қаржылық міндеттеме жүктейді. Әсіресе инфляция жоғарылаған кезеңдерде бюд­жет­тен қосымша қаражат бөлу қа­жеттілігі туын­дай­ды. Екінші жа­ғынан, азамат­тар­дың жинағының нақты құнын сақ­тау мәселесі бұ­рынғыдан да өзек­ті бола түседі, – дейді экономист.

Дегенмен сарапшылар бұл өзгерісті тек бюджет шығыстарын қысқартуға бағытталған қадам ретінде қарастыруға болмайтынын айтады. Себебі әлемдік тәжірибеде зейнетақы жүйесінің тұрақты­лы­ғын қамтамасыз етудің әртүрлі мо­дельдері қолданылады және олар­дың басым бөлігінде мем­ле­кет жинақтардың нақты табыс­ты­лығына тікелей кепілдік бермейді.

Экономист Бауыржан Ысқа­қов­тың айтуынша, бұл тұрғыда Қа­зақстанның ұстанымы ха­лық­аралық тәжірибеге жақындай түседі.

– Көптеген елде мемлекет зей­нетақы жинақтарының нақты табыстылығына тікелей кепілдік бермейді. Негізгі басымдық зей­нет­ақы активтерін тиімді инвес­тициялауға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ұзақмер­зімді кірістілікті сақтауға беріледі. Ал инфляцияны бақылау мен тежеу орталық банктің ақша-не­сие саясаты арқылы жүзеге асы­рылады. Сондықтан инфляция­лық тәуекелдің барлық жауап­кер­шілігін бюджетке жүктеу ха­лықаралық тәжірибеде кең тарал­ған тәсіл емес, – дейді экономист.

Оның пікірінше, бұл өзгеріс зейнетақы активтерін басқаратын институттардың жұмысына да жаңа талаптар қояды.

– Мұндай тәсіл зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыруға ынталандырады. Бас­қарушы институттардың қызметі инвестициялық нәтижелер ар­қылы бағаланған сайын олар инвестициялық стратегияларын жетілдіруге, тәуекелдерді барын­ша сауатты басқаруға және ұзақ­мерзімді табыстылықты арттыруға көбірек көңіл бөледі. Бұл, өз ке­зегінде, зейнетақы жүйесінің тиім­ділігіне де оң ықпал етуі мүм­кін, – дейді Бауыржан Ысқақов.

Алайда мұндай модельдің та­бысты болуы экономиканың жал­пы жағдайымен тікелей бай­ланысты. Сарапшының сөзінше, инфляция тұрақсыз болып, ин­вестициялық табыс оның қарқы­нынан қалып қойса, мемлекеттік кепілдіктің жойылуы азаматтар­дың жинақтарына әсер етуі ықтимал.

– Бұл өзгерістердің тиімді бо­луы, ең алдымен, инфляцияның тұрақты әрі болжамды деңгейде сақталуына байланысты. Егер инфляция жоғары болып, зей­нет­ақы активтерінің инвестициялық кірістілігі одан төмен қалыптасса, азаматтардың жинақтарының нақты құны төмендеуі мүмкін. Сондықтан зейнетақы жүйесінің тұрақтылығы тек индексация те­тігіне емес, жалпы экономикалық тұрақтылық пен инфляцияны бақылауға да тікелей тәуелді, – деп түйіндеді экономист.

Жаңа инвестициялық портфельдер жүйесі

Қаржыгер Венера Жанали­наның айтуынша, мемлекеттік кепілдікті алып тастау туралы шешімді бағалау үшін қолда бар деректер жеткіліксіз.

– Бұл деректер мемлекеттік кепілдікті орындау республикалық бюджеттен нақты шығындарды талап еткенін көрсетеді. Алайда оның мемлекеттік қаржыға нақты әсерін бағалау үшін соңғы жыл­дардағы төлемдер, алушылар саны, орташа өтемақы көлемі және бо­лашақ міндеттемелердің актуарлық болжамы қажет, – дейді сарапшы.

Оның сөзінше, реформаның мақсаты – тек бюджет шығынын қысқарту емес, мемлекет, бас­қарушы және салымшы арасын­дағы жауапкершілікті қайта бөлу. 2021 жылдан бастап азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бө­лігін инвестициялық портфельді басқарушыларға беру мүмкіндігі жасалса, 2026 жылдан бері Ki композиттік индекстеріне негіз­дел­ген жаңа инвестициялық порт­фельдер жүйесі жұмыс істейді.

Алайда Венера Жаналина ин­вестициялық портфельді бас­қа­ру­шылардың жауапкершілігі мем­ле­кеттік инфляциялық кепіл­дік­­­т­ің баламасы емес екенін атап өтеді.

– Инвестициялық портфельді басқарушы белгіленген индекстен төмен нәтиже көрсеткен жағдайда ғана айырманы өтейді. Бірақ нарық жалпы төмен табыстылық көрсетсе, басқарушы индекстен қалып қоймауы мүмкін, дегенмен салымшы жинағының сатып алу қабілетін жоғалтады. Сондықтан жаңа жүйенің тиімділігі толық дәлелденбей тұрып, инфляциялық кепілдікті алып тастауға асық­паған жөн, – дейді қаржыгер.

Салымшының жауапкершілігі арта ма?

Жаңа жүйеде зейнетақы жи­нағын қайда инвестициялау ке­ректігін таңдауда азаматтың жауапкершілігі артады. Алайда қаржыгер Венера Жаналинаның пікірінше, қазіргі модельде са­лым­шыларды автоматты түрде қор­ғайтын маңызды тетік жетіс­пейді.

– Қолданыстағы модельде адам­­ның зейнет жасына жа­қын­дауына қарай инвестициялық тә­уе­келді автоматты түрде төмен­дету тетігі жоқ. Салымшы өзі таң­даған стратегияны өзі бақылап, қажет болса басқа инвестициялық порт­фельді басқарушыны таңдауы не­месе қаражатын қайтадан Ұлт­тық банктің басқаруына қайтаруға тиіс. Бірақ мұндай шешім қабыл­дауға әр азаматтың білімі мен мүмкіндігі жете бермейді. Сон­дық­тан инвес­тициялық таңдаумен қатар қар­жылық сауаттылықты арттыру, тәуекелдер мен табыс­тылық туралы ашық ақпарат беру және салым­шыларды қорғау тетіктерін күшей­ту қажет, – дейді сарапшы.

Оның айтуынша, зейнетақы жүйесінің басты мақсаты – шот­тағы ақшаны ғана сақтау емес, оның құнын да жоғалтпау.

– Тек номиналды соманы ке­пілдендіру жеткіліксіз. Жиырма-отыз жылдан кейін сол ақшаның сатып алу қабілеті айтарлықтай төмендеуі мүмкін. Сондықтан жи­нақтар адамның зейнетке шық­қаннан кейінгі табысын қам­тамасыз етуі керек. Осы себепті міндетті зейнетақы жарнала­ры­ның нақты сатып алу қабілетін мемлекеттік қорғау сақталғаны жөн. Бұл әсіресе жинақтары Ұлт­тық банктің басқаруында тұрған азаматтар, зейнет жасына жақын­даған адамдар және заң өзгергенге дейін жинақ қалыптастырған салымшылар үшін маңызды, – дейді Венера Жаналина.

Сарапшының пікірінше, егер реформа жоспарланғандай жүзеге асатын болса, оған дейін жаңа жүйенің қаншалықты тиімді екені жан-жақты бағалануы қажет. Ол үшін мемлекеттік кепілдік бойын­ша төлемдердің толық статисти­касы жарияланып, жаңа инвес­тициялық модельге тәуелсіз талдау жасалып, салымшыларды қорғау тетіктері күшейтілуге тиіс.

– Жаңа жүйе алдымен өзінің тиімділігін іс жүзінде дәлелдеуі керек. Салымшыларды қорғау тетіктері тек қолайлы кезеңде ғана емес, экономикалық тұрақсыздық кезінде де жұмыс істей алатынын көрсетуге тиіс. Оған дейін инфля­циялық кепілдікті алып тастау ерте шешім сияқты көрін көрсетуге тиіс. Оған дейін инфля­циялық кепілдікті алып тастау ерте шешім сияқты көрінеді, – деп түйіндейді қаржыгер.

Кәмила ДҮЙСЕН

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:194
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Шілде 2026 08:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see144

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see143

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see141

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see140

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see139

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see138

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see138

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see136

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see136

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see134

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see133

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see131

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see126

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see122

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see119

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see118

Қазақстан Қашаған операторы NCOC компаниясынан 4,9 млрд доллар айыппұл өндіруді тоқтатты

09 Қыркүйек 2026 08:07see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары