Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жаңа Салық кодексі: Үкіметте алғашқы қорытындылар жасалды

Жаңа Салық кодексі: Үкіметте алғашқы қорытындылар жасалды

Zakon.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жобалық кеңсе Салық кодексінің және кәсіпкерлікті реттеушінің жаңа нормаларын қолдануға байланысты бизнес өтініштерін жүйелеу және жедел қарау үшін бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде құрылады. Оның міндеті – мемлекеттік органдардың келісілген іс-қимылын қамтамасыз ету және кәсіпкерлік қоғамдастықпен тұрақты кері байланыс орнату.

Жобалық кеңсе жұмысының негізгі логикасы – "бір терезе" принципі. Салық органдарының call-орталығы, SalykBot Telegram-арнасы, Мемлекеттік кірістер комитетінің бөлімшелері, "Атамекен" ҰКП, әлеуметтік желілер мен басқа да коммуникация арналары арқылы түсетін бизнестің барлық өтініші бір орталықта жинақталады. Өтініштерге жауап берудің нақты мерзімдері белгіленеді. Күрделі және ведомствоаралық сипаттағы мәселелер салалық мемлекеттік органдардың қатысуымен жобалық кеңсенің отырыстарына шығарылады.

Жобалық кеңсенің отырысын апта сайын өткізу жоспарлануда. Олар бизнестің ең өзекті және жиі көтеретін мәселелерін қарастырып, шешімдер әзірленеді, түсініктемелер беріледі. Жобалық кеңсе жұмысының қорытындысы мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының коммуникация арналары арқылы жалпы жұртшылыққа үнемі жеткізіледі.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, 1-20 қаңтар аралығында салық жүйесінде 22 мың жаңа салық төлеуші тіркелген. Оның 20 мыңнан астамы жеке кәсіпкер, 2 мыңға жуығы заңды тұлға. Жаңа ҚҚС төлеушілердің саны – 7100.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтушылар режимін 137 708 салық төлеуші таңдады. Оның 100 мыңнан астамы бұрын салықтық әкімшілендіру саласында болмаған жеке тұлға. Жаңа режим ЖК тіркеусіз және кассалық аппаратты қолданбай, салық төлемей, табыстың 4% мөлшерінде әлеуметтік төлемдер бойынша ғана міндеттемемен жұмыс істеуге мүмкіндік береді", — деп атап өтті Ержан Біржанов.

Имплементация кезеңі объективті қиындықтармен бірге жүретіні атап өтілді. Қаңтардың басында салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесін (СӘИЖ) іске қосу кезінде техникалық мәселелер тіркелді. Бүгінгі таңда барлық әдістемелік және техникалық мәселелер реттелді. СӘИЖ елдегі ең ірі ақпараттық жүйе болып саналады. Ол бір уақытта 250 мың салық төлеушіге қызмет көрсетеді.

Бүгінгі таңда бизнестің негізгі өтініштері қолданбалы сипатқа ие және салық салу режимін таңдауға, хабарламалар беруге, деректерді өңдеудің дұрыстығына, ЭҚЖЖ таңдауға, электрондық шот-фактураларды толтыруға және басқа да рәсімдік мәселелерге қатысты. Салық төлеушілерді жедел қолдау үшін МКД жанындағы консультация кеңселері, call-орталық және SalykBot Telegram-арнасы тұрақты жұмыс істейді.

5 қаңтардан бастап барлық облыс орталығы мен республикалық маңызы бар қалаларда аптасына үш рет "Халық бухгалтері" акциясы өткізілуде. Оған жеті салалық қауымдастықтың атынан 100-ден аса бухгалтер қатысуда. 3 мыңнан астам адам тегін кеңес алды.

Отырыс соңында Серік Жұманғарин реформа кезеңінде Салық кодексінің нормаларын қалыптастыруға және талқылауға баса назар аударылғанын, ал имплементация кезеңінде оларды қолданудың нақты мерзімі, түсінікті тетіктері мен болжамдылығы түйінді мәнге ие болатынын атап өтті.

"Жүзеге асыру барысында сұрақ сөзсіз туындайтыны белгілі. Егер оларға түсініксіз жауап берілсе, ведомстволарда күрделі мәселелер жиналып қалады. Жобалық кеңсе бизнес мәселелерін жедел және жүйелі түрде шешу үшін құрылады", — деді ол.

Жобалық кеңсенің құрамына Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің, Ұлттық экономика министрлігінің, "Атамекен" ҰКП, Цифрлық даму министрлігі мен Әділет министрлігінің өкілдері кірді. Жобалық кеңсенің жұмысына салалық қауымдастықтар, жеке салық кеңесшілері мен сарапшылар қауымдастығы да араласады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:135
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қаңтар 2026 19:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары