Жансақтау бөліміне түстім, туысқандарым жылады... : Мақпал Жүнісова инфаркт алғанын айтты (видео)
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова концертінде көрерменге жан сырын ақтарды, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші бір ай бұрын қатты сырқаттанып, ауруханаға түскенін айтты.
«Бір ай бұрын жансақтау бөліміне түсіп қалдым. Инфаркт деген бар екен ғой. Кетесің деді, кетпей қалдық қой. Осы концерт болсын деген шығар Алла. Шүкір, рақмет айтамыз. Дұға-тілектеріңізге рақмет. Жарқырап, жайнап жүре береміз. Сөйтсек аурудың бәрі жинала береді екен ғой. Ауырмаңыздар, сырқамаңыздар. Туысқандарымның бәрі жылады. Жыламаңдар дедім. Кімнен жанымыз артық? Талай асылдар кетіп жатыр ғой. Мен де бір сынығымын, кетсем кетермін дедім», - дейді әнші.
Желі қолданушылары әншіге денсаулық тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр.
«Ғұмырыңыз ұзақ болсын апатай», «Аңқылдаған әппақ көңілінен», «Аман болсыншы, қызының қуанышын көрсінші», - деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 21:31 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















