Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Жарасбай Сүлейменов, публицист: Азат ой алға жетелейді

Жарасбай Сүлейменов, публицист: Азат ой алға жетелейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Алаш қайраткерлерінің есімін ұмыттырмай, шығармашылығын зерттеумен ғана айналыспай, Солтүстіктен шыққан ірі қаламгерлер мен қайраткерлердің де мұрасын дәріптеу мақсатында игі істер атқарып жатыр. Осы төңіректе публицист, қоғам қайраткері, мағжантанушы Жарасбай Сүлейменовке бірқатар сауал қойған едік. 

– Солтүстік Қазақстан облысы Алаш арыстарының кіндік қаны тамған қасиетті мекен деген сөздерді жиі айтамыз. Қазір өңірде осы тарихи мұра қалай дәріптеліп, зерттелуде?

– Иә, дұрыс айтасыз, Солтүстік Қазақстан облысы – ұлылардың мекені. Басқаларды былай қойғанда, жалғыз Мағжан Жұмабаевтың өзі неге тұрады! Мағжан – осы өлкенің төл перзенті. Оның жастық шағы да, өмір жолының бастау кезеңі де осында өтті. Біз жастарды дәл сол тұлғалардың өнегесінде тәрбиелеуіміз керек. Қазір біз отырған «Мағжан орталығы» да осы мақсатта жұмыс істейді. Ол тек Мағжан шы­ғармашылығын зерттеумен  шектелмейді, жалпы өңірден шыққан ірі қаламгерлер мен қайраткерлердің мұрасын дәріптеу, оны жастарға жеткізу бағытында еңбек етуде. Мағжан есімі бүгінде облыстағы оқу орындарына, көшелерге, мәдени мекемелерге берілді, ескерткіштері орнатылып жатыр. Алаш арыс­тарын танудың маңызы неде десек, жастарды олардың жан-дүниесіне үңілуге баулу мәселесі алға шығады. Егер жастар елін, жерін, ұлтын Мағжан сияқты сүйсе, білім мен өнерге құштарлық танытса, бізде арман болмас еді. Осы ретте Алаш арыстарының бірі Міржақып Дулатовтың сонау аласапыран заманда Қызылжар топырағын басқанын айтқым келеді. Ол патша билігінің қуғынынан бой тасалап, едәуір уақыт осында өмір сүрген. Осында Мағжанмен танысқан, оның қабілет-дарынын байқап, бағыт-бағдар берген. Тіпті, орыс тілін үйренуге, білім қуып Омбыға баруға кеңес берген де – сол кісі. Демек, Алаш арыстарының ізі бұл өңірде сайрап жатыр. Оны жастар білуі керек, бұл – ұлт тарихының маңызды бөлігі.

– Үлкендерден біздің өңірдің тарихы өте бай дегенді жиі естиміз. Өкінішке қарай, сол құндылықтарды толық пайдалана алмай жатқан сияқтымыз. Тарихи атауларға қатысты сөз қозғасақ, әлі де кезегін күтіп тұрған іс көп сияқты көрінеді. Сіз қалай ойлайсыз?

– Бұл – күрделі әрі өте өзекті мәселе. Иә, тәуелсіздік алғаннан бері бірқатар атау қайтарылды, бірақ өңірімізде бұл мәселе толық шешімін тапты деуге ерте. Жер-су, елді мекендердің байырғы атауларын қайтарудың баяу жүріп жатуының себебі көп. Мәселен, біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында бұл іске жедел-ғабыл кірісіп, жүйелі сипат бере алмадық. Сол кезде оно­мас­тика мәселесіне ел дамуының маңызды шарты деп қарасақ, қазір жағдай мүлде басқаша болар еді.

Қазір өңірімізде өзге ұлт өкілдері басым, қазақтардың үлесі аздау. Сон­дық­­тан да тарихи атауларды қайтару мәселесінде түрлі көзқарас бар. Бірақ қалай десек те, бұл жұмыс тоқтамауы керек. Менің өзім жиі айтып жүретін ұстанымым бар: «Топонимика тәуелсіз болмай – ел тәуелсіз болмайды». Билік те, қоғам да бұл іске бейжай қарамауға тиіс.

– Алаш қайраткерлерінің идеялары бүгінгі жастар тәрбиесінде қалай көрініс табуы керек деп ойлайсыз?

– Алаш идеясы – ұлттың рухани темірқазығы. Олар сол кездің өзінде елдің тәуелсіздігін аңсап, азаттығы үшін күресті. Мысалы, Мағжан Жұ­мабаев Мәскеуде оқып жүрген кезінде ақын-жазушылардың «Алқа» атты әдеби ұйымын құруға талпынған. Оның «Табалдырық» деп аталатын бағ­дар­ламасын жазған. Биыл жарық көргені­­не 100 жыл толған осы тарихи құжатта ол әдебиетте де ұлттық жолымызды таңдаудың маңызын ашып көрсетті. Бір сөзбен айтқанда, «Табалдырық» – тәуелсіз ойдың көрінісі. Мағжан Жұ­мабаев ұлттық әдебиеттің, ұлттық педагогиканың негізін қалаушылар­­­дың бірі болды. Оның «Педагогика» атты еңбегі әлі күнге дейін өз маңызын жоғалтқан жоқ. Алаш қайраткерлері білім мен ғылымды ұлттың даму кілті деп білді. Сондықтан жастар сол идеяны бойына сіңіріп, білімге ұмтылулары қажет.

– Қазір өңірдің мәдени, ақпараттық және білім кеңістігінде Алаш мұрасы қалай насихатталып жүр?

– «Алаш ұмытылды» деп айтуға болмайды. Соңғы жылдары олардың еңбегін зерттеу мен насихаттау ба­ғытында үлкен істер атқарылып жатыр. Жас ғалымдар, әдебиетшілер тың деректер тауып, жаңа еңбектер жазуда. Мемлекеттік деңгейде де ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Алаш қозға­лысына жаңа көзқараспен баға беріп жатқан комиссиялар бар. Әрине, кейбіреулердің бұл бағыттағы істерге көңілі толмай жатады, бірақ негізгі бағыт дұрыс. Ең бастысы – Алаш аты тарихтан ешқашан өшпейді.

– Алаш идеяларын жаңа буынға жеткізудің тиімді жолдары қандай деп ойлайсыз?

– Бір-ақ жолы бар: оқу және іздену. Жастар кітап оқымайтын болды – бұл үлкен кемшілік. Кітап оқымаған адам терең ойлай алмайды, сөздің қадірін сезбейді. Сонымен қатар жастарда Алаш­қа деген сүйіспеншілік, құрмет болуы керек. Мысалы, Смағұл Сәдуа­қасов – біздің жерлесіміз, ұлтқа адал қызмет еткен тұлға. Осындай адамдар­­ды үлгі ету арқылы жастардың бойына ұлтқа деген сүйіспеншілікті сіңіруге болады.

– Смағұл Сәдуақасовты «жерлесіміз» деп сөзіңізге тиек еттіңіз ғой. Осы тұрғыда бір сұрақ туындап тұр. Қалай ойлайсыз, сол кісі секілді ұлтына жанашыр адамдар көбейсе, Солтүстік Қазақстан облысы болашақта ұлт руханиятының орталығына айнала ала ма?

– Әрине. Қазірдің өзінде өңіріміз – қазақ руханиятының ажырамас бөлігі. Бұрын қазақ мектептері аз болса, қазір жағдай түбегейлі өзгерді. Қазақ театры қайта ашылып, мәдениет пен өнер өркендеп келеді. Қазақылық бұл өңірде ешқашан жоғалған емес. Елдің шетінде, желдің өтінде отырсақ та, ұлттық рухымыз берік. Жастар белсенді, ізденімпаз. Сол себепті мен солтүстіктің рухани болашағына сенемін.

– Ал енді осы тұрғыда Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы демографиялық мақсатпен қатар мәдени және рухани миссияны да атқарып отыр деп айтуға бола ма?

– Өз басым бұл бастаманы қос қолымды көтеріп қолдаймын. Бірақ іске асырылуы әлі де ойдағыдай емес. Қа­зақтардың Солтүстікте кө­бейгенін бәріміз қа­лаймыз, өйткені бұл – шекаралық аймақ, ұлттың қауіпсіздігімен бай­ла­нысты маңызды өңір. Арамызда соны түсін­бейтіндер де бар. Мысалы, өткен ғасырдың 90-жыл­дарының басында Ти­мирязев ауданындағы Белоградовка ауылына Моңғолиядан 200 отбасы көшіп келген еді. Мемлекет үй салып, жағдай жасады, бірақ көпшілігі тұрақтай алмады. Себеп көп: ауа райының қолайсыздығы, бейімделу қиын­дық­тары, кейде адам­дардың өз мүддесін алға қоюы үлкен мақсатқа тұсау болып отыр.

– Өңірдің руха­ни болашағына сенемін деп айтып қалдыңыз. Жалпы, «Рухани отарсыз­дану» ұғымын қалай түсінесіз? Бұл идео­логиялық бағыт па, әлде нақты жүзеге асатын іс пе?

– Бұл – өте маңызды ұғым. Біз көп жыл бодан ел болдық. Сол себепті отар­лық сананың сарқыншақтарынан әлі де арыла алмай келеміз. Көп қан­дастарымыз қазақ тілін толық мең­гермеген, тіпті кейбірі өз тілінде сөйлеуге ұялады. Отарсыздану – тек топонимика мен тіл мәселесіне ғана қатысты емес, ол сана мен рухты тазарту. Біз ұлттық құндылықтарымызды, дінімізді, тілімізді аялауымыз керек. Қазір жаһандану дәуірі, көптеген жастарымыз біреудің қаңсығын таңсық көреді, батысқа еліктейді. Бірақ өзіміздің қазақы болмысымызды сақтамасақ, ұлт ретінде жойылып кетуіміз мүмкін. Мен мұны біреулерді қорқытайын, үркітейін деген ниетпен сөз етіп отырған жоқпын. Әлемде сондай кепті кигендер бар екенін тағы бір еске салу артық емес деп ойлаймын. Демек, рухани отарсыздану – идеология ғана емес, әрқайсымыздың өмірлік ұстанымымызға айналуға тиіс.

– Сөз соңында оқырманға айтар тілегіңіз бар ма?

– Қазақ ұлтының жаны – оның руханиятында. Сол рухты сөндірмей, ұлттың болашағына адал қызмет ету – әрқайсымыздың парызымыз. Жастар өткенін білсе, болашағына сеніммен қарай алады. Азат ой ғана алға жетелейді. Ел болашағы –жастарымыздың соны әрдайым есте ұстағаны жөн.

Сұхбаттасқан

Анар ЗИЯДИНА,

Жансая ДЕРБИСОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың

«Журналистика және әлеуметтік

ғылымдар» кафедрасының 2-курс

студенттері

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Қараша 2025 07:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see106

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары