Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

Ел аумағын қамтыған акция

Тірі білім оқушыны шығармашылыққа жетелейді

Тірі білім оқушыны шығармашылыққа жетелейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Мәселе сол өзекке қайта орала алдық па, жоқ па – сонда... Қазіргі мектеп бұрынғыдай тек білім беретін орын ғана емес. Ол – ойланатын, таңдайтын, жа­уапкершілік алатын тұлға қалыптас­тыратын орта. Оқушы тек ақпаратты жаттап қоймай, оны қолдана білуі керек. Әлемдік білім жүйесінде бұл «әрекетке негізделген оқу» деп аталады. Ал кей елдерде шығар­машылық ойлау, өмірмен байланыс басты құндылық саналады. Оқушы білімді өмірінен алшақ сезінсе – нәтиже де солғын болады. Бұған қарап «бұл бізге жат» деуге бола ма? Жоқ.

Ахмет Байтұрсынұлы білімді «тірі» және «өлі» деп бөлгені белгілі. Жаттауға құрылған, өмірмен байланысы жоқ білім – өлі білім. Ал адамды ойландырған, әрекетке жетелеген, тәжірибеде қолданы­латын білім – тірі білім.

Ұлт ұстазының бұл ойы бүгін де өз маңызын жойған жоқ. Керісінше, әлемдік педагогика айтып жүрген жаңашыл тұжырымдардың барлығы осы тірі білімнің әртүрлі атауы ғана сияқты. Ахаңның «мәніс білім көп те, әдіс білім аз» деген сыны – қазіргі мектеп үшін де өзекті.

Ұлттық мектеп дегеніміз – өткенге байланып қалу емес. Ол – заманмен үндесе отырып, өз тамырын сақтай алатын мектеп.

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы өз ұстанымым дәл осы жерден басталады. Оқушы бұл пәндерді тек бағдарлама үшін емес, өмірі үшін қажет екенін сезінуі керек. Бүгінгі бала – цифрлық кеңістіктің баласы. Әлеуметтік желі, қысқа видео, визуалды мәтін – оның күнделікті ортасы. Мәселе баланың желіде болуында емес, мәселе – сол кеңістікті қалай пайдаланып жүргенінде. Егер оқушы көркем мәтінді бүгінгі өмірмен байланыстыра алса, кейіпкерді қазіргі заман көзқарасымен талдаса, өлең мен прозаны медиа тіліне аудара білсе – әдебиет оған жат болмайды.

Мен сабақ барысында осыны бай­қаймын: бір тапсырма дұрыс қойылса, бұрын үндемей отырған оқушы да ой айта бастайды, мәтінге жан кіреді, оқушы өзі жасаған дүниесіне жауапкершілікпен қарайды. Бұл – шығармашылық қабілетті дамытып оқыту.

Осы тәжірибеге сүйене отырып, «Жоба жасау арқылы оқушының шығармашылық қабілетін дамыта отырып, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту» атты авторлық бағдарлама әзірледік. Оның өзегінде Ахмет Байтұр­сынұлының «тірі білім» ұстанымы жатыр. Яғни, А.Байтұрсынұлының «тірі білім» ұстанымын заманауи форматта қолдану, оқушының «нені» және «не үшін» жасап отырғанын нақты түсінуі, оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын бір-бірімен табиғи байланыстыру, қазақ тілінің сөз мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас әдебі сияқты қолданымдық қырларын жоба арқылы меңгерту, фонетика, лексика, грамматика, стилистиканы дайын ереже емес, тәжірибе үстінде таныту тәрізді бағыттарды қамтыдық. 

Бұл жердегі мақсат – оқушыны тыйып ұстау емес, бағыт беру. Технологияны жоққа шығару емес, оны ұлттық мазмұнмен толықтыру.

Білім өмірге қызмет етпесе – ол толық­қанды білім емес. Мектеп баланы өмірге дайындауы керек. Ал өмір – әрекеттен тұрады. Әрекетке жетелемеген оқу тірі болмайды. Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, тірі білім – мәніс білімі мен әдіс білімі қа­тар жүргенде ғана қалыптасады. Бүгінгі мектептің басты міндеті – осы екеуінің ара­сындағы көпірді қайта жалғау.

Еділ АНЫҚБАЕВ,

Шоқан Уәлиханов атындағы жекеменшік мектептің 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:179
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 04:50
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Ұлттық қор балаларға президенттік бағдарламасы бойынша 7 миллионнан астам балаға 2,5 миллиард доллар аударылды

12 Қазан 2026 20:58see99

Махаббат бекеті оқырманға жол тартты

13 Қазан 2026 05:06see97

80 пайызы ененің кесірінен : актриса Жанель Мақажан неге қоғамда ажырасу көбейгенін айтты

13 Қазан 2026 01:36see93

Бақыт тілеңіздер : Дариға Бадықова өзін сынағандарға жауап берді

13 Қазан 2026 01:18see90

Ел аумағын қамтыған акция

13 Қазан 2026 05:43see90
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары