Жасөспірімдердің еңбек баспалдағы
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жасөспірімдердің еңбегі арнайы заңдық талаптармен реттеледі. Яғни ата-ананың келісімін алу міндетті. Сондай-ақ түнгі уақытта еңбек етуге, қауіпті жұмысқа қатаң тыйым салынады. Ал еңбекақы мөлшері қоғамдық жұмыстарда 94 мың теңгеден басталса, «Жасыл ел» бағдарламасында 60-150 мың теңге аралығында болады. Орташа табыс 80-100 мың теңге көлемінде.
Жүйенің жұмыс алгоритмі оқушылардың жас ерекшелігіне бейімделген. Порталда алдымен ата-анасы немесе заңды қамқоршысы жеке кабинет ашып, тіркеуден өтеді. Жүйе интеграция арқылы баланың деректерін автоматты түрде көрсетеді. Егер отбасында бірнеше бала болса, ата-ана қай балаға жеке кабинет ашатынын өзі таңдайды. Тіркеу рәсімі аяқталғаннан кейін жеке кабинет іске қосылады.
Одан кейін оқушы жүйеге кіріп, өз түйіндемесін толтырады. Жұмысқа қатысты шақыртулар осы кабинетке түседі. Бастысы, ата-аналар балалардың еңбек үдерісін толық бақылайды. 16-18 жас аралығындағы жасөспірімдер электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жеке кабинет аша алады.
Негізі жасөспірімдер жазда көбіне дәмхана, сауда, жеткізу қызметі, жарнама тарату, көгалдандыру және маусымдық жұмыста еңбек етіп жүр. Бұл – бір жағынан жасөспірімдердің тәжірибе жинақтап, еңбек дағдыларын қалыптастыруына мүмкіндік. Одан бөлек, оқушылар жауапкершіліктің мәнін түсініп, уақытты тиімді жоспарлауды меңгереді.
Нұрай МҰХАНОВА,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Журналистика және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебінің
2-курс студенті
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:68
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Маусым 2026 09:59 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















