Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

ЖИ арқылы оқытатын Smart Class оқушылардың үлгерімін 32% ға арттырды

ЖИ арқылы оқытатын Smart Class оқушылардың үлгерімін 32% ға арттырды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Болашақтың интеллектуалдық сыныбы – Smart Class жобасын TopIQ IT компаниясы мен «Алматыкітап баспасы» бірлесіп жүзеге асырды. 2026-жылғы сәуірде Қазақстанда тұңғыш рет – Астана қаласының Білім басқармасы және әкімдігі іріктеген № 99 орта мектебінде ұстаздың жұмыс панелі мен оқушының жеке партасын бір жүйеге тоғыстыратын теңдесі жоқ цифрлық сыныптың жемісі бірнеше мәселені бірден шешетінін көрсетті. Атап айтсақ, Smart Class мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының 2026-2029 жылдарға арналған орта білім саласына ЖИ-ді кеңінен енгізу туралы тапсырмасындағы балаға жеке білім алу механизмін құру, жеке бас дерегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бала денсаулығына зиян келтірмеу сияқты «Кешенді жоспардағы» маңызды талаптарды қамтиды.

«TopIQ: Smart Class 2.0» – Қазақстанда мемлекеттік білім алу процесіне толыққанды интеграцияланған теңдесі жоқ цифрлық орта. Жасанды интеллектті орта білім саласына етене енгізетін инновациялық бұл сынып дүние жүзінде Сингапур, Қытай, Оңтүстік Корея сияқты озық технологияны орта білім жүйесіне әлдеқашан қолданған елдердің мектептерінде жұмыс істеп тұр. Бірінші кезекте оқу-ағарту саласындағы инклюзия мәселесін шешетін Smart Class барлық баланың мемлекеттен білім алуына теңдей жағдай жасайды, яғни сабақ барысында интеллектуалды трансформерді ерекше көңіл бөлуге мұқтаж бала да, басқа бала да бірдей қолдана алады», дейді «Алматыкітап баспасының президенті Гауһар Саймасаева.

Бір қарағанда отырып сабақ оқуға арналған әдеттегі партаны айналдырып жіберсе, алдыңызда – TopIQ оқу платформасы мен Qamqor атты ЖИ көмекші біріккен интерактивті цифрлық білім беруші трансформер. Озық жүйеде ұстаздың өз смартпанелі және смарттақтасы бар. Оқушының жеке смартпартасы өзіне сай икемделеді: баланың оқу және жазу қарқынын, сабаққа қызығу деңгейі мен шаршау белгілерін сараптайды. Үй тапсырмасын орындау немесе қашықтан оқу процесі де TopIQ платформасының еншісінде, яғни Smart Class еліміздің алыс-жақын аймағындағы мектептер мен шағын жинақталған білім ошақтарының да сұранысын қамтиды. Енді Астана қаласының №99 орта мектебінің сынақтан өтіп жатқан 3-сыныбына басқа оқушылар қызығып жүргенін ұстаздар жасырған жоқ.

«Мектебімізге Smart Class орнатылғалы сынаққа қатысқан 3-сыныптың 25 оқушысының сабаққа деген ынтасы артты. Жалпы сыныптың үлгерімі орташа есеппен алғанда 32%-ға дейін жақсарды. Бәрінен де оқушыларымның ішінде ерекше көңіл бөлуді қажет ететін екі бала бар, соның біреуі қашықтан оқудан бас тартып, Smart Class ашылғалы мектепке келіп оқыды, күнде сабақтан қалмады. Бұған таң қалған баланың анасы, менің балама не істеп қойдыңдар деп қуанғаннан күлген еді. Біз әр оқушының қалай өзгеретініне мұқият мән береміз: мысалы ерекше оқушымның біреуі бұрын сурет салғанда күңгірт түстерді ғана қолданатын. Қазір баланың суреті өмірдің ашық жарқын түстерімен алмасты. Жасыратыны жоқ, цифрлық білім беру жүйесінің балаға осынша әсер еретініне туған балаңа қуанғандай боласың», дейді №99 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жанат Найманғазинова.

Дәстүрлі һәм цифрлық форматта білім алуды біріктіретін Smart Class көрсеткен нәтижені түйіндеу үшін, TopIQ IT компаниясы мен «Алматыкітап баспасы» оқу жылының аяқталуын күтті. Халықаралық бала құқығын қорғау күнімен тұспа-тұс келген қорытынды білім саласындағы өзекті мәселелер – барлық балаға білім алуға теңдей жағдай жасау, ерекше балалардың қоғаммен етене араласуы және оқушылардың жасанды интеллектіні қолдану барысында жеке дерегін қорғау, омыртқасы қисайып кетпеуін, жүйке жүйесі мен көзіне зиян келмеуін қадағалау мәселелері шешілетінін көрсетті.

Жазғы демалыста балаларға арналған 11 мыңнан аса орталық жұмыс істейді

Екі айдағы сынақтың жағымды жаңалығын ата-анаға, жалпы қоғамға бөлісу мақсатында смартсыныпқа Қазақстанның танымал журналисті Гүлбану Әниятқызы және оның ән салғанды жақсы көретін ерекше баласы Айтұмар Сәрсенбек арнайы қонаққа шақырылды. Smart Class педагогі Айтұмардың диагнозына сай бағдарлама дайындап, өнерлі қызға мектеп оқушыларымен бірге сабақ өткізді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Екібастұз қаласындағы 5 000-ға жуық баланы тегін оқытатын «Самғау» орталығы туралы жазған болатынбыз. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:120
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Маусым 2026 15:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары