Жүктілікке және босануға әлеуметтік төлемді арқылы қалай алуға болады?
Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ eGov.kz порталы арқылы жүктілікке және босануға әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш беруге болатынын хабарлады.
Болашақ аналар eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді алу үшін өтініш бере алады.
Қызмет көрсету мерзімі - 8 жұмыс күні. Қызмет нәтижесі сомасы көрсетілген төлем тағайындау туралы хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап eGov.kz порталының жеке кабинетіне және eGov mobile қосымшасының Хабарламалар бөліміне жіберіледі.
Онлайн өтінімді сәтті беру үшін медициналық ұйым еңбекке жарамсыздық парағы жайлы ақпаратты Жүкті әйелдер тізімінің жүйесіне енгізгені маңызды, ал болашақ ана туралы электрондық мәліметтерді жұмыс берушінің кадр қызметі Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде толтыруы керек.
Осылайша Қазақстанда болашалақ аналар ең қажетті әлеуметтік төлемді алатын құжаттарды мемлекеттік органдарға бармай-ақ қашықтан ресімдей алады.
Публикация от Egov.kz (@egov.kz)
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бүгін, 15:03
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:87
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 15:54 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















