Жұмыс істемейтін әкелердің декреттік демалысы зейнетақы тағайындау кезінде есепке алынады
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Қабылданған заң аясында кәмелет жасына толмаған балаларға нақты күтім жасаған уақыт енді жұмыс істемейтін әкелердің жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде еңбек өтіліне есептелетін болады. Тиісті нақтылаулар Конституциялық соттың нормативтік қаулысын іске асыру мақсатында Әлеуметтік кодекске енгізіледі, деп хабарлайды Arasha.kz.
Сонымен қатар депутаттардың ұсынысы бойынша жұмыс берушінің бастамасымен жалғызбасты ата-аналарға (жынысына қарамастан) қатысты еңбек шартын бұзуға тыйым салынады. Осыған байланысты «жалғызбасты аналар» ұғымы «жалғызбасты ата-ана» деп өзгертіледі.
Бұдан бөлек, мәслихаттардың құзыреті типтік ережелер негізінде «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша толықтырылады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:40
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Ақпан 2026 11:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















