Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды ТЖМ

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды

“Үйде жалғыз қалғанда 2” фильмінің жұлдызы қайтыс болды

Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады

Ақ үй жанжалы: Трамптың сөздерін бәске салған

Алаяқтар азаматтарды қылмысқа қалай тартады?

Нұртөре Жүсіп: Надандық пен адамдық мәңгілік майдан

Қарағандыда мерекелік іс шара кезінде робот ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды

“Демалыс шокқа айналды“. Демалушылар Бурабайдың ластануына шағымданды

Украина Қарулы күштерінің 68 000 нан астам сарбазы Ұлыбританияда дайындықтан өтті

​FlyArystan таразысы 7,1 кг орнына 12 кг көрсеткен: жолаушы қол жүгін тексеруге қатысты шағымданды

Тамара Асар мерейтойында ерекше сый алғанын айтты

Жүргізуші куәлігі бойынша нұсқаулық немен жүруге болады, неше жастан бастап және автомектеп қашан қажет емес

Жүргізуші куәлігі бойынша нұсқаулық немен жүруге болады, неше жастан бастап және автомектеп қашан қажет емес

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Қазақстанда мопедтер мен жеңіл көліктерден бастап жүк көліктеріне, автобустар мен қоғамдық көліктерге дейінгі жүргізуші куәлігінің оннан астам санаты бар.

Қазақстанда мопедтер мен жеңіл көліктерден бастап жүк көліктеріне, автобустар мен қоғамдық көліктерге дейінгі жүргізуші куәлігінің оннан астам санаты бар.

Tengri Auto санаттардың айырмашылығын, оларды неше жастан бастап алуға болатынын және автомектептен бөлек оқудың қандай балама жолдары барын түсіндіреді.

Мотоциклшілер мен байкерлерге арналған санат

"A" санаты мотоциклдерді басқаруға мүмкіндік береді және ол қуаттылығы жоғары екі дөңгелекті көлікті ұнататындарға арналған.

Оларға салмағы төрт жүз келіден аспайтын және цилиндр көлемі елу текше сантиметрден асатын көлік құралдары жатады.


Фото:depositphotos.com
Мұндай куәлікті тек 18 жастан бастап алуға болады.

Жасөспірімдерге арналған санат

Егер сіз 18 жасқа толмасаңыз, бірақ екі дөңгелекті көлік тізгіндегіңіз келсе, "А1" санатына тапсыра аласыз.

Ол жылдамдығы сағатына 50 шақырымнан асатын, қозғалтқыш көлемі 125 текше сантиметрге дейінгі және қуаттылығы 11 киловатқа дейінгі мопедтерді басқаруға мүмкіндік береді.

Фото:depositphotos.com

Бұл кіші санатты 16 жастан бастап алуға болады. Айта кетейік, ол елімізде айтарлықтай танымал: ІІМ деректері бойынша, 2026 жылдың алғашқы төрт айында 603 адам емтихан тапсырып, куәлік алса, 592 үміткер сынақтан өте алмаған.

Егер сізде "А" санаты болса, онда "А1" кіші санатына жататын көліктерді басқаруға құқылы екеніңізді айта кеткен жөн.

Автокөлік жүргізушілеріне арналған санат

"B" санаты - ең көп сұранысқа ие санат, өйткені ол жеңіл автомобильдерді басқаруға мүмкіндік береді. Бұл санатты алғаннан кейін сіз салмағы 3500 келіден аспайтын және жүргізушіні қоспағанда, отыратын орны 8-ден аспайтын автокөлікті басқара аласыз.

Фото:depositphotos.com

Мұндай куәлікті тек 18 жасқа толғандар алады.

Квадроциклдер мен трициклдерге арналған санат

"B1" кіші санаты квадроциклдер мен трициклдерді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай санатты 18 жастан бастап алуға болады.

Тіркемесі бар автомобильдерге арналған санат

"BE" санаты салмағы 750 келіден асатын ауыр тіркемесі бар "B" санатындағы автомобильдерді басқаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл санат автомобиль мен тіркеменің жалпы салмағы 3500 келіден асқан жағдайда да қажет болады.

Бұл санатты тек "B" санаты бойынша бір жылдық жүргізуші өтілі болған жағдайда ғана ашуға болады.

Тіркемелерге арналған санат

"E" санаты ауыр тіркемелермен жүруді жоспарлайтын жүргізушілерге қажет.

Мұндай санатты ашу үшін алдымен негізгі санатты алу және кемінде бір жыл жүргізуші өтілі болуы керек.

Жүк көліктеріне арналған санат

"C" санаты салмағы 3500 келіден асатын ірі жүк көліктерін басқаруды жоспарлайтындарға арналған. Сондай-ақ мұндай куәлікпен салмағы 750 келіге дейінгі шағын тіркемесі бар жүк көлігін жүргізуге болады.

Бұл санатқа емтиханды тек 21 жастан бастап тапсыруға болады. Бұл ретте жүргізушінің кемінде үш жыл өтілі болуы керек, оның ішінде "C1" кіші санатындағы көлікті кемінде бір жыл басқаруы тиіс.

Орташа жүк көліктеріне арналған кіші санат

"C1" кіші санаты салмағы 3500-ден 7500 келіге дейінгі жүк көліктерін басқарғысы келетіндерге қолайлы. Сондай-ақ салмағы 750 келіге дейінгі шағын тіркемені пайдалануға рұқсат етіледі.

Бұл кіші санатты 18 жастан бастап алады.

Автобустарға арналған санат

"D" санаты жүргізушіні қоспағанда, 8-ден астам жолаушы орны бар автобустарды басқару құқығын береді. Сонымен қатар салмағы 750 келіге дейінгі тіркемені пайдалануға болады.

Мұндай санатты 23 жастан бастап алуға болады. Сондай-ақ кемінде үш жыл жүргізуші өтілі және "D1" кіші санатындағы көлікті кемінде бір жыл басқару тәжірибесі талап етіледі.

Тіркемесі бар автобустарға арналған санат

"DE" санаты ауыр тіркемелері бар автобустарды, сондай-ақ тіркемелі (гармошка) автобустарды басқаруға арналған.

Бұл санатқа тек "D" санатымен бір жылдық жұмыс өтілінен кейін ғана тапсыруға болады.

Шағын автобустарға арналған кіші санат

"D1" кіші санаты жүргізушіні қоспағанда, сыйымдылығы 8-ден 16 жолаушыға дейінгі автобустарды басқару құқығын береді.

Мұндай кіші санатты кемінде үш жыл жүргізуші өтілі болған жағдайда 21 жастан бастап алуға болады.

Тіркемесі бар шағын автобустарға арналған кіші санат

"D1E" кіші санаты "D1" кіші санатындағы автобустарды салмағы 750 келіден асатын тіркемемен басқару құқығын береді, егер ол жолаушылар тасымалдауға арналмаған болса.

Мұндай кіші санатты "D" немесе "D1" санаттарымен кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда алуға болады.

Қоғамдық электр көлігіне арналған санат

"F" санаты трамвай және троллейбус жүргізушілеріне арналған. Бұл санатты 21 жастан алады.

Фурулар мен ауыр тіркемелерге арналған санат

"CE" санаты салмағы 750 келіден асатын тіркемесі бар "C" санатындағы жүк автомобильдерін басқару құқығын береді.

Мұндай санатты "C" санатымен кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған соң алуға болады.

Тіркемесі бар орташа жүк көліктеріне арналған кіші санат

"C1E" кіші санаты салмағы 750 келіден асатын тіркемесі бар "C1" кіші санатындағы жүк көліктерін басқаруға мүмкіндік береді. Бұл ретте құрамның жалпы салмағы 12 мың келіден аспауы тиіс.

Мұндай кіші санатты "C" немесе "C1" санаттарымен бір жыл жұмыс өтілінен кейін ашуға болады.

Әртүрлі санаттағы жүргізуші куәлігін қалай алуға болады?

Жүргізуші куәліктерінің басым бөлігін келесі жолмен алуға болады. Алдымен - автомектепте оқып, оны бітіргені туралы сертификат алу, содан кейін - мамандандырылған ХҚО бөлімшесінде теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру қажет.

Қандай құжаттар қажет?

Жүргізуші куәлігін алғаш рет алу немесе жаңа санатты ашу үшін мамандандырылған ХҚО-ға мыналарды ұсыну қажет:

жеке куәлік; № 073/у медициналық анықтамасы; автомектепті бітіргені туралы куәлік; мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртек.

Кейбір санаттарды, мысалы, "C", "D", "D1", "Tm" және "Tb" санаттарын ашу үшін қосымша жұмыс орнынан жүргізуші өтілін растайтын анықтама қажет болады.

Егер жүргізуші куәлігінен айырылған болса, айыру мерзімі аяқталғаннан кейін куәлікті қайтару үшін тек теориялық емтихан тапсыру керек.

Жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі өткеннен кейін оны ауыстыру кезінде емтиханды қайта тапсырудың қажеті жоқ.

Ал Қазақстанда шетелдік жүргізуші куәлігін алмастыру кезінде теориялық емтихан тапсыру талап етіледі.

Балама әдістер: әскер және ЖОО

Дегенмен, жүргізуші куәлігін алудың басқа да жолдары бар. Мысалы, автомектептің орнына жоғары немесе арнаулы орта оқу орындарында автомобиль-трактор мамандығы бойынша оқуға болады.

Егер адам мұндай оқу орнын бітірген болса, оған автомектепте қайта оқудың қажеті жоқ.

Мұндай жағдайда "А" және "В" санаттарын алу үшін:

дипломның көшірмесін; семестрлік және емтихандық ведомостардан үзінділерді; дипломға қосымшаны ұсынып; Тіркеу-емтихан бөлімінде (РЭП) теориялық және практикалық емтихандарды тапсыру керек.

Қазақстанда жүргізуші куәлігін тек автомектеп арқылы ғана емес, әскерде қызмет ету кезінде де алуға болады.

Әскери қызметшілерді арнайы оқу орталықтарында, әскери бөлімдерде және әскери-техникалық мектептерде оқытады. Оқу кезінде болашақ жүргізушілер жол жүрісі қағидаларын, автомобильдің құрылысын, қауіпсіз жүргізу негіздерін, ЖКО кезінде алғашқы көмек көрсетуді үйренеді, сондай-ақ көлік жүргізу бойынша практикалық сабақтардан өтеді.

Оқыту автодромдар мен оқу бағыттарындағы теорияны да, практиканы да қамтиды. Дайындықтан кейін әскери қызметшілер теориялық және практикалық емтихандар тапсырады.

Мысалы, әскерде "A" және "B" санаттарын 18 жастан бастап алуға болады. "C" санатын да 18 жастан бастап ашуға болады, бірақ кейбір басқа санаттарды басқаруда кемінде алты ай өтіл болуы тиіс. "D" санаты үшін 20 жастан асу керек және жүргізуші ретінде кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі қажет.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Маусым 2026 10:05
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

АҚШ та 400 мыңға жуық қайтыс болған адам әлі де сайлаушылар тізімінде тұр

17 Шілде 2026 23:10see115

Қауіп төндірді . Қазақстандықтардың шағымынан кейін қауіпті нысан бұзылды

18 Шілде 2026 17:24see114

ӘЧ 2026 Испания мен Аргентина арасындағы финалдық ойын ​кейінге ​шегерілуі мүмкін

17 Шілде 2026 23:48see114

Алматы облысында реновация бағдарламасы бойынша 22 үй бұзылады мекенжайлар тізімі

18 Шілде 2026 10:09see113

Павлодар маңынан төрт мың жылдық бірегей қорым табылды

18 Шілде 2026 09:47see113

Air Astana дағы миллиардтық жымқыру: апелляция үкімді күшінде қалдырды

18 Шілде 2026 11:21see111

Астана тұрғыны СОБР қызметкерлері өзін аяусыз соққыға жыққанын айтып шағымданды

17 Шілде 2026 18:31see110

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды ТЖМ

18 Шілде 2026 12:21see108

Ертеңгі маманның бүгінгі қадамы

18 Шілде 2026 05:05see108

Төрт айда 80 рет жол ережесін бұзған: Астана тұрғыны 15 тәулікке қамауға алынды

17 Шілде 2026 19:41see107

“Үйде жалғыз қалғанда 2” фильмінің жұлдызы қайтыс болды

17 Шілде 2026 18:59see107

Көбейтұз көлі ерекше қорғалатын табиғи аумаққа айналады

17 Шілде 2026 19:14see105

Ақ үй жанжалы: Трамптың сөздерін бәске салған

17 Шілде 2026 23:49see105

Алаяқтар азаматтарды қылмысқа қалай тартады?

18 Шілде 2026 13:31see104

Нұртөре Жүсіп: Надандық пен адамдық мәңгілік майдан

18 Шілде 2026 14:51see104

Қарағандыда мерекелік іс шара кезінде робот ит алимент төлемей жүрген азаматты таныды

19 Шілде 2026 12:28see103

“Демалыс шокқа айналды“. Демалушылар Бурабайдың ластануына шағымданды

18 Шілде 2026 09:57see103

Украина Қарулы күштерінің 68 000 нан астам сарбазы Ұлыбританияда дайындықтан өтті

18 Шілде 2026 15:25see103

​FlyArystan таразысы 7,1 кг орнына 12 кг көрсеткен: жолаушы қол жүгін тексеруге қатысты шағымданды

17 Шілде 2026 23:47see103

Тамара Асар мерейтойында ерекше сый алғанын айтты

18 Шілде 2026 00:39see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары